Жаңалықтар

XVI бөлім

Қ.Есенберлиннің “Қаһар” романында тарихи шындық, қаһармандар келбетi нанымды мүсiнделген. Мұнда халықтың азаттық жолындағы күресiн, ересен ерлiгiн бейнелейтiн жарқын беттер мол. Автор, бiр жағынан, бостандықты аңсаған, бiрақ оған жетуге жағдайы жоқ халықтың басындағы трагедияны таныстыра алған. Шындығында бұл – жерден, еркiндiктен айырылған қазақ елiнiң стихиялық бұлқынысы, аласұрып айбат шегуi, тұяқ серпуi туралы хикая. Шығарманың бас қаһарманы – халық. Қозғалысқа күш берген, оны ондаған жыл бойында қазақ жерiнде қаһарлы күшке, азаттық алаңына айналдырған құдiрет те сол – халық. Қазақ тарихындағы iр қозғалыстың iшкi тетiктерiн саралап көрсетiп, сарқып айта бiлуi, көптеген кейiпкерлердiң жанды тұлғасын жасауы – жазушының шығармашылық батылдығын, iзденгiштiгiн сипаттайды. Бұл роман қазақ әдебиетiнде тарихи тақырыпты меңгеру жолындағы ұнамды құбылыс. Атап көрсетерлiк бiр нәрсе – автор қазақ даласында орыс мәдениетiнiң дәмiн татып, ресейшiл бағытта өсiп келе жатқан күштердiң бар екенiн де жүйелi әңгiме еткен. Жас жiгiт Есiркеген ойлары жас буын қауымының аңсарын аңғартады. Суреткер схема кейiпкер жасаудан бойын тартып, қаһарман басындағы жақсылық пен жамандықты айыра көрсеткен. Кенесарыны көп жерде көтере, кейде оны қызықтап та кететiн автор сол кейiпкерiнiң басындағы мiнiн де жасырмай, жерiне жеткiзе әшкерелеп отырады. Кейде дұшпандарының, кейде достарының аузымен Кенесары iстерiне қатал үкiм айтылып жатады. Бейненiң диалектикасын беруi – суреткердiң ұсталығына куә. Жалпы алғанда, I.Есенберлиннiң “Қаһар” романы бұл кезге дейiн әдебиетте жеткiлiктi айтылмаған тарихи оқиғаның iшкi сырына тереңдеп бару ниетiнен туған, халықтың азаттық үшiн басталған қозғалысының аяғы трагедиямен тынуы, қазақ жерiн ондаған жылдар бойында дүрлiктiрген оқиға жайында хикая. Мұның өзi тарихи тақырыпты игеру әдебиетiмiздiң тартымды да тұрақты үрдiсiне айналып келе жатқандығын бiлдiредi /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 120-123 беттер /. Қазақ әдебиетiнiң бiр көрнектi туындысы—жазушы I.Есенберлиннiң “Алтын Орда” тарихи трилогиясы. Романның бiрiншi кiтабы 1982, екiншi, үшiншi кiтаптары бiрiгiп 1983 жылы жарық көрдi. Бұл шығарма жеке кiтап ретiнде басылардан бұрын “Жұлдыз” журналында, орысша аудармасы “Просторда” жарияланғаны белгiлi. 1983 жылдың әдеби қорытындысына арналған жиналыста “Алтын Орданың” ұнамды сипаттары атап өтiлдi.
18.06.2013 04:50 2889

Қ.Есенберлиннің “Қаһар” романында тарихи шындық, қаһармандар келбетi нанымды мүсiнделген. Мұнда халықтың азаттық жолындағы күресiн, ересен ерлiгiн бейнелейтiн жарқын беттер мол. Автор, бiр жағынан, бостандықты аңсаған, бiрақ оған жетуге жағдайы жоқ халықтың басындағы трагедияны таныстыра алған. Шындығында бұл – жерден, еркiндiктен айырылған қазақ елiнiң стихиялық бұлқынысы, аласұрып айбат шегуi, тұяқ серпуi туралы хикая. Шығарманың бас қаһарманы – халық. Қозғалысқа күш берген, оны ондаған жыл бойында қазақ жерiнде қаһарлы күшке, азаттық алаңына айналдырған құдiрет те сол – халық.

Қазақ тарихындағы iр қозғалыстың iшкi тетiктерiн саралап көрсетiп, сарқып айта бiлуi, көптеген кейiпкерлердiң жанды тұлғасын жасауы – жазушының шығармашылық батылдығын, iзденгiштiгiн сипаттайды. Бұл роман қазақ әдебиетiнде тарихи тақырыпты меңгеру жолындағы ұнамды құбылыс. Атап көрсетерлiк бiр нәрсе – автор қазақ даласында орыс мәдениетiнiң дәмiн татып, ресейшiл бағытта өсiп келе жатқан күштердiң бар екенiн де жүйелi әңгiме еткен. Жас жiгiт Есiркеген ойлары жас буын қауымының аңсарын аңғартады.

Суреткер схема кейiпкер жасаудан бойын тартып, қаһарман басындағы жақсылық пен жамандықты айыра көрсеткен. Кенесарыны көп жерде көтере, кейде оны қызықтап та кететiн автор сол кейiпкерiнiң басындағы мiнiн де жасырмай, жерiне жеткiзе әшкерелеп отырады. Кейде дұшпандарының, кейде достарының аузымен Кенесары iстерiне қатал үкiм айтылып жатады. Бейненiң диалектикасын беруi – суреткердiң ұсталығына куә.

Жалпы алғанда, I.Есенберлиннiң “Қаһар” романы бұл кезге дейiн әдебиетте жеткiлiктi айтылмаған тарихи оқиғаның iшкi сырына тереңдеп бару ниетiнен туған, халықтың азаттық үшiн басталған қозғалысының аяғы трагедиямен тынуы, қазақ жерiн ондаған жылдар бойында дүрлiктiрген оқиға жайында хикая. Мұның өзi тарихи тақырыпты игеру әдебиетiмiздiң тартымды да тұрақты үрдiсiне айналып келе жатқандығын бiлдiредi /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 120-123 беттер /.

Қазақ әдебиетiнiң бiр көрнектi туындысы—жазушы I.Есенберлиннiң “Алтын Орда” тарихи трилогиясы. Романның бiрiншi кiтабы 1982, екiншi, үшiншi кiтаптары бiрiгiп 1983 жылы жарық көрдi. Бұл шығарма жеке кiтап ретiнде басылардан бұрын “Жұлдыз” журналында, орысша аудармасы “Просторда” жарияланғаны белгiлi. 1983 жылдың әдеби қорытындысына арналған жиналыста “Алтын Орданың” ұнамды сипаттары атап өтiлдi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға