Жаңалықтар

Өз жайымда

Өз жайымда Өз жайыма келгенде айтарым – драма менің ертеден қолға алған түрім. Өткен уақыттағы драмалық шығармаларым туралы, оның саяси теріс бағыттары, таптық жат мазмұны туралы пікір айтылды. Былтырғы пленумда мен өзім де біраз мәселені айтқанмын. Оның үстіне театр ретінде айта кететін тағы бір жай бар. Ысмағұл театр мен әртістер жайын айтып, соларда ұлтшылдық, қазақшылдық бет белгілегенде, сол театрда пьеса жазушы болған менің ісім сол беттен бөлек болды деуге келмейді. Қайта театр жайынан жазған сол кездегі бір мақаламда мен: "қазақтың бұрынғы ақыны әртіс, бұрынғы айтысы, жар-жары – әрі пьеса, әрі опера. Театр негізі осындай ұлттық негізге құрылсын", – дегенмін. Шынында "Қаракөз" бір жағынан осындай жүйені қалыптаған пьеса болып еді. Бұл пролетариат әдебиетінің бағытынан тысқары, оған жат жол. Түр мәселесін негіздеп ұсыну. Интернационалдық мәдениет пен совет театрының бағытынан қазақ театрын қашыртып, аулақтату. Өзінің жекешелік, өзгешелігін негіз қылып, жалғыз соны ғана ұстану. Мұның бәрінің түбі саяси себепке тіреледі. Ұлттық түр ғана мәселесі болмайды, ұлтшылдық негізі болып шығады. Мен сол жолдан кеттім. Кеткеннен бергі өзімді-өзім түсінуім қандай? Бүгінгі еңбегім мен ертеңгі келешек еңбегіме қоятын шартым не? Ендігі жазушылық, әлеуметшілік міндетімді қалай түсінем? Жұртшылық сынынан не күтем, оны бір мақалада былай ашып отырмын: "Тақырыпта, әңгіме дүкенін құруда, тіл кестесінде жалпы суреттілік сапада айнала шапқан мен "Еңлік—Кебек", "Қилы заман" маңында қала берсем – мінім, салт-санада, суреттілікте, төңкерістік сапада үдеп дами алсам – ол қасиетім болмаққа керек. Менің кеңес жағына шығудан бұрынғы шиырым жазушылығымның өзіне де қауіп еді. Ол қоғамдық дағдарыс қана емес, өнер майданында өсу, ұлғаюдың да дағдарысы болар еді... Ендігі жаңа негізге ауысуым мені тұйықтан шығарып, жаңа арнаға, қайнар өмірге, қызықты өріске әкеп салды. Енді анда-санда ескі тақырыпта алсам да кеңес археологы болып алуыма керек. Іштей, тыстай шалалығым болып сүрініп-қабынуым бола жүруге мүмкін. Бұл қашар шақты қамдағаным емес. Шын беттеген соң сүрінбеуді өзіме нық шарт қып қоямын. Бірақ, ойланған түсінікті "Бірақ секіріп келем" десем жалған айтқан болуым мүмкін. Сондықтан пролетарка сынды көмекшім, өз денем деп ұғынғым, сезінгім келеді. Сол сынға ең алдымен: міне, түзе, жетекте, жәрдем ет дегім келеді" дегенмін. Осы жолдағы өз ісімнің тәжірибесі: "Октябрь үшін", "Тартыс", "Айман—Шолпан" әңгіме, очерктерім және күнделік еңбегім. Осымен қатар соңғы кезде біздің сынның көп көңіл бөлген нәрсесінің бірі – "Хан Кене" пьесасы болды. Бүгінгі баяндамада мен бұған жауап бере кетемін. Ең әуелі Сәкен, Ғабит, Ілияс, Темірбек жолдастардың бәрінің мақаласында бірдей аталатын негізгі саяси мәселелердің басын қоса айтайын. Осы жерлерін теріп, жинап айтумен қатар мен бұл сөздерді дұрыс айтылған сын деймін. Осыларды өзімнің зор саяси қатам деп санайтынмын. Алдыңғы қатар жұртшылықпен бірге бұл жолдастардың "пьесадағы үлкен айып" деп көрсеткен, мен мойындаған міндері мыналар: 1. Хан менен оның жақындары датталып кеткен. Қиялмен зорайтып қаһарман қып шығарған. Пьесаның негізгі мақсаты – хандықтың құлауын көрсету болған да сол жайды бүгінгі төңкеріс тұрғысынан көрсетпей, пролетариат бағытына қарсы, қайшы, жат боп келетін тұрғыдан көрсеткен. 2. Кенесары атымен байланысқан тарихта, қазақ бұқарасының патшалық өкілетімен алысқан қозғалысын Кене өз пайдасына, хандық құрып керегіне жаратпақ еді. Ол көрсетілмеген, бүркеулі күйінде қалған. Бұқараның патша өкіметімен алысуы, жаңа ханның елді сатуы көрсетілмейді. 