Жаңалықтар

Жаңаша ойлайтын зиялы қауым бас көтерді

Мақаланың түйінінде автор «Азаттың» айырмасын көрсететін негізгі тұжырымдарын келтіреді: «Азат» қозғалысының бағыты: қазақтың ұлттық рухани және материялдық игілігіне жанашырлық танытқан республикамыздағы әр ұлт өкілі – қазақ халқының досы саналмақ. Бұл жағынан «Азат» қазақтың көне философиялық ой-тұжырымын тиянақ етеді. «Ешкімнің шынжырына да көнбе, шуда жібін де үзбе!». Дәл сол кезде әлі толық тәуелсіздік алмаған ел басылымында мұндай саяси өткір мақалалардың жариялана бастауының өзі – автордың да, газеттің де батылдығын көрсететін дәлел деуге толық негіз бар. Сәбетқазы Ақатайдың «Тәуелсіздік – біздің түпкі мақсатымыз» атты орыс зиялыларына ашық хатында қозғалған мәселелер де назар аударарлық. Автор көптің көкейінде жүрген ойларды айтады. Алып империядан арқан үзудің мақсатындағы қазақ халқы мүддесімен сабақтас талаптар бұл: «...Сондықтан да мен Қазақстан Президентін бізді, қазақтар мен бейбіт қазақстандықтарды, «біздің адамдарымыздан» қорғау үшін өз құзырына тәуелді меншік республикалық әскер бөлімдерін, Ішкі істер министрлігін, Мемлекет қауіпсіздігі комитетін құруға шақырамын. Орыс адамдары! Алдауға, қайыршылық пен құқықсыздыққа бірауыздан жоқ делік! Қатігез империя керек емес! Тең ұлттардың ынтымағы жасасын! Менің бұл хатымды Отаннан зорлықпен айрылған, Отанын аса сағынған «бұратананың» жан даусы деп қабылдаңыздар». 1986 жылдан басталған заман ағымы тоқсаныншы жылдары өзіне лайық арналар таба бастады. Жаңаша ойлайтын зиялы қауым бас көтерді. Халық таптаурынды болған сөз-толғамдардан жалығып, әлденеден үміт күтіп, әйтеуір, бір жаңалыққа құмарлығын танытты. Шындығында жаңалыққа құмар халыққа қоғамды алға сүйрейтін өзекжарды өткір ойлар керек еді. Философ-ғалым С. Ақатайдың жан даусы - өмір ағымының өзі туғызған дауыс болатын. 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы бар құжат – Декларация қабылданды. Бірақ Қазақстанның осындай мәртебеге ие болғанына, сырттан көз алартушыларды былай қойғанда, ішкі жаулар да шыға бастады. «Казак-орыс съезін өткіздірмейміз!» деген тақырыппен жарияланған хат соның көрінісі. Оған Орал облысы, Тайпақ ауданы «Қазақ тілі» қоғамының 26 мүшесі қол қойған. Редакцияға хатта: «Возрождение» атты орыс-казак қоғамының бастамасымен Ресейдің әртүрлі орталық қалаларымен облыс орталығы Орал қаласында орыс-казак съезін өткізуді жоспарлаған хабары бізді қатты алаңдатуда.
28.07.2013 16:16 3451

Мақаланың түйінінде автор «Азаттың» айырмасын көрсететін негізгі тұжырымдарын келтіреді:

«Азат» қозғалысының бағыты: қазақтың ұлттық рухани және материялдық игілігіне жанашырлық танытқан республикамыздағы әр ұлт өкілі – қазақ халқының досы саналмақ. Бұл жағынан «Азат» қазақтың көне философиялық ой-тұжырымын тиянақ етеді. «Ешкімнің шынжырына да көнбе, шуда жібін де үзбе!». Дәл сол кезде әлі толық тәуелсіздік алмаған ел басылымында мұндай саяси өткір мақалалардың жариялана бастауының өзі – автордың да, газеттің де батылдығын көрсететін дәлел деуге толық негіз бар.

Сәбетқазы Ақатайдың «Тәуелсіздік – біздің түпкі мақсатымыз» атты орыс зиялыларына ашық хатында қозғалған мәселелер де назар аударарлық. Автор көптің көкейінде жүрген ойларды айтады. Алып империядан арқан үзудің мақсатындағы қазақ халқы мүддесімен сабақтас талаптар бұл:

«...Сондықтан да мен Қазақстан Президентін бізді, қазақтар мен бейбіт қазақстандықтарды, «біздің адамдарымыздан» қорғау үшін өз құзырына тәуелді меншік республикалық әскер бөлімдерін, Ішкі істер министрлігін, Мемлекет қауіпсіздігі комитетін құруға шақырамын.

Орыс адамдары! Алдауға, қайыршылық пен құқықсыздыққа бірауыздан жоқ делік! Қатігез империя керек емес! Тең ұлттардың ынтымағы жасасын! Менің бұл хатымды Отаннан зорлықпен айрылған, Отанын аса сағынған «бұратананың» жан даусы деп қабылдаңыздар».

1986 жылдан басталған заман ағымы тоқсаныншы жылдары өзіне лайық арналар таба бастады. Жаңаша ойлайтын зиялы қауым бас көтерді. Халық таптаурынды болған сөз-толғамдардан жалығып, әлденеден үміт күтіп, әйтеуір, бір жаңалыққа құмарлығын танытты. Шындығында жаңалыққа құмар халыққа қоғамды алға сүйрейтін өзекжарды өткір ойлар керек еді. Философ-ғалым С. Ақатайдың жан даусы - өмір ағымының өзі туғызған дауыс болатын. 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы бар құжат – Декларация қабылданды. Бірақ Қазақстанның осындай мәртебеге ие болғанына, сырттан көз алартушыларды былай қойғанда, ішкі жаулар да шыға бастады.

«Казак-орыс съезін өткіздірмейміз!» деген тақырыппен жарияланған хат соның көрінісі. Оған Орал облысы, Тайпақ ауданы «Қазақ тілі» қоғамының 26 мүшесі қол қойған. Редакцияға хатта:

«Возрождение» атты орыс-казак қоғамының бастамасымен Ресейдің әртүрлі орталық қалаларымен облыс орталығы Орал қаласында орыс-казак съезін өткізуді жоспарлаған хабары бізді қатты алаңдатуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға