Жаңалықтар

ХІІІ бөлім

Патшалық тарапынан өзiне көрсетiлген сый мен құрметке риза болмаған, бiрақ айбат көрсетерлiк кезден өтiп, “Ресей панасына кiремiз” деп өз аузынан ант берiп қойған Әбiлхайырдың мүшкiл халы романда шебер бейнеленген. Әсiресе Орынбор губернаторы, айлалы саясатшы Неплюевпен өзара қарым-қатынасы ашылатын тұста Әбiлхайырдың бейнесi танылғандай. Әдепкiде дардай көрiнген хан патша губернаторы алдында өзiнiң ұсақтығын ерiксiз байқатып алады. Шығарманың бас жағында қазақ қолын бастап, өз билiгiнде шоқтығы көтерiлiп тұрған айбарлы Әбiлхайыр ендi патшалықтан сәл нәрсенiң өзiн жалынып, кiшiрейiп сұрайтын күйге түскен. Неплюевпен кездескенде оның шырқап айтар тiлегi үшеу ғана. “Бiрiншi өтiнiшiм – маған қарулы үш мың солдат берiңiз… Екiншi тiлегiм: ортаншы ұлым Қожахмет сiздердiң қолыңызда аманат болып тұрғалы жетi жылдан асып барады. Шешесi сағындым деп әден мазамды алып жүр. Ендi Қожахметтi босатып, оның орнына кiшi ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар… Үшiншi тiлегiм: көптен берi Қалдан Церен менiң қарындасым Қарашашты сұрап жүр едi… Артымда бәлендей сүйенер тiрегiм болмағандықтан, жоңғар қоңтайшысымен үнемi жауласа беруден пайда шықпас деймiн. Мәртебелi Елизавета Петровна бұған қарсы болмас” (“Жанталас”, 1973, 178-180 беттер). Әбiлхайырдың дәл осындай түрде көрiнуi объективтiк шындыққа да, оның мiнез ерекшелiгiне де сәйкес. Талай ұсақ халықты билеп-төстеп, әбден әккiленген патшалық ұлығына Әбiлхайырдың тордағы құстай кiрiптарлығы айдан анық едi. Губернатор Неплюев Әбiлхайырдың әлгi үш тiлегiнiң үшеуiн де орындамайтын сыңай бiлдiредi. Сонымен қатар ол ендiгi жерде Әбiлхайырға қарсы қояр күштi қазақ арасынан iздей бастайды. Неплюев қазақ iшiндегi жағдайды Құдабай секiлдi тыңшы арқылы алақандағыдай бiлiпалған. оған, басқалар былай тұрсын, әкесiнiң жасырын iстерiн жария етiп айтып, Әбiлхайырдың өз ұлы Нұралы да тыңшылық қызмет атқарады. Әлбетте, патшалық Әбiлхайырдың қазақ халқы атынан Ресейге бағынамыз депберген антын, еткен еңбегiн мүлде ұмытпайды. Тек оның ендiгi жерде керексiз, қызықсыз болып қалғанын ғана ұқтырады. Әбiлхайыр мiнезiнiң логикасы өте нәзiк нанымды ашылған деймiз. Шығармада кейiпкердiң характер ашылар орайын, “тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн” табу деп осындайды айтсақ керек. °бiлхайырдың сырт көзден жасырулы түпкi сыры мен ақиқат пенделiк келбетi оның Ресейге қарағаннан кейiнгi кезеңдегi iстерiнен табиғи елес берген. Романда неғұрлым айқын, толық көрiнген тұлғаның бiрi – Абылай. Жазушы оның мiнез қырларын аша алатын ұрымтал мезеттердi, байланыстарды талғап ала бiлген. Бiз Абылайды алғаш рет өзiнiң шын аты мен тегiн жасырып, Төле бидiң түйесiн бағып жүрген кезiнде көремiз. Оның өзiн ажалдан сақтап, Хиуадан алып шыққан адамы – Ораз құлды “сырымды жария еттiң” деп өлтiрiп жiбергенi мiнезiнiң аса қатал қырына қанықтырады. Бұдан кейiн Абылайдың ақылы мен алғырлығын сипаттайтын бiрталай асу, тосулардың куәсi боламыз. Оның кектенiп келе жатқан арғын қолына қарсы келмей, бой тасалап, жылысып кетуi, Ертiс тұсынан қазақты шаппақ болған жоңғарды жеңудiң жолын iздестiруi, Сыр бойындағы қалаларды Қоқан үстемдiгiнен азат етуi, қалың қытай әскерiн iлгерi жiбермеу жолындағы тапқырлықтары кесек iсетр. Осы оқиғалар кезiнде оның бейнесi жан-жақты мүсiнделген /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 123-128 беттер/.
18.06.2013 04:48 2533

Патшалық тарапынан өзiне көрсетiлген сый мен құрметке риза болмаған, бiрақ айбат көрсетерлiк кезден өтiп, “Ресей панасына кiремiз” деп өз аузынан ант берiп қойған Әбiлхайырдың мүшкiл халы романда шебер бейнеленген. Әсiресе Орынбор губернаторы, айлалы саясатшы Неплюевпен өзара қарым-қатынасы ашылатын тұста Әбiлхайырдың бейнесi танылғандай. Әдепкiде дардай көрiнген хан патша губернаторы алдында өзiнiң ұсақтығын ерiксiз байқатып алады. Шығарманың бас жағында қазақ қолын бастап, өз билiгiнде шоқтығы көтерiлiп тұрған айбарлы Әбiлхайыр ендi патшалықтан сәл нәрсенiң өзiн жалынып, кiшiрейiп сұрайтын күйге түскен. Неплюевпен кездескенде оның шырқап айтар тiлегi үшеу ғана. “Бiрiншi өтiнiшiм – маған қарулы үш мың солдат берiңiз… Екiншi тiлегiм: ортаншы ұлым Қожахмет сiздердiң қолыңызда аманат болып тұрғалы жетi жылдан асып барады. Шешесi сағындым деп әден мазамды алып жүр. Ендi Қожахметтi босатып, оның орнына кiшi ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар… Үшiншi тiлегiм: көптен берi Қалдан Церен менiң қарындасым Қарашашты сұрап жүр едi… Артымда бәлендей сүйенер тiрегiм болмағандықтан, жоңғар қоңтайшысымен үнемi жауласа беруден пайда шықпас деймiн. Мәртебелi Елизавета Петровна бұған қарсы болмас” (“Жанталас”, 1973, 178-180 беттер).

Әбiлхайырдың дәл осындай түрде көрiнуi объективтiк шындыққа да, оның мiнез ерекшелiгiне де сәйкес. Талай ұсақ халықты билеп-төстеп, әбден әккiленген патшалық ұлығына Әбiлхайырдың тордағы құстай кiрiптарлығы айдан анық едi. Губернатор Неплюев Әбiлхайырдың әлгi үш тiлегiнiң үшеуiн де орындамайтын сыңай бiлдiредi. Сонымен қатар ол ендiгi жерде Әбiлхайырға қарсы қояр күштi қазақ арасынан iздей бастайды. Неплюев қазақ iшiндегi жағдайды Құдабай секiлдi тыңшы арқылы алақандағыдай бiлiпалған. оған, басқалар былай тұрсын, әкесiнiң жасырын iстерiн жария етiп айтып, Әбiлхайырдың өз ұлы Нұралы да тыңшылық қызмет атқарады. Әлбетте, патшалық Әбiлхайырдың қазақ халқы атынан Ресейге бағынамыз депберген антын, еткен еңбегiн мүлде ұмытпайды. Тек оның ендiгi жерде керексiз, қызықсыз болып қалғанын ғана ұқтырады. Әбiлхайыр мiнезiнiң логикасы өте нәзiк нанымды ашылған деймiз. Шығармада кейiпкердiң характер ашылар орайын, “тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн” табу деп осындайды айтсақ керек. °бiлхайырдың сырт көзден жасырулы түпкi сыры мен ақиқат пенделiк келбетi оның Ресейге қарағаннан кейiнгi кезеңдегi iстерiнен табиғи елес берген.

Романда неғұрлым айқын, толық көрiнген тұлғаның бiрi – Абылай. Жазушы оның мiнез қырларын аша алатын ұрымтал мезеттердi, байланыстарды талғап ала бiлген. Бiз Абылайды алғаш рет өзiнiң шын аты мен тегiн жасырып, Төле бидiң түйесiн бағып жүрген кезiнде көремiз. Оның өзiн ажалдан сақтап, Хиуадан алып шыққан адамы – Ораз құлды “сырымды жария еттiң” деп өлтiрiп жiбергенi мiнезiнiң аса қатал қырына қанықтырады. Бұдан кейiн Абылайдың ақылы мен алғырлығын сипаттайтын бiрталай асу, тосулардың куәсi боламыз. Оның кектенiп келе жатқан арғын қолына қарсы келмей, бой тасалап, жылысып кетуi, Ертiс тұсынан қазақты шаппақ болған жоңғарды жеңудiң жолын iздестiруi, Сыр бойындағы қалаларды Қоқан үстемдiгiнен азат етуi, қалың қытай әскерiн iлгерi жiбермеу жолындағы тапқырлықтары кесек iсетр. Осы оқиғалар кезiнде оның бейнесi жан-жақты мүсiнделген /Р.Бердiбай. Тарихи роман. – Алматы, Санат, 1997. – 123-128 беттер/.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға