Кезінде Солтүстік альянстың бомбасынан қирап бүлінген, осы уақытқа дейін үйсіз-күйсіздердің баспанасына айналған Муаммар Кадафидің Триполи қаласындағы сарайының орнына ел билігінің шешімімен саябақ салынатын болды. Бұл жайында RT хабар таратты, деп жазады Мuslim.kz.
Ел билігі оның орнына кітапхана, театр немесе соғыс құрбандарына арналған ескерткіш орнатпақ болған ойларынан айнып қалды.
Осынау араб елін 40 жылдан аса уақыт басқарып келген Муаммар Кадафи 2011 жылы, қазан айының 20-сы күні өзі туып-өскен Сирт қаласында көтерілісшілердің қолынан қаза тапқан еді. Оның орнынан кетуін талап еткен шерудің соңы азаматтық соғысқа ұласып, Солтүстік альянс күштерінің араласуымен әрең басылған еді.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға