Жаңалықтар

ХХІ бөлім

Сәкен Жүнiсов /1934/ (11.2.1934 ж.т., Көкшетау облысы, Қызыту ауданы, Қызылту селосы) – жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Үлттық университетiн бiтiрген (1957). 1957-59 жылы “Пионер” (қазiргi “Ақжелкен”) журналында және 1960-64 жылдары Қазақ мемлекеттiк драма театрында әдеби бөлiм меңгерушiсi. Қостанай пединститутында оқытушы. 1964-68 жылдары “Қазақ әдебиетi” газетiнде бөлiм меңгерушiсi. 1988 жылдан КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлiмшесiнiң директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. Жүнiовтiң балаларға арналған алғашқы кiтапшасы “Сонарда” 1959 ж. шықты. Бұдан соң жас жеткiншектер үшiн “Әжем мен емшi және дәрiгер” (1961), “Кiнiң мекенi жақсы” (1962), “Сақау бәтеңке” (1983) т.б. кiтаптары жарық көрдi. Жүнiсов бүгiнгi өмiр тынысы жайлы “Өшпейтiн iздер” повесiн (1968), тың туралы “Жапандағы жалғыз үй” романын жазды (1965; орыс тiлiнде – 1968). Мұнда тың игерудегi ерлiк еңбектер суреттеледi. Ақын әрi әншi-композитор Ақан серi Қорамсаұлының (1843-1913) өмiрдегi және өнердегi жолын, ХIХ ғасырдың II жартысындағы қазақ елiнiң қоғамдық қарым-қатынасын, әлеуметтiк құрылысы мен тұрмыс-тiршiлiгiн баяндайтын “Ақан серi” дилогиясы жарық көрдi (1-кiтап, 1971; 2-кiтап, 1977; орыс тiлiнде – М., 1979). Жүнiсов – Қазақстан жерiне келген әр ұлт өкiлдерiнiң тың игерудегi қажырлы еңбегi туралы “Алғашқы вагон” (1982), қазақ әйелдерiнiң қиын тағдыры, бүгiнгi жарқын тұрмысы жөнiнде “Заманай мен Аманай” (1987) повестерiн жазды. Жазушының драматургиясы тақырыбының сонылығымен, көтерген мәселесiнiң актуальдығымен, оқиға байлығымен, шұрайлы тiлiмен ерекшеленедi. “Ажар мен ажал” (1967), “Тұтқындар” (1970), “Қызым, саған айтам” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973), “Қос анар” (1974), “Әр үйдiң еркесi” (1975), “Қысылғаннан қыз болдық” (1976), “Кросворд немесе масханадағы маскарад” (1981) т.б. пьесалары республика театрларында қойылды. “Өлiара” пьесасы (1974; ҚР Мемлекеттiк сыйлығы, 1986) – қазақ драматургиясындағы таңдаулы шығармалардың бiрi. Мұнда сондай-ақ Петропавловск – Көкшетау – “Петрокок” темiр жол тармағын салған жұмысшылардың жанқиярлық еңбегi суреттеледi. Жүнiсовтiң көптеген шығармалары КСРО шетел тiлдерiне аударылған. Ол Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтiң бiрқатар әңгiмелерiн, О.Т.Гончардың “Перекоп”, “Көк адыр” романдарын т.б. қазақ тiлiне аударған.  
18.06.2013 04:54 3559

Сәкен Жүнiсов

/1934/

(11.2.1934 ж.т., Көкшетау облысы, Қызыту ауданы, Қызылту селосы) – жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Үлттық университетiн бiтiрген (1957). 1957-59 жылы “Пионер” (қазiргi “Ақжелкен”) журналында және 1960-64 жылдары Қазақ мемлекеттiк драма театрында әдеби бөлiм меңгерушiсi. Қостанай пединститутында оқытушы. 1964-68 жылдары “Қазақ әдебиетi” газетiнде бөлiм меңгерушiсi. 1988 жылдан КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлiмшесiнiң директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. Жүнiовтiң балаларға арналған алғашқы кiтапшасы “Сонарда” 1959 ж. шықты. Бұдан соң жас жеткiншектер үшiн “Әжем мен емшi және дәрiгер” (1961), “Кiнiң мекенi жақсы” (1962), “Сақау бәтеңке” (1983) т.б. кiтаптары жарық көрдi. Жүнiсов бүгiнгi өмiр тынысы жайлы “Өшпейтiн iздер” повесiн (1968), тың туралы “Жапандағы жалғыз үй” романын жазды (1965; орыс тiлiнде – 1968). Мұнда тың игерудегi ерлiк еңбектер суреттеледi. Ақын әрi әншi-композитор Ақан серi Қорамсаұлының (1843-1913) өмiрдегi және өнердегi жолын, ХIХ ғасырдың II жартысындағы қазақ елiнiң қоғамдық қарым-қатынасын, әлеуметтiк құрылысы мен тұрмыс-тiршiлiгiн баяндайтын “Ақан серi” дилогиясы жарық көрдi (1-кiтап, 1971; 2-кiтап, 1977; орыс тiлiнде – М., 1979). Жүнiсов – Қазақстан жерiне келген әр ұлт өкiлдерiнiң тың игерудегi қажырлы еңбегi туралы “Алғашқы вагон” (1982), қазақ әйелдерiнiң қиын тағдыры, бүгiнгi жарқын тұрмысы жөнiнде “Заманай мен Аманай” (1987) повестерiн жазды. Жазушының драматургиясы тақырыбының сонылығымен, көтерген мәселесiнiң актуальдығымен, оқиға байлығымен, шұрайлы тiлiмен ерекшеленедi. “Ажар мен ажал” (1967), “Тұтқындар” (1970), “Қызым, саған айтам” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973), “Қос анар” (1974), “Әр үйдiң еркесi” (1975), “Қысылғаннан қыз болдық” (1976), “Кросворд немесе масханадағы маскарад” (1981) т.б. пьесалары республика театрларында қойылды. “Өлiара” пьесасы (1974; ҚР Мемлекеттiк сыйлығы, 1986) – қазақ драматургиясындағы таңдаулы шығармалардың бiрi. Мұнда сондай-ақ Петропавловск – Көкшетау – “Петрокок” темiр жол тармағын салған жұмысшылардың жанқиярлық еңбегi суреттеледi. Жүнiсовтiң көптеген шығармалары КСРО шетел тiлдерiне аударылған. Ол Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтiң бiрқатар әңгiмелерiн, О.Т.Гончардың “Перекоп”, “Көк адыр” романдарын т.б. қазақ тiлiне аударған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға