Жаңалықтар

Түрік тілдес халықтар өмірінен жазылған бұл еңбегінде автор тарих, әдебиет, мәдениет мәселелерін құр

Сан ғасырлар бойында тартылып келген қобыз, шаңқобыз, жетігендердің бір емес, бірнеше халықта сақталуы кездейсоқ емес. Мұны бұл халықтардың арасындағы үзілген байланыстардың жанды куәлігі деп қарауға да болады. Чатыған-жетігенді әуел баста қай халық шығарды деп сарсылып іздеу шарт емес, ең бастысы – бір-біріне тілі, кәсібі, салты жақын халықтардың ортақ музыкалық аспаптарды пайдаланғандығы", - деп жазады (40-41-беттер). Түрік тілдес халықтар өмірінен жазылған бұл еңбегінде автор тарих, әдебиет, мәдениет мәселелерін құрғақ баяндап қана қоймай, реті келген жерде өткен заманалар шежіресінің бүгінгі күнмен тығыз байланысты тұстарын да назардан тыс қалдырмайды. Еңбектің құндылығы да осында деген ойдамыз. Кітаптағы "Көзқамандар туралы аңыз" деген туынды осы сөзіміздің айқын куәсі бола алады. Мұнда қырғыз фольклорының інжу-маржаны - "Манас" жырындағы оқиғаның қазіргі өмірде орын алып отырған жағдайлармен дәлме-дәл ұштасуы айтылады. Эпоста Манастың іші-бауырына кіріп, ақырында оған у беріп опат қыла жаздаған көзқамандар жәдігөйлігі, оның осы күнгі тіршілігіміздегі көрінісі авторды бей-жай қалдырмайды. Көзқамандар қайдан пайда болады дегенде, олардың өз халқының тілін білмейтін, сондықтан оны жат санайтын, іңгәлап дүниеге келгеннен ер жеткенге дейін басқа түсінік, пиғылда тәрбиеленген жандардан шығатыны, оларға өз елінің асыл қасиеттерінің бірде-бірі дарымағаны, өзін асыраған, адам қатарына қосқан халқының тағдырына дұшпанның көзімен қарап дағдыланғаны, тіпті жаратылысынан ақыл-есі бүтін болып туғанмен, мұндайлар өз елінің перзенті болып жарытпайтыны, ана тілін білмегендіктен, көзқамандардың халқының көңіліндегі мұңды, көкейкесті арманды сезбейтіні, халық даналығы жаратқан небір әсем ән, құдыретті күй, аталар сөзі, ғибрат, нақыл бұларға әсер етпейтіні, эпостағы көзқамандар жырақ жерлерде өскендер болса, олардың қазіргі замандағы "ізбасарлары" өз елінде жүріп-ақ жатбауыр болып қалыптасқаны жеріне жеткізе айтылады. Автор мұндайлардан сақ болу қажеттігін де ескертеді. "Отандастарымыз өз арамызда жүрген, ұлт мұратын қиып жіберетін, елге опасыздығына ұялмай, қайта өздерін озық өркениет жаршылары деп қарайтындардың осы заманның көзқамандары екенін таныса, олардан сақтанудың жолын да іздеп табар еді.", - деген тілегін де білдіреді (50-51-беттер).  Жалпы, Рақаңның публицистикалық туындыларымен жақынырақ танысқан әрбір адам оның сонау бір замандарда іргесі сөгілмей, айбары күшті ел болып отырған, кейін небір қилы оқиғалардың әсерімен бытырап кеткен түркі жұртының бір-бірімен байланысы нығайса, бауырлас халықтардың бір-біріне барыс-келістері көбейсе, бірінде бар игілікті екіншісі қабылдап, рухани байып, үлкен мұраттар көздеп, тізе қосып қимылдаса, дұшпанына дегенін істеткен мығым қалпын қайта тапса деген түпкі ойы мен арман-мақсатын сезінгендей болады.
22.07.2013 10:33 4201

Сан ғасырлар бойында тартылып келген қобыз, шаңқобыз, жетігендердің бір емес, бірнеше халықта сақталуы кездейсоқ емес. Мұны бұл халықтардың арасындағы үзілген байланыстардың жанды куәлігі деп қарауға да болады. Чатыған-жетігенді әуел баста қай халық шығарды деп сарсылып іздеу шарт емес, ең бастысы – бір-біріне тілі, кәсібі, салты жақын халықтардың ортақ музыкалық аспаптарды пайдаланғандығы", - деп жазады (40-41-беттер).

Түрік тілдес халықтар өмірінен жазылған бұл еңбегінде автор тарих, әдебиет, мәдениет мәселелерін құрғақ баяндап қана қоймай, реті келген жерде өткен заманалар шежіресінің бүгінгі күнмен тығыз байланысты тұстарын да назардан тыс қалдырмайды. Еңбектің құндылығы да осында деген ойдамыз. Кітаптағы "Көзқамандар туралы аңыз" деген туынды осы сөзіміздің айқын куәсі бола алады. Мұнда қырғыз фольклорының інжу-маржаны - "Манас" жырындағы оқиғаның қазіргі өмірде орын алып отырған жағдайлармен дәлме-дәл ұштасуы айтылады. Эпоста Манастың іші-бауырына кіріп, ақырында оған у беріп опат қыла жаздаған көзқамандар жәдігөйлігі, оның осы күнгі тіршілігіміздегі көрінісі авторды бей-жай қалдырмайды. Көзқамандар қайдан пайда болады дегенде, олардың өз халқының тілін білмейтін, сондықтан оны жат санайтын, іңгәлап дүниеге келгеннен ер жеткенге дейін басқа түсінік, пиғылда тәрбиеленген жандардан шығатыны, оларға өз елінің асыл қасиеттерінің бірде-бірі дарымағаны, өзін асыраған, адам қатарына қосқан халқының тағдырына дұшпанның көзімен қарап дағдыланғаны, тіпті жаратылысынан ақыл-есі бүтін болып туғанмен, мұндайлар өз елінің перзенті болып жарытпайтыны, ана тілін білмегендіктен, көзқамандардың халқының көңіліндегі мұңды, көкейкесті арманды сезбейтіні, халық даналығы жаратқан небір әсем ән, құдыретті күй, аталар сөзі, ғибрат, нақыл бұларға әсер етпейтіні, эпостағы көзқамандар жырақ жерлерде өскендер болса, олардың қазіргі замандағы "ізбасарлары" өз елінде жүріп-ақ жатбауыр болып қалыптасқаны жеріне жеткізе айтылады. Автор мұндайлардан сақ болу қажеттігін де ескертеді. "Отандастарымыз өз арамызда жүрген, ұлт мұратын қиып жіберетін, елге опасыздығына ұялмай, қайта өздерін озық өркениет жаршылары деп қарайтындардың осы заманның көзқамандары екенін таныса, олардан сақтанудың жолын да іздеп табар еді.", - деген тілегін де білдіреді (50-51-беттер). 

Жалпы, Рақаңның публицистикалық туындыларымен жақынырақ танысқан әрбір адам оның сонау бір замандарда іргесі сөгілмей, айбары күшті ел болып отырған, кейін небір қилы оқиғалардың әсерімен бытырап кеткен түркі жұртының бір-бірімен байланысы нығайса, бауырлас халықтардың бір-біріне барыс-келістері көбейсе, бірінде бар игілікті екіншісі қабылдап, рухани байып, үлкен мұраттар көздеп, тізе қосып қимылдаса, дұшпанына дегенін істеткен мығым қалпын қайта тапса деген түпкі ойы мен арман-мақсатын сезінгендей болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға