Жаңалықтар

Тарих ғылымын жаңғырту керек – сарапшы

Тарих ғылымын жаңғырту керек, деп мәлімдеді BNews.kzтілшісіне «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының атқарушы директоры Радик Темірғалиев. Сарапшының айтуынша, біріншіден оқулықтарды жаңғырту керек. «Олар шынымен де фактілерге толы. Мен кезінде мектепте оқып, Қазақстан тарихы пәнінен бестік алғанда, маған: «Тарих – оңай пән» деп айтатын. Ал қазір керісінше оқушылар тарих пәнін ұнатпайды», - деді ғалым. Дегенмен, проблема шешілуде: ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан тарихының екі базалық оқулығын оқу процесіне қосу және дайындау жоспарын бекітті. Олар ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарих пен тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы оқулықтары. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 маусымында Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.  
24.06.2013 12:57 3895

Тарих ғылымын жаңғырту керек, деп мәлімдеді BNews.kzтілшісіне «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының атқарушы директоры Радик Темірғалиев.

Сарапшының айтуынша, біріншіден оқулықтарды жаңғырту керек. «Олар шынымен де фактілерге толы. Мен кезінде мектепте оқып, Қазақстан тарихы пәнінен бестік алғанда, маған: «Тарих – оңай пән» деп айтатын. Ал қазір керісінше оқушылар тарих пәнін ұнатпайды», - деді ғалым. Дегенмен, проблема шешілуде: ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан тарихының екі базалық оқулығын оқу процесіне қосу және дайындау жоспарын бекітті. Олар ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарих пен тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы оқулықтары.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 маусымында Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға