Жаңалықтар

XXV бөлім

Қадыр Мырзалиев /1935-2011/ (05.01.1935 ж.т., Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты кентi) ” – ақын, ҚР халық жазушысы (1995), ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1980). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн филология факультетiн бiтiрген (1958). “Балдырған” журналында (1958-62) әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында (1962-65) поэзия және сын бөлiмiнiң меңгерушiсi, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакциясының меңгерушiсi (1968-73), 1973 жылдан бiраз жыл Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушiсi болған. 1993 жылдан “Балауса” баспасының директоры. Мырзалиевтiң алғашқы өлеңi 1954 ж. “Пионер” (қазiргi “Ақжелкен”) журналында жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Көктем” 1959 ж. жарық көрдi. Мырзалиев” – қырыққа тарта поэзиялық жинанқатрыдң, балаларға арнаған топтамалар мен әдеби-сын кiтаптардың авторы (“Жаңғалақтар” (1960), “Кiшкене қожанасырлар” (1961), “Данышпан” (1961), “Ноян қоян” (1962), “Алуан палуан” (1963), “Сабақ” (1964), “Ой арманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “БҮлбҮл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Домбыра” (1971), “Жерұйық” (1976), “Алақан” (1977), “Қорамсақ” (1980), “Көкпар” (1981), “Сөз сиқыры” (1982), “Қызыл кiтап” (1983), “Шымыр жаңғақ” (1984), “Күмiс қоңырау” (1970, 1985), “Көш” (1973), “Домбыра” (1979), “Мәңгi майдан”, “Биiк баспалдақ”, “Ғибрат-нама” т.б.). Ол сондай-ақ “Заман-ай” аталатын поэмалар жинағын, “Жаралы Жолбарыс”, “Қасқыр қақпан” драмаларын жариялаған. алдыңғы драмасы үшiн 1997 жылы Махамбет сыйлығына ие болды. 1989 ж. шығармалар жинағының үш томдығы, кейiнгi жылдары екi томдығы жарық көрдi. Кейiнгi екi томдық бұрынғы топтамалардың жалғасы (4,5 томдары) iспеттi. Отан, замандас, табиғатты қорғау, бейбiтшiлiк, адам, өмiр, заман туралы iргелi әлеуметтiк, азаматтық ойлар толғайды. Ол” – әлем әдебиетiнiң озық үлгiлерiн өз жырларына дарыта бiлген, философиялық-дидактикалық дәстүрдi жаңғырта, датыма жырлаған өзiндiк өрнегi бар ақын. Мырзалиев екi жүзге жуық ән мәтiндерiн жазған. Олардың халық арасына кең тарағандары жеке жинақ күйiнде (“Күндер-ай”, 1984) жарық көрдi. Мырзалиевтiң көптеген өлеңдерi қазақ бастауыш сыныптарының “Ана тiлi” оқулықтарына енген. Мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегiлерi мен балладалары арқылы қазақ балалар әдебиетiнiң дамуына елеулi үлес қосып келедi. Мырзалиевтiң ондаған кiтаптары өзге халықтар тiлiне аударылған. орыс тiлiнде “Кiнәлi-кiнәлi” (1962), “Ұйқысыз түндер” (1967), “Ақ отау” (1968), “Бұлбұл бағы” (1971), “Дала дидары” (1975), “Домбыра”, 1-кiтап, (1976), “Алтын босаға” (1976), “Сабақ” (1979), “Алақан” (1984), “Домбыра”, 2-кiтап (1984), өзбек тiлiнде “Күмiс қоңырау” (1975), қырғыз тiлiнде “Алақан” (1979), азербайжан тiлiнде “Бұлбұл бағы” (1980), монғол тiлiнде “Шымыр жаңғақ” сияқты кiтаптары басылды. Жекелеген және топтама өлеңдерi ағылшын, француз, немiс, болгар, венгр, фин тiлдерiнде жарияланған. М.Овидий, Руми, В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Я.Райнис, Л.Родари, Р.Гамзатов, Э.Межелайтис, К.Кулиев өлеңдерiн, С.Сүлейменовтiң “Атамекен” атты таңдамалы өлеңдер жинағын, Ш.Петефидiң, С.Есениннiң жеке өлеңдер жинақтарын қазақ тiлiне аударған. Мырзалиев” – Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бiрi.  
18.06.2013 04:57 4202

Қадыр Мырзалиев

/1935-2011/

(05.01.1935 ж.т., Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты кентi) ” – ақын, ҚР халық жазушысы (1995), ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1980). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн филология факультетiн бiтiрген (1958). “Балдырған” журналында (1958-62) әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында (1962-65) поэзия және сын бөлiмiнiң меңгерушiсi, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакциясының меңгерушiсi (1968-73), 1973 жылдан бiраз жыл Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушiсi болған. 1993 жылдан “Балауса” баспасының директоры. Мырзалиевтiң алғашқы өлеңi 1954 ж. “Пионер” (қазiргi “Ақжелкен”) журналында жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Көктем” 1959 ж. жарық көрдi. Мырзалиев” – қырыққа тарта поэзиялық жинанқатрыдң, балаларға арнаған топтамалар мен әдеби-сын кiтаптардың авторы (“Жаңғалақтар” (1960), “Кiшкене қожанасырлар” (1961), “Данышпан” (1961), “Ноян қоян” (1962), “Алуан палуан” (1963), “Сабақ” (1964), “Ой арманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “БҮлбҮл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Домбыра” (1971), “Жерұйық” (1976), “Алақан” (1977), “Қорамсақ” (1980), “Көкпар” (1981), “Сөз сиқыры” (1982), “Қызыл кiтап” (1983), “Шымыр жаңғақ” (1984), “Күмiс қоңырау” (1970, 1985), “Көш” (1973), “Домбыра” (1979), “Мәңгi майдан”, “Биiк баспалдақ”, “Ғибрат-нама” т.б.). Ол сондай-ақ “Заман-ай” аталатын поэмалар жинағын, “Жаралы Жолбарыс”, “Қасқыр қақпан” драмаларын жариялаған. алдыңғы драмасы үшiн 1997 жылы Махамбет сыйлығына ие болды. 1989 ж. шығармалар жинағының үш томдығы, кейiнгi жылдары екi томдығы жарық көрдi. Кейiнгi екi томдық бұрынғы топтамалардың жалғасы (4,5 томдары) iспеттi. Отан, замандас, табиғатты қорғау, бейбiтшiлiк, адам, өмiр, заман туралы iргелi әлеуметтiк, азаматтық ойлар толғайды. Ол” – әлем әдебиетiнiң озық үлгiлерiн өз жырларына дарыта бiлген, философиялық-дидактикалық дәстүрдi жаңғырта, датыма жырлаған өзiндiк өрнегi бар ақын. Мырзалиев екi жүзге жуық ән мәтiндерiн жазған. Олардың халық арасына кең тарағандары жеке жинақ күйiнде (“Күндер-ай”, 1984) жарық көрдi. Мырзалиевтiң көптеген өлеңдерi қазақ бастауыш сыныптарының “Ана тiлi” оқулықтарына енген. Мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегiлерi мен балладалары арқылы қазақ балалар әдебиетiнiң дамуына елеулi үлес қосып келедi. Мырзалиевтiң ондаған кiтаптары өзге халықтар тiлiне аударылған. орыс тiлiнде “Кiнәлi-кiнәлi” (1962), “Ұйқысыз түндер” (1967), “Ақ отау” (1968), “Бұлбұл бағы” (1971), “Дала дидары” (1975), “Домбыра”, 1-кiтап, (1976), “Алтын босаға” (1976), “Сабақ” (1979), “Алақан” (1984), “Домбыра”, 2-кiтап (1984), өзбек тiлiнде “Күмiс қоңырау” (1975), қырғыз тiлiнде “Алақан” (1979), азербайжан тiлiнде “Бұлбұл бағы” (1980), монғол тiлiнде “Шымыр жаңғақ” сияқты кiтаптары басылды. Жекелеген және топтама өлеңдерi ағылшын, француз, немiс, болгар, венгр, фин тiлдерiнде жарияланған. М.Овидий, Руми, В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Я.Райнис, Л.Родари, Р.Гамзатов, Э.Межелайтис, К.Кулиев өлеңдерiн, С.Сүлейменовтiң “Атамекен” атты таңдамалы өлеңдер жинағын, Ш.Петефидiң, С.Есениннiң жеке өлеңдер жинақтарын қазақ тiлiне аударған. Мырзалиев” – Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бiрi.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға