Жаңалықтар

ХХХІІ бөлім

Қ.Жұмадiловтiң “Тағдыр” атты романы—Шығыс Түркiстанды жайлаған қазақтардың бұрынғы-соңғы өмiрi туралы жазылған туындылардың бiрi. Оқырманның әрбiр жаңа туындыдан, ең алдымен екi түрлi сонылық iздейтiн анық. Олар: шығармада белгiлi бiр дәуiрдегi халық өмiрiнiң нақтылы жағдайы мен бағдарын танытатын өмiрлiк деректердiң болуы және солардың көркемдiк қиялмен қорытылып, типтендiрiлiп, қаһармандар тағдыры арқылы берiлуi. Көркем әдебиеттiң танытқыштық және эстетикалық қасиетi осы шарттардың қаншалықты iске асқанынан көрiнiп отырмақ. “Тағдыр” романы бұл биiк талаптарға толығымен жауап беретiн сындарлы, татымды туынды болып шыққанын алдымен атап өту керек. Кейде тарихшылар бармаған тақырыптарға суреткерлер қалам тартатыны кездесiп отыратын шындық. Бұл жолы да солай болған. шыңжаңдағы қазақтардың ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы тағдыр жолдарын Қ.Жұмадiлов романы жан-жақты таныстыра алады, тарихи кiтаптардан таба бермейтiн тың, қызғылықты мағлұматтармен оқырман бiлiмiн байытады. “Тағдыр” романының оқиғалық сүйегi аса бiр күрделi кезең шындығына құрылған. Ол Орталық Азияны тiкелей өз меншiгiне айналдырған Қытай мен патшалық Ресейдiң Шығыс Түркiстанның қазақтар жайлаған жерлерiнен екi империяның шекарасын белгiлеу жөнiндегi iстерi және осы шешiмнiң бұл өлкенi ертеден қоныстанып келген көшпелi жұртты қақ бөлiп жiбергенi, Қытайдың қарауына түсiп қалғандардың бұдан кейiнгi ахуалы. Осы оқиғадан туындаған қасiреттердiң алуан түрлерi романда сенiмдi баяндалады. Бұдан қазақ секiлдi елдiң өз жерлерiнде, ата қонысында жүрсе де, өгейлiктен құтылмағаны, бұл халықтың көкейiндегi аңсарын ешкiмнiң де бiлгiсi келмейтiнi, қазақ қауымының өз iшiнде ел мүддесiн қорғайтын күштер мен құрылымдардың қалыптасып үлгермегенi, сол үшiн оған кез келген қарулы топтасқан жасақтың зорлық жасап үйренгенi, жергiлiктi атқамiнерлердiң мансапқорлығы, бiр-бiрiмен алауыздығы, жұртшылық сөзiн сөйлеуге қабiлеттi ер-азаматтардың осындай қалың қайшылықты жеңе алмай, бармағы тiстеулi кетiп отыратыны тәрiздi алуан құбылыстар көрiнедi. Екi империяның арасына қағылған шекара қадалары қазақ сынды елдiң бұдан былайғы тұтастығын мүлде бөлiп жiберетiнiн билеушiлердiң ешқайсысы ойлап, бас қатырып жатпайды. Бұл ежелден көшпелi елдердi бiр-бiрiмен қырқыстырып, кейде көк мылтықты әскерiнiң күшiмен жуасытып, ендi бiрде зұлымдықты жергiлiктi сатқындардың қолымен жасап келген отаршылдардың үйреншiктi әдетi болатын. Қытай қол астына түскен қазақтардың қожасы тек маньчжур әулетiнен шыққан әкiмдер ғана емес, империяның шекарасын қорғайтын әскери қауым—халдайлардың өктемдiгi де қыспақты күшейте түседi. Олар қазақтарға тек мал жайылатын өрiстердi қалдырып, сулы, нулы жерлердi тегiс өз қарауларына алады, егiн салмақ болып, бiрер тұма суға рұқсат сұраған қазақтарға астамшылық көрсетедi. Саяси жағынан қолдаушысы жоқ қазақтарға қарсы қастандық жасаушылар кейде оларға ежелгi дұшпаны қалмақтарды айдап салып, қырғынға ұшыратып отырса, тағы бiрде елдiң iшiнен шыққан азғын жандарды саналы азаматтарға қарсы жұмсайды.
18.06.2013 05:06 3477

Қ.Жұмадiловтiң “Тағдыр” атты романы—Шығыс Түркiстанды жайлаған қазақтардың бұрынғы-соңғы өмiрi туралы жазылған туындылардың бiрi.

Оқырманның әрбiр жаңа туындыдан, ең алдымен екi түрлi сонылық iздейтiн анық. Олар: шығармада белгiлi бiр дәуiрдегi халық өмiрiнiң нақтылы жағдайы мен бағдарын танытатын өмiрлiк деректердiң болуы және солардың көркемдiк қиялмен қорытылып, типтендiрiлiп, қаһармандар тағдыры арқылы берiлуi. Көркем әдебиеттiң танытқыштық және эстетикалық қасиетi осы шарттардың қаншалықты iске асқанынан көрiнiп отырмақ. “Тағдыр” романы бұл биiк талаптарға толығымен жауап беретiн сындарлы, татымды туынды болып шыққанын алдымен атап өту керек.

Кейде тарихшылар бармаған тақырыптарға суреткерлер қалам тартатыны кездесiп отыратын шындық. Бұл жолы да солай болған. шыңжаңдағы қазақтардың ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы тағдыр жолдарын Қ.Жұмадiлов романы жан-жақты таныстыра алады, тарихи кiтаптардан таба бермейтiн тың, қызғылықты мағлұматтармен оқырман бiлiмiн байытады.

“Тағдыр” романының оқиғалық сүйегi аса бiр күрделi кезең шындығына құрылған. Ол Орталық Азияны тiкелей өз меншiгiне айналдырған Қытай мен патшалық Ресейдiң Шығыс Түркiстанның қазақтар жайлаған жерлерiнен екi империяның шекарасын белгiлеу жөнiндегi iстерi және осы шешiмнiң бұл өлкенi ертеден қоныстанып келген көшпелi жұртты қақ бөлiп жiбергенi, Қытайдың қарауына түсiп қалғандардың бұдан кейiнгi ахуалы. Осы оқиғадан туындаған қасiреттердiң алуан түрлерi романда сенiмдi баяндалады. Бұдан қазақ секiлдi елдiң өз жерлерiнде, ата қонысында жүрсе де, өгейлiктен құтылмағаны, бұл халықтың көкейiндегi аңсарын ешкiмнiң де бiлгiсi келмейтiнi, қазақ қауымының өз iшiнде ел мүддесiн қорғайтын күштер мен құрылымдардың қалыптасып үлгермегенi, сол үшiн оған кез келген қарулы топтасқан жасақтың зорлық жасап үйренгенi, жергiлiктi атқамiнерлердiң мансапқорлығы, бiр-бiрiмен алауыздығы, жұртшылық сөзiн сөйлеуге қабiлеттi ер-азаматтардың осындай қалың қайшылықты жеңе алмай, бармағы тiстеулi кетiп отыратыны тәрiздi алуан құбылыстар көрiнедi.

Екi империяның арасына қағылған шекара қадалары қазақ сынды елдiң бұдан былайғы тұтастығын мүлде бөлiп жiберетiнiн билеушiлердiң ешқайсысы ойлап, бас қатырып жатпайды. Бұл ежелден көшпелi елдердi бiр-бiрiмен қырқыстырып, кейде көк мылтықты әскерiнiң күшiмен жуасытып, ендi бiрде зұлымдықты жергiлiктi сатқындардың қолымен жасап келген отаршылдардың үйреншiктi әдетi болатын. Қытай қол астына түскен қазақтардың қожасы тек маньчжур әулетiнен шыққан әкiмдер ғана емес, империяның шекарасын қорғайтын әскери қауым—халдайлардың өктемдiгi де қыспақты күшейте түседi. Олар қазақтарға тек мал жайылатын өрiстердi қалдырып, сулы, нулы жерлердi тегiс өз қарауларына алады, егiн салмақ болып, бiрер тұма суға рұқсат сұраған қазақтарға астамшылық көрсетедi. Саяси жағынан қолдаушысы жоқ қазақтарға қарсы қастандық жасаушылар кейде оларға ежелгi дұшпаны қалмақтарды айдап салып, қырғынға ұшыратып отырса, тағы бiрде елдiң iшiнен шыққан азғын жандарды саналы азаматтарға қарсы жұмсайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға