Жаңалықтар

Жәлел Карабала

  Жәлел Карабала КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегі. Ғабдужәлел Қарабала 1916 жылы 5 мамырда Қостанай облысы бұрынғы Торғай облысы, Жангелді ауданы, Тосын болысында туған. Ол қазақ халқының ардақты, елінің мақтанышы болған әйгілі Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпағы. Жастай әке-шешеден жетім қалып, Торғайда балалар үйінде тәрбиеленген. Атақты ұстаз Н.Г.Иванов басшылық жасаған орыс жетіжылдық мектебін оқып бітірген соң, еңбек жолын «Торғайдың Ғани Мұратбаевы» атанған Оймауыт Дауылбаевтың басшылығымен комсомол жұмысынан бастайды. Ғабдужәлел Қарабала 1935 жылы Ақтөбе өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Алматы қаласындағы Қазақтың коммунистік журналистика институтына түсіп,оны ойдағыдай бітірген алғашқы қазақ жастарының бірі болды. Бұл жөнінде 1938 жылы шілде айының 18 жұлдызында Қаз.КИЖ-дің ректоры Балкашев, оқу бөлімінің меңгерушісі мен хатшысы Жеребятиев пен Ломакитаның қолдары қойылған сарғыш тартқан құжат куәлік етеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң аз уақыт Қостанай облыстық «Коммунизм Таңы» газетінде бөлім бастығы қызметін атқарды. 1938 жылдың қарашасында азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып Фин соғысына қатысады. 1940 жылы туған елге оралып Торғай ауданының «Социалистік ауыл» газетінде бөлім бастығы,редактор қызметтерін атқарды.1942 жылы майданға шақырылып, 19-шы Атқыштар дивизиясының «За Родину» газеті редакторының орынбасары болып,кейін Орал соғыс округінің құрамындағы Шұбаркөлдегі әскери дайындық оқу орнында саяси жетекші қызметін атқарды. Бейбіт өмірге оралғаннан кейін Қостанай облысының бірнеше аудандарында газеттің,кеңес және партия органдарында басшылық жұмыстарында болды. Зейнетке шыққаннан кейін біраз жыл Қостанай облысы Жангелдин аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы ретінде Ғабдужәлел Қарабала үлкен қоғамдық жұмыс-жас ұрпақты Отан- анаға шын берілгендік рухында тәрбиелеу ісіне араласты. Соғыс және одан кейінгі жылдары елінің алдында атқарған орасан еңбектері үшін бірнеше медальдармен және ҚазССР-ның Құрмет грамотасымен,сондай-ақ 2006 жылы Қазақстан журналистер Одағы республиканың қарт жорналшысы ретінде Ғабдужәлел Қарабаланы 90-ға келген мерейтойымен қызу құттықтап,Одақ төрағасы С.Матаевтың қолы қойылған Құттықтау хатпен марапатталды. Ғабдужәлел Қарабала ұзақ,жемісті де кемел өмір сүрді.Тоқсанға келгенше қаламы қолдан түспеген қарт жорналшы атанды.Елінің ,халқының игілігі үшін аянбай еңбек етіп,тоқсанды бастап барып 2007 жылы қайтыс болды.2011 жылы Ғабдужәлел Қарабаланың 95 жасқа толуына байланысты ұрпақтары оның жарты ғасырдан астам уақыт ұрпаққа үлгі берер сан-алуан тақырыпқа жазылған мақалалары мен қолжазбаларын және жүргізген күнделіктерін іріктеп жинақтап, «Ту ұстап,тарлан мінген тархан» атымен жеке кітап етіп жарыққа шығаруды жоспарлауда. Қарт жорналшының жазған дүниелері Торғай тарихы белестерінің құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Торғайдың жыр тарландары Нұрхан мен Ахметқан, Қайнекей мен Сырбай және Назарбектер Ғабдужәлел Қарабаланың тарихи тағылымды тақырыпқа жазылған еңбектеріне кезінде өз пікірлерін айтып, жоғары бағалап лебіздерін білдірген.Сөз соңын ақын Айбатыр Ахметбековтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік: Ең бақытты мен Сізді қазақ дер ем, Өз елінде орыны бар насаты төрден. Гомер шалдың жалғасы Торғайдағы, Кемел шағын елімен жасап келген. Ел тілеген тілегін жолдағының, Тұрар Торғай киесі қолдап ұлын. Шежіресі өзіңсің қос ғасырдың, Толғауы тоқсан және де толғамы мың. Қасымханнан қалғандай жалын екпін, Шеген бидей сөзіңнің мәні көп-тым. Болса біреу,Сіз дер ем лайықты, Деп айтуға ұрпағы Жәнібектің. Қыспақты да көрдіңіз шет жағалап, Ісіңізден көрінген тек қана ақ. Қайнекейдей ақынның теңеп кеткен, Шолоховы Торғайдың деп бағалап. Кешегіден бүгіннің ұтқаны көп, Атты елдің арайлы құт таңы боп. Назарбектей ақынның мақтан тұтқан, Өзіңізді далының Мұхтары деп. Ерлер ісі қашанда орта аңызы, Үлгі-өнеге ұрпақтың жортар ізі. Ақын едім,сондықтан деп айтамын, Қарт Торғайдың жаса деп қарт абызы. Р.S. Ақыннан асып не айтып,не қосасың?!...Ел аман,жұрт тыныш болса КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегінің есімі ұмытылмай,ел аузында аталып,оның игі істері соңына өшпес із қалдырары хақ. ҚР ІІМ-нің зейнеткері, Ертай Қарабала  
05.12.2012 11:43 3208

 

Жәлел Карабала

КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегі.

Ғабдужәлел Қарабала 1916 жылы 5 мамырда Қостанай облысы бұрынғы Торғай облысы, Жангелді ауданы, Тосын болысында туған. Ол қазақ халқының ардақты, елінің мақтанышы болған әйгілі Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпағы. Жастай әке-шешеден жетім қалып, Торғайда балалар үйінде тәрбиеленген. Атақты ұстаз Н.Г.Иванов басшылық жасаған орыс жетіжылдық мектебін оқып бітірген соң, еңбек жолын «Торғайдың Ғани Мұратбаевы» атанған Оймауыт Дауылбаевтың басшылығымен комсомол жұмысынан бастайды. Ғабдужәлел Қарабала 1935 жылы Ақтөбе өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Алматы қаласындағы Қазақтың коммунистік журналистика институтына түсіп,оны ойдағыдай бітірген алғашқы қазақ жастарының бірі болды. Бұл жөнінде 1938 жылы шілде айының 18 жұлдызында Қаз.КИЖ-дің ректоры Балкашев, оқу бөлімінің меңгерушісі мен хатшысы Жеребятиев пен Ломакитаның қолдары қойылған сарғыш тартқан құжат куәлік етеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң аз уақыт Қостанай облыстық «Коммунизм Таңы» газетінде бөлім бастығы қызметін атқарды. 1938 жылдың қарашасында азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылып Фин соғысына қатысады. 1940 жылы туған елге оралып Торғай ауданының «Социалистік ауыл» газетінде бөлім бастығы,редактор қызметтерін атқарды.1942 жылы майданға шақырылып, 19-шы Атқыштар дивизиясының «За Родину» газеті редакторының орынбасары болып,кейін Орал соғыс округінің құрамындағы Шұбаркөлдегі әскери дайындық оқу орнында саяси жетекші қызметін атқарды. Бейбіт өмірге оралғаннан кейін Қостанай облысының бірнеше аудандарында газеттің,кеңес және партия органдарында басшылық жұмыстарында болды. Зейнетке шыққаннан кейін біраз жыл Қостанай облысы Жангелдин аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы ретінде Ғабдужәлел Қарабала үлкен қоғамдық жұмыс-жас ұрпақты Отан- анаға шын берілгендік рухында тәрбиелеу ісіне араласты. Соғыс және одан кейінгі жылдары елінің алдында атқарған орасан еңбектері үшін бірнеше медальдармен және ҚазССР-ның Құрмет грамотасымен,сондай-ақ 2006 жылы Қазақстан журналистер Одағы республиканың қарт жорналшысы ретінде Ғабдужәлел Қарабаланы 90-ға келген мерейтойымен қызу құттықтап,Одақ төрағасы С.Матаевтың қолы қойылған Құттықтау хатпен марапатталды. Ғабдужәлел Қарабала ұзақ,жемісті де кемел өмір сүрді.Тоқсанға келгенше қаламы қолдан түспеген қарт жорналшы атанды.Елінің ,халқының игілігі үшін аянбай еңбек етіп,тоқсанды бастап барып 2007 жылы қайтыс болды.2011 жылы Ғабдужәлел Қарабаланың 95 жасқа толуына байланысты ұрпақтары оның жарты ғасырдан астам уақыт ұрпаққа үлгі берер сан-алуан тақырыпқа жазылған мақалалары мен қолжазбаларын және жүргізген күнделіктерін іріктеп жинақтап, «Ту ұстап,тарлан мінген тархан» атымен жеке кітап етіп жарыққа шығаруды жоспарлауда. Қарт жорналшының жазған дүниелері Торғай тарихы белестерінің құнды құжаттарына айналатыны ақиқат. Торғайдың жыр тарландары Нұрхан мен Ахметқан, Қайнекей мен Сырбай және Назарбектер Ғабдужәлел Қарабаланың тарихи тағылымды тақырыпқа жазылған еңбектеріне кезінде өз пікірлерін айтып, жоғары бағалап лебіздерін білдірген.Сөз соңын ақын Айбатыр Ахметбековтың мына бір өлең шумағының жолдарымен аяқтағанды жөн көрдік:
Ең бақытты мен Сізді қазақ дер ем,
Өз елінде орыны бар насаты төрден.
Гомер шалдың жалғасы Торғайдағы,
Кемел шағын елімен жасап келген.
Ел тілеген тілегін жолдағының,
Тұрар Торғай киесі қолдап ұлын.
Шежіресі өзіңсің қос ғасырдың,
Толғауы тоқсан және де толғамы мың.
Қасымханнан қалғандай жалын екпін,
Шеген бидей сөзіңнің мәні көп-тым.
Болса біреу,Сіз дер ем лайықты,
Деп айтуға ұрпағы Жәнібектің.
Қыспақты да көрдіңіз шет жағалап,
Ісіңізден көрінген тек қана ақ.
Қайнекейдей ақынның теңеп кеткен,
Шолоховы Торғайдың деп бағалап.
Кешегіден бүгіннің ұтқаны көп,
Атты елдің арайлы құт таңы боп.
Назарбектей ақынның мақтан тұтқан,
Өзіңізді далының Мұхтары деп.
Ерлер ісі қашанда орта аңызы,
Үлгі-өнеге ұрпақтың жортар ізі.
Ақын едім,сондықтан деп айтамын,
Қарт Торғайдың жаса деп қарт абызы.

Р.S. Ақыннан асып не айтып,не қосасың?!...Ел аман,жұрт тыныш болса КИЖ-дің Торғайлық тұңғыш түлегінің есімі ұмытылмай,ел аузында аталып,оның игі істері соңына өшпес із қалдырары хақ.

ҚР ІІМ-нің зейнеткері, Ертай Қарабала

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға