Жаңалықтар

ЕАЭО Азия және Таяу Шығыспен белсенде түрде сауда жасауы керек – ҚР Президенті

ЕАЭО Азия және Таяу Шығыспен белсенде түрде сауда жасауы керек – ҚР Президенті
17.06.2022 21:21 1557

Еуразиялық экономикалық одақ Азия мен Таяу Шығыс нарықтарын қамти отырып белсенді сауда саясатын жүргізуі керек. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Менің ойымша, жаңа жағдайды ескере отырып, ЕАЭО аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысу қисынды әрі пайдалы болар еді, - деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, Азия, Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, белсенді әрі тиімді сауда саясатын жүргізу керек. Осы орайда Қазақстан «буферлі нарық» іспетті пайдалы рөлін таныта алады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық интеграцияның нақты жетістігі маңызды түрде ортақ сауда стратегиясының тиімділігіне байланысты екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға