Жаңалықтар

ХХIV бөлім

Құдiреттi әншi, алғыр ақын, айтыс сөзде дұшпанын қырғи тiлiмен қиып түсетiн, жамандық атаулының өшпестей таңбалай бiлетiн, тек ақыл, жүрек қалауымен ғана өмiр кешудi аңсаған, достыққа, шапағатқа жүрегi ашық Ақан, шынында, ортасынан бойы биiк тұрған парасат иесi. Өнер мен дарынды керек етпейтiн мансапқор, дүниеқоңыз, айнымалы, азғын әкiмдер үшiн Ақан iстерi елден шыққан ерсiлiк болып көрiнсе, қарапайым, момын халыққа оның әнi мен сөзi майдай жағады. Бiрақ ол заманда шындық, әдiлдiк деген “қос жетiм” ешкiмнен төрелiк сұрап бара алмайтын едi, халық бұқарасының алып күшi тiзгiндеулi, матаулы болатын. Ақан серiнiң әндерiнде өмiрге құштарлық, махаббат iңкәрлiгi мен улы өкiнiш, шерлi, сарындар қатар өрiлiп отыратыны да осыдан болса керек. Роман бойында Ақанның өмiрiнде iз қалдырған үлкен iстер, мiнез дараланып көрiнерлiктей шытырмандар аз айтылмайтын. Соның бәрiнде де Ақанның асыл бейнесi, iрi адамдық бiтiмi елес берiп отырады. “Сырымбет”, “Үш тоты”, “Құлагер” сынды әндер тарихы романның үш бөлiмiндегi оқиғалардың, байланыстардың астарын ашуға көмектеседi. Шығармада қызғылықты тұлғалар қатары бар. Ақанның арманда айрылған ғашығы – Ақтоқты, сүйген жары – Ұрқия, серiлiк дәуiрiнiң серiгi – Қадиша дара пiшiндi, дала гүлiндей көрiктi, жанды бейнелер. Ал Ақанның анасы – Жаңыл тұлғасы жазушының соны табыстарының бiрi десе болады. Ақылды, әдептi, алғыр ана Жаңыл Ақанның қамқоры ғана емес, оның мерейi үстем болуын бәрiнен де жоғары санайтын жүрегi жылы, ойы нұрлы жан. Қазақ жуаны Сүлейменнiң, оның әйелi мен қызының мiнез ерекшелiгi аз айтылса да, айнымай сурет боп түскен. Роман көлемiндегi елеулi тұлғалар легiнде адуын мiнез, адал жанды Әлiбек батыр, паңдығы нойыстықпен ұштасып жатқан Нұрмағамбет, даланың тежеусiз өскен бәлеқор байы – Батыраш, ойы терең, билiгi кемел, сөзi сараман Саққұлақ би бейнелерiн атау керек. Орыс адамдарынан ояз бастығының әйелi Анна Ивановна бiрсыпыра дараланып елестейдi… “Ақан серiнiң” поэзияға, көркемдiкке толы тұстарын атап өтуге болады. Бiрiншi бөлiмiндегi елден мал қоймаған даланың тағы көкжал арланы Бiршектiң жыртқыштығын юейнелеген беттер автордың суреткерлiк шалымын қапысыз танытады. Романда терең монологтар, өткiр диалогтар, дәл табиғат суреттерi аз емес. Ақан серiнiң аузымен берiлетiн шабытты, шешен ақ өлеңдер шығарма кеудесiне таққан танадай әсер қалдырады… Жалпы алғанда, С.Жүнiсовтiң “Ақан серi” романы оқырман қызығып оқырлықтай, көп мағлұмат бере алатын, тiлi көркем, тұлғалары қызғылықты шығарма, автордың шығармашылық сапарындағы көп iзденiс жемiсi. “Ақан серi” – ұлы композитор, әрi ақынға жасалған татымды ескерткiш /Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 183-187 беттер /.  
18.06.2013 04:57 2721

Құдiреттi әншi, алғыр ақын, айтыс сөзде дұшпанын қырғи тiлiмен қиып түсетiн, жамандық атаулының өшпестей таңбалай бiлетiн, тек ақыл, жүрек қалауымен ғана өмiр кешудi аңсаған, достыққа, шапағатқа жүрегi ашық Ақан, шынында, ортасынан бойы биiк тұрған парасат иесi. Өнер мен дарынды керек етпейтiн мансапқор, дүниеқоңыз, айнымалы, азғын әкiмдер үшiн Ақан iстерi елден шыққан ерсiлiк болып көрiнсе, қарапайым, момын халыққа оның әнi мен сөзi майдай жағады. Бiрақ ол заманда шындық, әдiлдiк деген “қос жетiм” ешкiмнен төрелiк сұрап бара алмайтын едi, халық бұқарасының алып күшi тiзгiндеулi, матаулы болатын. Ақан серiнiң әндерiнде өмiрге құштарлық, махаббат iңкәрлiгi мен улы өкiнiш, шерлi, сарындар қатар өрiлiп отыратыны да осыдан болса керек. Роман бойында Ақанның өмiрiнде iз қалдырған үлкен iстер, мiнез дараланып көрiнерлiктей шытырмандар аз айтылмайтын. Соның бәрiнде де Ақанның асыл бейнесi, iрi адамдық бiтiмi елес берiп отырады. “Сырымбет”, “Үш тоты”, “Құлагер” сынды әндер тарихы романның үш бөлiмiндегi оқиғалардың, байланыстардың астарын ашуға көмектеседi.

Шығармада қызғылықты тұлғалар қатары бар. Ақанның арманда айрылған ғашығы – Ақтоқты, сүйген жары – Ұрқия, серiлiк дәуiрiнiң серiгi – Қадиша дара пiшiндi, дала гүлiндей көрiктi, жанды бейнелер. Ал Ақанның анасы – Жаңыл тұлғасы жазушының соны табыстарының бiрi десе болады. Ақылды, әдептi, алғыр ана Жаңыл Ақанның қамқоры ғана емес, оның мерейi үстем болуын бәрiнен де жоғары санайтын жүрегi жылы, ойы нұрлы жан. Қазақ жуаны Сүлейменнiң, оның әйелi мен қызының мiнез ерекшелiгi аз айтылса да, айнымай сурет боп түскен. Роман көлемiндегi елеулi тұлғалар легiнде адуын мiнез, адал жанды Әлiбек батыр, паңдығы нойыстықпен ұштасып жатқан Нұрмағамбет, даланың тежеусiз өскен бәлеқор байы – Батыраш, ойы терең, билiгi кемел, сөзi сараман Саққұлақ би бейнелерiн атау керек. Орыс адамдарынан ояз бастығының әйелi Анна Ивановна бiрсыпыра дараланып елестейдi…

“Ақан серiнiң” поэзияға, көркемдiкке толы тұстарын атап өтуге болады. Бiрiншi бөлiмiндегi елден мал қоймаған даланың тағы көкжал арланы Бiршектiң жыртқыштығын юейнелеген беттер автордың суреткерлiк шалымын қапысыз танытады. Романда терең монологтар, өткiр диалогтар, дәл табиғат суреттерi аз емес. Ақан серiнiң аузымен берiлетiн шабытты, шешен ақ өлеңдер шығарма кеудесiне таққан танадай әсер қалдырады…

Жалпы алғанда, С.Жүнiсовтiң “Ақан серi” романы оқырман қызығып оқырлықтай, көп мағлұмат бере алатын, тiлi көркем, тұлғалары қызғылықты шығарма, автордың шығармашылық сапарындағы көп iзденiс жемiсi. “Ақан серi” – ұлы композитор, әрi ақынға жасалған татымды ескерткiш /Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 183-187 беттер /.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға