Жаңалықтар

Есірткі ежелгі заманда болған - ғалымдар

Мыңдаған жыл бұрын тастарға қашалған суреттерді ежелгі адамдар есірткінің мастығынан салған дейді жапон ғалымдары. Олардың пікірінше, алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде адамзат баласы басты айналдырып, есті кетіретін шөптерді пайдаланған. Бұл жайында The Daily Mail хабарлап отыр.  Бүгінгі күнге дейін осынау жартастағы бейнелерді тарихшылар ежелгі адамдардың өмірге деген көзқарасын білдіреді деп түсіндіріп келеді. Алайда, бүкіл әлемдегі аталған жәдігерлерді зерттеп шыққан Токио университетінің ғалымдары бұл пікірмен келіспейді. Бүгінгі күннің нашақорларына үш түрлі тест жүргізіп көрген олар ортақ ұқсастық тапқандарын айтып отыр. Яғни, ғалымдар нашақорларға есірткі беріп, мас болған сәттерінде сурет салғызған. Нәтижесінде ежелгі адам мен бүгінгі нашақордың салған суреттерінде айырмашылық өте аз болыпты. "Алғашқы қауым адамдары сенім-нанымдарына байланысты түрлі рәсімдер өткізген. Сол сәтте олар құрамында есірткісі бар шөптерді пайдалануы әбден мүмкін. Мас күйге ұшырағаннан кейін көз алдына келген суреттерді тасқа қашап түсірген" дейді Такаши Икегами.  Baq.kz
17.07.2013 05:15 6757

Мыңдаған жыл бұрын тастарға қашалған суреттерді ежелгі адамдар есірткінің мастығынан салған дейді жапон ғалымдары. Олардың пікірінше, алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде адамзат баласы басты айналдырып, есті кетіретін шөптерді пайдаланған. Бұл жайында The Daily Mail хабарлап отыр. 

Бүгінгі күнге дейін осынау жартастағы бейнелерді тарихшылар ежелгі адамдардың өмірге деген көзқарасын білдіреді деп түсіндіріп келеді. Алайда, бүкіл әлемдегі аталған жәдігерлерді зерттеп шыққан Токио университетінің ғалымдары бұл пікірмен келіспейді. Бүгінгі күннің нашақорларына үш түрлі тест жүргізіп көрген олар ортақ ұқсастық тапқандарын айтып отыр. Яғни, ғалымдар нашақорларға есірткі беріп, мас болған сәттерінде сурет салғызған. Нәтижесінде ежелгі адам мен бүгінгі нашақордың салған суреттерінде айырмашылық өте аз болыпты.
"Алғашқы қауым адамдары сенім-нанымдарына байланысты түрлі рәсімдер өткізген. Сол сәтте олар құрамында есірткісі бар шөптерді пайдалануы әбден мүмкін. Мас күйге ұшырағаннан кейін көз алдына келген суреттерді тасқа қашап түсірген" дейді Такаши Икегами. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға