Жаңалықтар

Түрік халықтарының елдік санасы

Айталық, Қазан хандығын жүз жылдық шапқыншылықтан кейін әрең бағындырған Ресей басқыншылары зорлап шоқындыру арқылы елді мүлдем тұралатуды көздеген, мұнда да дегеніне жете алмаған жағдайда солдаттарды татарларға айдап салып сабаттырған, үйлерін қираттырған, мешіт пен медреселерді ойрандатқан, кейде арандатушы миссионерлер шіркеулерді өздері өртеп, жаласын татарларға жапқан, сөйтіп патшадан бұрынғыдан да қатал бұйрықтар түсірткен. Жүздеген жылдарға созылған осындай төзгісіз зорлықтан кейін де татар халқы өмір сүруін, ағартушылық қызметін тоқтатқан жоқ. Әу бастан отырықшылыққа бейімделген сауатты ел түрлі қысымшылықтарға қарамастан, Ресейдегі мұсылман халықтарының тілінде кітап шығарудан көш басында болған. Мысалы, ХІХ ғасырда Қазан қаласы шығыс халықтарының тарихын, мәдениетін зерттейтін, мәдени мұрасын басып шығаратын аса ірі орталықтардың біріне айналған. Шығыс халықтарының ана тілінде жарияланған кітаптардың 70 пайыздан астамы Қазанда басылып тұрған. Соның ішінде бір мыңнан астам қазақ кітабы бес миллион данамен тараған. 1901-1917 жылдар арасында Кәрімовтар баспаханасында құран, әптиек және дұғалықтар  4 миллион 358 мың 200 дана болып шыққан. Түрік халықтарының елдік санасының оянуынан қауіптенген билеушілер алдыңғы қатарлы татар зиялыларын қудалауға ұшыратқан. Ғасырлар бойы қысымшылық көріп, зорлық-зомбылық салдарынан тарыдай шашырап, бүкіл дүние жүзіне тарап кетсе де татар халқының өз үнін жоғалтпай, өзіндік болмыс-бітімі мен мәдениетін сақтап қалғанын, халықтық қалпын бүгінгі күнге жеткізіп қана қоймай, неше алуан аярлықтармен түркі халқын құртып жіберудің сансыз амалы қарастырылған қысылтаяң кездердің өзінде бауырларға білім нұрын таратуда Ресейдегі түркі халықтарының көш басында болған татар ағартушыларының зор еңбегін ғалым осы кітаптағы "Рухы жығылмаған миллет" деген мақаласында ризашылықпен әңгімелей келіп: "…қазақ халқының мәдени кемелденуіне шын пейілден адал көмектесу – нағыз туыстықтың белгісі", - деп қорытындылайды (96-97-беттер). Бұдан басқа, "Ноғайлы деген ел еді", "Құмықтар", "Екіге бөлінген ұлыс", "Әзерилер азаттығы үшін", "Түрік жұртының бір сынығы", "Қырымның қилы тағдыры", "Алыс та болса жақын" деген мақалаларында автор ауыз бірлігінің жоқтығынан, зорлық-зомбылықтан күні бүгінге дейін зардап шегіп отырған туысқан халықтар жөнінде, сонымен бірге ғасырлар бойы елдігін жоғалтпаған, іргесі шайқалмаған, біртұтас Түркия туралы көрген-білгендерін, түйген пікірлерін, ой толғамдарын ортаға салады.
22.07.2013 11:20 2708

Айталық, Қазан хандығын жүз жылдық шапқыншылықтан кейін әрең бағындырған Ресей басқыншылары зорлап шоқындыру арқылы елді мүлдем тұралатуды көздеген, мұнда да дегеніне жете алмаған жағдайда солдаттарды татарларға айдап салып сабаттырған, үйлерін қираттырған, мешіт пен медреселерді ойрандатқан, кейде арандатушы миссионерлер шіркеулерді өздері өртеп, жаласын татарларға жапқан, сөйтіп патшадан бұрынғыдан да қатал бұйрықтар түсірткен.

Жүздеген жылдарға созылған осындай төзгісіз зорлықтан кейін де татар халқы өмір сүруін, ағартушылық қызметін тоқтатқан жоқ. Әу бастан отырықшылыққа бейімделген сауатты ел түрлі қысымшылықтарға қарамастан, Ресейдегі мұсылман халықтарының тілінде кітап шығарудан көш басында болған. Мысалы, ХІХ ғасырда Қазан қаласы шығыс халықтарының тарихын, мәдениетін зерттейтін, мәдени мұрасын басып шығаратын аса ірі орталықтардың біріне айналған. Шығыс халықтарының ана тілінде жарияланған кітаптардың 70 пайыздан астамы Қазанда басылып тұрған. Соның ішінде бір мыңнан астам қазақ кітабы бес миллион данамен тараған. 1901-1917 жылдар арасында Кәрімовтар баспаханасында құран, әптиек және дұғалықтар  4 миллион 358 мың 200 дана болып шыққан. Түрік халықтарының елдік санасының оянуынан қауіптенген билеушілер алдыңғы қатарлы татар зиялыларын қудалауға ұшыратқан.

Ғасырлар бойы қысымшылық көріп, зорлық-зомбылық салдарынан тарыдай шашырап, бүкіл дүние жүзіне тарап кетсе де татар халқының өз үнін жоғалтпай, өзіндік болмыс-бітімі мен мәдениетін сақтап қалғанын, халықтық қалпын бүгінгі күнге жеткізіп қана қоймай, неше алуан аярлықтармен түркі халқын құртып жіберудің сансыз амалы қарастырылған қысылтаяң кездердің өзінде бауырларға білім нұрын таратуда Ресейдегі түркі халықтарының көш басында болған татар ағартушыларының зор еңбегін ғалым осы кітаптағы "Рухы жығылмаған миллет" деген мақаласында ризашылықпен әңгімелей келіп: "…қазақ халқының мәдени кемелденуіне шын пейілден адал көмектесу – нағыз туыстықтың белгісі", - деп қорытындылайды (96-97-беттер).

Бұдан басқа, "Ноғайлы деген ел еді", "Құмықтар", "Екіге бөлінген ұлыс", "Әзерилер азаттығы үшін", "Түрік жұртының бір сынығы", "Қырымның қилы тағдыры", "Алыс та болса жақын" деген мақалаларында автор ауыз бірлігінің жоқтығынан, зорлық-зомбылықтан күні бүгінге дейін зардап шегіп отырған туысқан халықтар жөнінде, сонымен бірге ғасырлар бойы елдігін жоғалтпаған, іргесі шайқалмаған, біртұтас Түркия туралы көрген-білгендерін, түйген пікірлерін, ой толғамдарын ортаға салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға