«ӘКЕМ» сияқты болғым келеді... (ФОТО)
Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жұлдыз пайда болды. Ол әйгілі маркалы киімдер мен көзілдіріктер тағып, камераға түскенді ұнатады. Бір қызығы бұл сәнқой бар болғаны 5 жаста екен.
Алонсо Матео ата-анасымен бірге АҚШ-та тұрады. Оның анасы Harper’s Bazaar Mexico және Latin America сауда орындарында стилист болып жұмыс істейді. Ол алғаш рет баласының суретін Instagram әлеуметтік желісіне салған уақытта, 127 000 пайдаланушы хат жазған көрінеді. Алонсоның әкесі жеке кәсіпкер, сондықтан баланың тәрбиесіне көңіл бөлуге қолы тие бермейді. Балаға киім таңдауға көбінесе шешесі көмектеседі. Әкесінің жүріс-тұрысы мен киген киімін ұнататын жас жұлдыз: «Мен әкем сияқты киінгім келеді, өйткені, менің әкем өте сұлу әрі сымбатты!» дейді. Бұл сөзін ол мақтанышпен айтады.
Баланың ересектерше киінгенін екінің бірі ұната бермейді. Сондықтан кейбір суреттерге сын пікірлер айтылған. Мәселен, «Сіздер баланың санасын дүниемен улап жатырсыздар. «Тамағы тоқ, көйлегі көк», еш уайымсыз, өзін жұлдыз сезініп өскен бала қоғамға сіңісуі өте қиын болады» деген сындар кездеседі.
Алайда, баланың анасы өз дегенінен қайтар емес: «Бала өзіне ұнағанын алуы керек. Қымбат не арзан киім таңдасын, ол маңызды емес. Бастысы менің балам бұдан рахат алады және «оның санасы дүниемен уланады» деген жаңсақ пікірлермен келіспеймін. Оның кез келген іс-әрекеті өте сүйкімді, ал мұның артында баланың пәк табиғаты мен қылықтарының әзілге негізделгенін ұғу қиын емес. Бұған қоса, ол суретке түскенді ұнатып жатса, оған қой деп айтуға қалай ғана аузым барсын», дейді анасы.
Baq.kz