Жаңалықтар

Ильиннің жаттығу методикасы жеке кітап болып шықпақ

Дөңгелек үстел ретінде ұйымдастыр­ыл­ған мәслихаттың соңғы күні Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Илья Ильиннің бапкерлеріне сөз кезегі бе­ріл­ді. Алдымен мінберге Ильяның бүгінгі жат­тық­тырушылары Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміров көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мамандар Ильяны 2009 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ильинді Париждегі әлем чемпионатына бастап барған да, Лондон Олимпиадасында жеңіс тұғы­рына көтерген де – осылар. – Өзіміздің жаттықтыру методикамызбен бөліскіміз келеді. Оның барлығын өзімізде сақтап, тек өз пайдамызға асыр­ған­нан еш нәрсе ұтпаймыз. Көпшілікпен бөлі­сіп, сауапты іс жасағамыз келеді. Қа­зақ­станның спорттық тұрғыда әлеуеті зор. Ауыр атлетикадан талай Олимпиада же­ңім­паздарын шығаруға болады. Тек жұ­мы­ла көтерген жүктің жеңіл болатынын түсінгеніміз жөн, – деді Ержас Болтаев. Болтаевтың айтуынша, Ильинді жат­тық­тыру методикасын жасауда талай ел­дің мамандарымен пікір алмасып, талай бапкердің жаттықтыру әдістеріне сүйенген екен. Ішінен тек керектілерін алып, қажет­сіздерін сызып тастап отырған. – Мәселен, – деп жалғастырды Ержас Болтаев, — бізде бапкерлер жаттығу алдында шәкірттерін кроссқа жүгіртіп ал­ғанды жөн көреді. Біз мұны аса қажет емес деп ойлаймыз. Спорттың басқа түрле­ріне керек, бірақ ауыр атлеттерге аса қа­жет емес. Жүгірудің орнына жат­тығу процесіне жүзуді қосқан жөн. Мұ­ның көп нәр­сеге пайдасы тиеді. Бұлшық еттерді қатай­тады. Яғни ауыр атлетикаға өте қажет дү­ние. Илья алдымен әр жат­тығуда 20-30 метр­ге жүзетін. Ақырындап қашықтықты ұлғай­тып 2 мың метрге жеткіздік. Бұл процесс үшін үш ай уақыт кетті. Нәтиже­сін­де Ильин ар­қасының бұрын­ғыдай ауырмайтынын байқады. Көрсет­кіштері де жақ­сара бастады. Өзін сергек сезінетін бол­ды. Демек, жүзу жарақатқа да көп көмек­теседі. Сонымен қатар Илья Ильинді жаттық­тыру барысында Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміров престік жаттығуларды көп пайдаланбапты. Оның орнына «Айкөне» деп аталатын қазақтың қайта жаңғырған гимнастикасымен шұғылданған. Бұл гим­нас­тиканың ерекшелігі сол: жаттығуды дене мүшесінің қажетті жерлеріне ғана бағыттауға болады. Яғни бел, омыртқа, мойын, арқа, бас, аяқ-қолға дейін арнал­ған өзінің жаттығулары бар. Бұдан бөлек Ержас Болтаев ауыр ат­лет­тің қалыптасуына спорттық тамақтану­дың да орны ерекше екенін айтып өтті. – Лондон Олимпиадасының алдында Ильин Польша, Оңтүстік Корея, Германия сынды елдерде жаттықты. Әр жерден өзі­мізге керекті дүниелерді сіңіруге ты­рыстық. Мәселен, Германияның Франкфурт қаласында Тойшан Бектеміров 1990 жылдары әлемге әйгілі болған немістің Хеллингер деген атлетімен тәжірибе алмасты. Хеллингер бүгінде спорттық та­мақ­тану методикасын жасаумен әлемге аты шыққан. Біз одан керегімізді үйреніп, оны Энвер Түркелеридің қазақстандық тола­ғайларға жасап берген тамақтану әдісіне сіңірдік те, өзіміздің методикамызды жасап шығардық, – деді Ержас Болтаев. Жалпы, Болтаевтың баяндамасының мәнді шыққаны соншалық – бапкерлер ара­сынан қызығушылық танытып сұрақ қойып жатқандар да көп болды. Тіпті федерация президенті Қайрат Тұрлыханов­тың өзі қызығып: «Ержас, осының барлы­ғын жиып кітап қылып шығарсаң қайтеді? Жас бапкерлерге үлкен мектеп болар еді. Үйренетін жері көп екен», – деп ұсыныс тас­тады. Мұны ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни де қостап, басын изеп қалды. – Мен мұның барлығын федерациясын бас хатшысы Меңдіхан Тәпсірұлына тапсырамын. Келісіп қойдық. Федерация­ның атынан кітап қылып шығаруға болады, – деді Болтаев. Илья Ильинді бала күнінен бастап, бүгінге дейін жаттықтырып келген Вилорий Пакқа да сөз кезегі беріліп, Вилорий Викторович балаларды ауыр атлетикаға кішкентайынан баулу керектігін айтты. – Балалар бокс пен күреске 10 жасынан бастап қатысады екен. Акробатика, гимнастика, жүзу сынды спорт түрлеріне тіпті 5 жасынан бастап іріктеледі. Ал ауыр атлетикаға есейген шақтарында ғана келеді. Яғни өзіміз де куә болып жатамыз, көбінесе басқа спорт түрлеріне қатысып, бағы жанбағандар ғана зілтемір көтеруге келіп жатады. Осы олқылықты түзеу керек. Ауыр атлетикаға ерте жастан қатысса, аяқтары қисық болып, бойлары өспей қалады деген бос сөз. Небір еңгезердей жігіттеріміз жүр ғой. Сондықтан балаларға кішкентайынан зілтемір көтерту қажет, – деп түйіндеді ойын Вилорий Пак. Семинар соңында келген қонақтарға алғысын білдірген федерация басшысы Қайрат Болатұлы қатысушы бапкерлерді арнайы сертификатпен марапаттады.   Қайрат Тұрлыханов, ҚР ауыр атлетика федерациясының президенті: – Мұндай семинар ауыр атлетикамызда он жыл бойы өтпепті. Зілтемір төңірегіндегі проблемаларды шешу үшін еліміздің әр аудан, ауылдарының бапкерлерін жинап, басын қосқан жайымыз бар. Енді мұндай семинар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдас­тырылып тұрады. Мәслихаттың қорытындысы бойынша әдістемелік кітап шығаратын боламыз. Алексей Ни, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері: – Бес Олимпиада ойындарында бас бапкер болдым. Талай әлем чемпионаттарының куәсімін. Бейжіңде тапсырманы орындап, бір алтынмен оралғанбыз. Лондонда тапсырманы асыра орындадық. Тіпті спортшылардың әлеуеттерін жетік білетін мен үшін де толағайларымыздың төрт алтын алуы үлкен жаңалық болды. Енді алда – Рио Олимпиа­дасы. Алдымызға одан да үлкен мақсаттар жүктейміз. Шынымды айтсам, менде стимул қалмай барады. Өйткені бас бапкер ретінде жетістіктің барлығына жетудемін. Ендігі мақсатым – өз білгенімізді ішімізде сақтап қалмай, жас мамандармен бөлісу. Дереккөзі: BAQ.kz
12.12.2012 09:29 4195

Дөңгелек үстел ретінде ұйымдастыр­ыл­ған мәслихаттың соңғы күні Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Илья Ильиннің бапкерлеріне сөз кезегі бе­ріл­ді. Алдымен мінберге Ильяның бүгінгі жат­тық­тырушылары Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміров көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мамандар Ильяны 2009 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ильинді Париждегі әлем чемпионатына бастап барған да, Лондон Олимпиадасында жеңіс тұғы­рына көтерген де – осылар.

– Өзіміздің жаттықтыру методикамызбен бөліскіміз келеді. Оның барлығын өзімізде сақтап, тек өз пайдамызға асыр­ған­нан еш нәрсе ұтпаймыз. Көпшілікпен бөлі­сіп, сауапты іс жасағамыз келеді. Қа­зақ­станның спорттық тұрғыда әлеуеті зор. Ауыр атлетикадан талай Олимпиада же­ңім­паздарын шығаруға болады. Тек жұ­мы­ла көтерген жүктің жеңіл болатынын түсінгеніміз жөн, – деді Ержас Болтаев.

Болтаевтың айтуынша, Ильинді жат­тық­тыру методикасын жасауда талай ел­дің мамандарымен пікір алмасып, талай бапкердің жаттықтыру әдістеріне сүйенген екен. Ішінен тек керектілерін алып, қажет­сіздерін сызып тастап отырған.

– Мәселен, – деп жалғастырды Ержас Болтаев, — бізде бапкерлер жаттығу алдында шәкірттерін кроссқа жүгіртіп ал­ғанды жөн көреді. Біз мұны аса қажет емес деп ойлаймыз. Спорттың басқа түрле­ріне керек, бірақ ауыр атлеттерге аса қа­жет емес. Жүгірудің орнына жат­тығу процесіне жүзуді қосқан жөн. Мұ­ның көп нәр­сеге пайдасы тиеді. Бұлшық еттерді қатай­тады. Яғни ауыр атлетикаға өте қажет дү­ние. Илья алдымен әр жат­тығуда 20-30 метр­ге жүзетін. Ақырындап қашықтықты ұлғай­тып 2 мың метрге жеткіздік. Бұл процесс үшін үш ай уақыт кетті. Нәтиже­сін­де Ильин ар­қасының бұрын­ғыдай ауырмайтынын байқады. Көрсет­кіштері де жақ­сара бастады. Өзін сергек сезінетін бол­ды. Демек, жүзу жарақатқа да көп көмек­теседі.

Сонымен қатар Илья Ильинді жаттық­тыру барысында Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміров престік жаттығуларды көп пайдаланбапты. Оның орнына «Айкөне» деп аталатын қазақтың қайта жаңғырған гимнастикасымен шұғылданған. Бұл гим­нас­тиканың ерекшелігі сол: жаттығуды дене мүшесінің қажетті жерлеріне ғана бағыттауға болады. Яғни бел, омыртқа, мойын, арқа, бас, аяқ-қолға дейін арнал­ған өзінің жаттығулары бар.

Бұдан бөлек Ержас Болтаев ауыр ат­лет­тің қалыптасуына спорттық тамақтану­дың да орны ерекше екенін айтып өтті.

– Лондон Олимпиадасының алдында Ильин Польша, Оңтүстік Корея, Германия сынды елдерде жаттықты. Әр жерден өзі­мізге керекті дүниелерді сіңіруге ты­рыстық. Мәселен, Германияның Франкфурт қаласында Тойшан Бектеміров 1990 жылдары әлемге әйгілі болған немістің Хеллингер деген атлетімен тәжірибе алмасты. Хеллингер бүгінде спорттық та­мақ­тану методикасын жасаумен әлемге аты шыққан. Біз одан керегімізді үйреніп, оны Энвер Түркелеридің қазақстандық тола­ғайларға жасап берген тамақтану әдісіне сіңірдік те, өзіміздің методикамызды жасап шығардық, – деді Ержас Болтаев.

Жалпы, Болтаевтың баяндамасының мәнді шыққаны соншалық – бапкерлер ара­сынан қызығушылық танытып сұрақ қойып жатқандар да көп болды. Тіпті федерация президенті Қайрат Тұрлыханов­тың өзі қызығып: «Ержас, осының барлы­ғын жиып кітап қылып шығарсаң қайтеді? Жас бапкерлерге үлкен мектеп болар еді. Үйренетін жері көп екен», – деп ұсыныс тас­тады. Мұны ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни де қостап, басын изеп қалды.

– Мен мұның барлығын федерациясын бас хатшысы Меңдіхан Тәпсірұлына тапсырамын. Келісіп қойдық. Федерация­ның атынан кітап қылып шығаруға болады, – деді Болтаев.

Илья Ильинді бала күнінен бастап, бүгінге дейін жаттықтырып келген Вилорий Пакқа да сөз кезегі беріліп, Вилорий Викторович балаларды ауыр атлетикаға кішкентайынан баулу керектігін айтты.

– Балалар бокс пен күреске 10 жасынан бастап қатысады екен. Акробатика, гимнастика, жүзу сынды спорт түрлеріне тіпті 5 жасынан бастап іріктеледі. Ал ауыр атлетикаға есейген шақтарында ғана келеді. Яғни өзіміз де куә болып жатамыз, көбінесе басқа спорт түрлеріне қатысып, бағы жанбағандар ғана зілтемір көтеруге келіп жатады. Осы олқылықты түзеу керек. Ауыр атлетикаға ерте жастан қатысса, аяқтары қисық болып, бойлары өспей қалады деген бос сөз. Небір еңгезердей жігіттеріміз жүр ғой. Сондықтан балаларға кішкентайынан зілтемір көтерту қажет, – деп түйіндеді ойын Вилорий Пак.

Семинар соңында келген қонақтарға алғысын білдірген федерация басшысы Қайрат Болатұлы қатысушы бапкерлерді арнайы сертификатпен марапаттады.

 

Қайрат Тұрлыханов, ҚР ауыр атлетика федерациясының президенті:

– Мұндай семинар ауыр атлетикамызда он жыл бойы өтпепті. Зілтемір төңірегіндегі проблемаларды шешу үшін еліміздің әр аудан, ауылдарының бапкерлерін жинап, басын қосқан жайымыз бар. Енді мұндай семинар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдас­тырылып тұрады. Мәслихаттың қорытындысы бойынша әдістемелік кітап шығаратын боламыз.

Алексей Ни, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

– Бес Олимпиада ойындарында бас бапкер болдым. Талай әлем чемпионаттарының куәсімін. Бейжіңде тапсырманы орындап, бір алтынмен оралғанбыз. Лондонда тапсырманы асыра орындадық. Тіпті спортшылардың әлеуеттерін жетік білетін мен үшін де толағайларымыздың төрт алтын алуы үлкен жаңалық болды. Енді алда – Рио Олимпиа­дасы. Алдымызға одан да үлкен мақсаттар жүктейміз. Шынымды айтсам, менде стимул қалмай барады. Өйткені бас бапкер ретінде жетістіктің барлығына жетудемін. Ендігі мақсатым – өз білгенімізді ішімізде сақтап қалмай, жас мамандармен бөлісу.

Дереккөзі: BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға