Жаңалықтар

ХХ бөлім

Т.Ахтанов “Боран” шығармасына қайта оралып, қайыра жазып шықты. Повестi романға айналдырды. Бұдан туындының көлемi үлкейiп қана қойған жоқ, көркемдiк дәрежесi өстi, сапасы ауырлап, салмағы артты. Мұндағы бас кейiпкер қойшы Қоспан, көтеретiнi қой шаруашылығындағы проблемалар десек те, бiрiншi кезекте адам тағдыры тұр. Ахтановтың қаламгерлiк қабiлетiндегi өзiндiк бiр өзгешелiгi кейiпкерлерiн қою оқиға, кесек қимылға килiктiре бермейдi. Оның есесiне олардың толғаныс-тебiренiсiне көп орын берiлiп, кейiпкерлердiң жан дүниесi жарқырай көрiнедi. Төрт күн, төрт түн бойы алапат апат, ақ түтек боранмен алысқан Қоспан тентек табиғатпен тайталаста жеңiлiс табады. Шығарма соңында бiр отар қойды қырғынға ұшыратып алып, қолына қу таяқ ұстап қалған Қоспанды көремiз. Алайда бҮдан шығарманың өр рухы әлсiремейдi, өршiл дауысы бәсеңдемейдi. Қоспан табиғат апатына Үшыраса да, Қасболат оған қаскүнемдiк жасаса да оның жан сарайын жарқыратып тұрған бiр сәуле бар. Ол оның асқан адамгершiлiгi, абзал азаматтығы, ол оның келер күндерге деген үзiлмеген үмiтi мен сергек сенiмi. Содан да Қоспанда сырттай жеңiлiс болғанмен, азаматтық жеңiс – рухани жеңiс бар. Шығармада кейiпкер тағдыры боранмен байланыстырыла суреттеледi. Сайып келгенде, бұл табиғат бораны ғана емес, тағдыр бораны. Қоймен бiрге ығып, дүлей боранмен арпалысып жүрген Қоспанның жан-дүниесiндегi дауыл мен шарпысқан сезiмдi жазушы шебер суреттейдi. Шегiнiс арқылы берiлетiн Қоспанның өткен өмiрi нанымды да шалымды суреттелген. “Боран” романы арқылы автор шаруашылық проблемасын ғана көтерiп қойған жоқ, адамды тәрбиелеу проблемасын да қисынын тауып, қиюын келтiрiп шешен тiл, шебер шешiммен күн тәртiбiне қойды. Осы шырайлы шығарма арқылы жазушы әдеби образдар галлереясына Қоспан, Қаламұш, Қасболат сияқты толыққанды жаңа образдар әкелдi. Жазушының “Махаббат мұңы” повесi ерекше бiр жылылықпен, сезiмталдықпен жазылған. Бұл жаны жазиралы жас жанның шын жүректен шерткен шынайы сыры тәрiздi. Повестiң бас кейiпкерi – Ләззат ақын жанды, аңқылдаған ақкөңiл, аңғырт та албырт жас. Алыстағы ауылдан астанаға оқуға келген осы бiр инабатты ұяң қыз өзi оқып жүрген университеттiң әдебиет үйiрмесiн басқаратын ақынсымақ арамза Нияздың алдауына түседi. Ептеп-септеп қыз жүрегiнен жол тапқан, сөйтiп он екiде бiр гүлi ашылмаған жастың арын аяққа басқан бұл ысқаяқ, әйелi, тiптi, керек десең, бала-шағасы бар зымиян, залым бiреу болып шығады. Үлкен өкiнiшке тап болған, бармағын тiстеп қалған ақын қыз Ләззаттың махаббат мұңын жазушы әрi нәзiк, әрi шынайы, әрi шебер суреттейдi. Оқушы алғашында қыр басында қызғалдақ қуып, көкiрегiн қуаныш кернеген ақын қыздың кейiнгi қайғысына ортақтасумен қатар Нияз сияқты сұрқиялардан қатты жиiркенедi. Повестегi жазушының суреттеулерi мен баяндаулары мейлiнше нанымды. Адамды сезiм сұлулығына бөлейтiн жазушының оралымды ойлары мен жыр тәрiздi төгiлте жазған тамаша жолдар жиi кездеседi. Повестi оқығанда айқын аңғарылатын бiр жай – автор кейiпкерлерiн iштей суреттеуге шебер. Жазушы “Махаббат мұңына” жанұя, адамгершiлiк тақырыбын арқау ете отырып, қоғамдық мәнi зор мәселелердi қозғайды. Сайып келгенде Нияз бiреу емес. Мұндайлар өмiрде әр жерде әр түрлi формада кездеседi. Қосалқы кейiпкер ретiнде алынса да өсекшiл Бағила бейнесi бiршама сәттi шыққан. “Махаббат мұңының” көркемдiк дәрежесi жоғары болуымен бiрге көтерген жүгi салмақты, тәрбиелiк мәнi де зор /Досанов С. Соны iздер. Алматы: Жазушы, 1970.—24-25 беттер/.
18.06.2013 04:53 3036

Т.Ахтанов “Боран” шығармасына қайта оралып, қайыра жазып шықты. Повестi романға айналдырды. Бұдан туындының көлемi үлкейiп қана қойған жоқ, көркемдiк дәрежесi өстi, сапасы ауырлап, салмағы артты. Мұндағы бас кейiпкер қойшы Қоспан, көтеретiнi қой шаруашылығындағы проблемалар десек те, бiрiншi кезекте адам тағдыры тұр. Ахтановтың қаламгерлiк қабiлетiндегi өзiндiк бiр өзгешелiгi кейiпкерлерiн қою оқиға, кесек қимылға килiктiре бермейдi. Оның есесiне олардың толғаныс-тебiренiсiне көп орын берiлiп, кейiпкерлердiң жан дүниесi жарқырай көрiнедi. Төрт күн, төрт түн бойы алапат апат, ақ түтек боранмен алысқан Қоспан тентек табиғатпен тайталаста жеңiлiс табады. Шығарма соңында бiр отар қойды қырғынға ұшыратып алып, қолына қу таяқ ұстап қалған Қоспанды көремiз. Алайда бҮдан шығарманың өр рухы әлсiремейдi, өршiл дауысы бәсеңдемейдi. Қоспан табиғат апатына Үшыраса да, Қасболат оған қаскүнемдiк жасаса да оның жан сарайын жарқыратып тұрған бiр сәуле бар. Ол оның асқан адамгершiлiгi, абзал азаматтығы, ол оның келер күндерге деген үзiлмеген үмiтi мен сергек сенiмi. Содан да Қоспанда сырттай жеңiлiс болғанмен, азаматтық жеңiс – рухани жеңiс бар.

Шығармада кейiпкер тағдыры боранмен байланыстырыла суреттеледi. Сайып келгенде, бұл табиғат бораны ғана емес, тағдыр бораны. Қоймен бiрге ығып, дүлей боранмен арпалысып жүрген Қоспанның жан-дүниесiндегi дауыл мен шарпысқан сезiмдi жазушы шебер суреттейдi. Шегiнiс арқылы берiлетiн Қоспанның өткен өмiрi нанымды да шалымды суреттелген.

“Боран” романы арқылы автор шаруашылық проблемасын ғана көтерiп қойған жоқ, адамды тәрбиелеу проблемасын да қисынын тауып, қиюын келтiрiп шешен тiл, шебер шешiммен күн тәртiбiне қойды. Осы шырайлы шығарма арқылы жазушы әдеби образдар галлереясына Қоспан, Қаламұш, Қасболат сияқты толыққанды жаңа образдар әкелдi.

Жазушының “Махаббат мұңы” повесi ерекше бiр жылылықпен, сезiмталдықпен жазылған. Бұл жаны жазиралы жас жанның шын жүректен шерткен шынайы сыры тәрiздi. Повестiң бас кейiпкерi – Ләззат ақын жанды, аңқылдаған ақкөңiл, аңғырт та албырт жас. Алыстағы ауылдан астанаға оқуға келген осы бiр инабатты ұяң қыз өзi оқып жүрген университеттiң әдебиет үйiрмесiн басқаратын ақынсымақ арамза Нияздың алдауына түседi. Ептеп-септеп қыз жүрегiнен жол тапқан, сөйтiп он екiде бiр гүлi ашылмаған жастың арын аяққа басқан бұл ысқаяқ, әйелi, тiптi, керек десең, бала-шағасы бар зымиян, залым бiреу болып шығады. Үлкен өкiнiшке тап болған, бармағын тiстеп қалған ақын қыз Ләззаттың махаббат мұңын жазушы әрi нәзiк, әрi шынайы, әрi шебер суреттейдi.

Оқушы алғашында қыр басында қызғалдақ қуып, көкiрегiн қуаныш кернеген ақын қыздың кейiнгi қайғысына ортақтасумен қатар Нияз сияқты сұрқиялардан қатты жиiркенедi. Повестегi жазушының суреттеулерi мен баяндаулары мейлiнше нанымды. Адамды сезiм сұлулығына бөлейтiн жазушының оралымды ойлары мен жыр тәрiздi төгiлте жазған тамаша жолдар жиi кездеседi. Повестi оқығанда айқын аңғарылатын бiр жай – автор кейiпкерлерiн iштей суреттеуге шебер.

Жазушы “Махаббат мұңына” жанұя, адамгершiлiк тақырыбын арқау ете отырып, қоғамдық мәнi зор мәселелердi қозғайды. Сайып келгенде Нияз бiреу емес. Мұндайлар өмiрде әр жерде әр түрлi формада кездеседi. Қосалқы кейiпкер ретiнде алынса да өсекшiл Бағила бейнесi бiршама сәттi шыққан.

“Махаббат мұңының” көркемдiк дәрежесi жоғары болуымен бiрге көтерген жүгi салмақты, тәрбиелiк мәнi де зор /Досанов С. Соны iздер. Алматы: Жазушы, 1970.—24-25 беттер/.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға