Жаңалықтар

XV бөлім

Роман қазақ халқының қиын ахуалының сан түрлi қырларын кең қамтып елестетедi. Соның бiрi – Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелдi боп тұрған оңтүстiк қазақтарының жай-күйi. Түбiнде Ресей патшасынан қауiп келе жатқанын сезгенiмен, Орта Азия хандары қазақ халқымен одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәттi күтiп отырған. Ташкенттiң құшбегi Бегдербектiң жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелдi, Саржанды қасындағы нөкерлерiмен опасыздықпен өлтiрiп жiбергенiн суреттейтiн тарау осы ақиқатты түп-тереңiмен ашады. Әрi қорқақ, әрi қу, тырнағына дейiн сатқын, дүниеқор Қоқан әкiмiнiң шылшыл бейнесi жасалған деуге болады. “Қаһар” романында Кенесарының және оның сенiмдi серiктерi – ру басыларының, батырлардың өмiрi мен iс-әрекетi мол шындығымен көрiнген. Әсiресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенiн атап айту керек. Суреткер кейiпкер басындағы шытырманды ашып көрсете алған. Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана бiлген, намыс үшiн қандай құрбандықтан да тайынбайтын Кенесарының қайшылықты келбетi көрiнген. Автор Кенесарының жеке басындағы ерлiк пен парасатты бiрнеше жерде көрнектендiрiп аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдiнiң құшбегi Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естiп, “Ташкенттi шабу керек” деген Қасым төренiң тiлегiн iштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға ертерек екенiн түсiнiп, жоспарды кейiнге қалдырады. Ақмола бекiнiсiн алғанда көрсеткен ерлiгi, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзiне ерген баһадүр ерлердiң бiрi – Байтабының көңiлiн риза ету үшiн Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билiк айтуы сияқты тұстар бұғал дәлел. Кенесары бастаған қозғалыстың белгiлi батырлары: Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлiк эпизодтары да айтылып отырған. Романда Ресей патшалығының әр дәрежелi өкiлдерiнiң де бейнелерi бар. Солардың iшiнде әсiресе Қараөткелдiң аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннiң халыққа қаны қас мейiрiмсiздiгi мен мансап үшiн арын сататын арамзалығы анық таңбаланған. Жеке өмiрiнде азғындықтың шегiне жеткен бұл адам Омбы генерал-губернаторының сенiмiне ие болып, көп елдi күшпен, айламен ұстап тұрған. Қоңырқұлжа елдiң бас көтерер адамын қаралап ұстап бередi, лауазым үшiн халық мүддесiн сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша өкiметi өзiне тiрек еткен жергiлiктi әкiмнiң жексҮрын жиынтық типiн жасай алған. Қоңырқұлжаның әйелi Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап өкiлдерiнiң сиқын аша түседi.
18.06.2013 04:49 3343

Роман қазақ халқының қиын ахуалының сан түрлi қырларын кең қамтып елестетедi. Соның бiрi – Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелдi боп тұрған оңтүстiк қазақтарының жай-күйi. Түбiнде Ресей патшасынан қауiп келе жатқанын сезгенiмен, Орта Азия хандары қазақ халқымен одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәттi күтiп отырған. Ташкенттiң құшбегi Бегдербектiң жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелдi, Саржанды қасындағы нөкерлерiмен опасыздықпен өлтiрiп жiбергенiн суреттейтiн тарау осы ақиқатты түп-тереңiмен ашады. Әрi қорқақ, әрi қу, тырнағына дейiн сатқын, дүниеқор Қоқан әкiмiнiң шылшыл бейнесi жасалған деуге болады.

“Қаһар” романында Кенесарының және оның сенiмдi серiктерi – ру басыларының, батырлардың өмiрi мен iс-әрекетi мол шындығымен көрiнген. Әсiресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенiн атап айту керек. Суреткер кейiпкер басындағы шытырманды ашып көрсете алған. Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана бiлген, намыс үшiн қандай құрбандықтан да тайынбайтын Кенесарының қайшылықты келбетi көрiнген.

Автор Кенесарының жеке басындағы ерлiк пен парасатты бiрнеше жерде көрнектендiрiп аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдiнiң құшбегi Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естiп, “Ташкенттi шабу керек” деген Қасым төренiң тiлегiн iштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға ертерек екенiн түсiнiп, жоспарды кейiнге қалдырады. Ақмола бекiнiсiн алғанда көрсеткен ерлiгi, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзiне ерген баһадүр ерлердiң бiрi – Байтабының көңiлiн риза ету үшiн Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билiк айтуы сияқты тұстар бұғал дәлел.

Кенесары бастаған қозғалыстың белгiлi батырлары: Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлiк эпизодтары да айтылып отырған.

Романда Ресей патшалығының әр дәрежелi өкiлдерiнiң де бейнелерi бар. Солардың iшiнде әсiресе Қараөткелдiң аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннiң халыққа қаны қас мейiрiмсiздiгi мен мансап үшiн арын сататын арамзалығы анық таңбаланған. Жеке өмiрiнде азғындықтың шегiне жеткен бұл адам Омбы генерал-губернаторының сенiмiне ие болып, көп елдi күшпен, айламен ұстап тұрған. Қоңырқұлжа елдiң бас көтерер адамын қаралап ұстап бередi, лауазым үшiн халық мүддесiн сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша өкiметi өзiне тiрек еткен жергiлiктi әкiмнiң жексҮрын жиынтық типiн жасай алған. Қоңырқұлжаның әйелi Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап өкiлдерiнiң сиқын аша түседi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға