«Астана» футбол клубының тәрбиеленушілері Новосібірдегі фестивалге қатысып жатыр
Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның 15 қаласынан командалар қатысқан. Астаналықтар «Чита», «Улан-Удэ» және Новокузнецкінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Металлург-Запсив» командаларымен бір топта өнер көрсетті.
Бұл сында бапкерлер Қайрат Тоқсанбаев пен Виктор Балтабаев - Алмас Құланов, Диас Мұратов, Алмас Жаңабек, Райым Дәукен, Диас Мештаев, Марат Жүнісов, Дәурен Баймұханов, Рахат Садығұлов, Бекдос Мұхаметәлім, Бахтияр Таукенов, Азамат Досов, Мадияр Мұсаев, Роман Панчук пен Валихан Тюлюповқа сенім артқан болатын. Олар читалықтармен 1:1 есебімен тең түскенімен новокузнецкіліктерден 0:5, улан-удэліктерден 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
ҚазАқпарат.