3. Шын төңкерісшіл болған бұқараны көрсету, оның патшамен де, ханмен де алысқанын көрсету, пьесаның ішінде теріс түрде қалыптанған. Осы арқылы бұқараның осы жайлармен алысуы теріс мағынаға бұрылып, қисық көрсетіліп отыр. 4. Күш, көрік, қаһармандық бәрі де хан жағына ғана берілген. Сол хандардың сырын ашып, қарсы қайрат көрсетіп әрі күшті, әрі көңілге қонымды боп тұратын бұқара ішінен шыққан ереуіл басы адамдардың үлкен кейпі берілмеген. Кедей, жетім-жесір және дулат адамдары көңілге қонымсыз, үстірт алынған адамдар боп шықты. Көрушіні олар тарта алмайды. Қайта пьеса арқылы көруші сол езіліп, қаналып жүрген көптің досы болмай, олардың жауларының тілеулесі боп кетеді. Көрушінің көңілін сондайлық теріске бұрады. Сырттан қарағанда дұрыс жақ боп көрінетін адамдар пьеса ішінде болымсыз, қонымсыз арзан жамау сияқты боп тұр. Нәтижеде бұқара өкілдерін бұлай қып көрсету керексіз, залалды іске айналып отыр. Мен енді съезд үстінде жалпы әдебиет мәселелерімен қатар көтерілген осы сияқты сынға қалай қараймын. Бұл жөнде ұсақ өзімшілдікті былай қойып, ашық, таза көңілмен айтарым: сын менің салт-сана жүзінде түзеліп, дұрыстап өзгеруіме жәрдем ететін сын деп білемін. Екінші, "Хан Кене" пьесасын түзетуіме де көмекші сын деп танимын. Сондықтан мен бұл пьесаны түзеймін. Өзімнің бір қатемді түзеу есебінде істеймін. Түзеудің дәл өзіне келгенде, жоғарыда айтылған негізгі мәселелер еске алыну керек. Бірақ, кәзіргі уақытта мен пьесаның қайта жазылуы, өзгеруі қай түрде болатынын әлі таратып жоспарлағам жоқ. Ендігі пьесаның негізі қай тақырып болмақ. Патша үкіметімен алысы ма, жоқ хандықтың құлауы ма – бұл арасы әлі шешкен мәселем емес. Ол жайда сынның ұсыныстары да екі жарылады (Ғабит пен Темірбек пікірлері). Әзіргі айтарым сол барлық жолдастар айтқан негізгі, саяси мәселелерді еске алып отырып, осы тақырыпты төңкерістік тақырып дәрежесіне жеткізуім керек. Тарихты төңкерісшіл пролетариат тұрғысынан қарайтын, кеңес жазушысының әдісімен көрсетуіме керек. Бұл тақырыпқа ендігі көзқарасым осындай болғандықтан, оның бұдан былайғы оқиғасы, сюжеті – өз алдына соншалық үлкен, негізгі мәселе болмайды. Алатын тақырып пен еңбекке төңкерісшіл жазушы боп бейіл беру жеткілікті. Одан арғысы көрсете білудің шеберлігіне байланады. Горький капитализмнің дағдарысын, Булычевтың баурында жатқан дерті арқылы көрсетеді. Кішкене тақырыппен аз ғана оқиғаның өзінде төңкерістік бағасы зор, үлкен жиынтық көркем сурет дәрежесіне жеткізіп, өсіре көрсетуге болады. Сол себепті ендігі сын маған: ана оқиғаны кіргізбе, мынаны кіргіз, пәленің алып тастап, түгенін сал деген, немесе тақырыбы анау болмасын, мынау болсын деген сияқтыларды айту керек емес. Ол сынның өзіне де жол емес, көп жерде қиын, тайғақ жол болады. Және жазушыға да тұсау болады. Жоғарыдағы негізгі жағдайлар айтылған соң енді қалай түзеу еркі менің өзімде болу керек. Осының бәрімен қатар айтатын бір қосымшам: пьесаның сахнаға қойылуы туралы. "Хан Кене" пьесасы 1928 жылы жазылған еді. Биыл театрда қоярдан бұрын біраз жаңғыртылған еді. Кейін, қойылып шыққанның артынан көрініп отыр: ол қоспалар көңілге қонбайтын жамау ғана болды. Ол кезде осы қоспаны жеткілікті болар деп санауым қата боп шықты. Мен "Хан Кене" пьесасын театрда ойнауға, Бұл күйінде жібермеуіме керек еді. Репертуарға да кіргізбеуім керек еді. "Хан Кене" жайындағы ең соңғы мәселе, Темірбек сынында келтірілген бір ұшқары жайға тоқтап өтпекпін. Ол "Мұса халық өкілі боп көрсетіліпті – жазушының халықты жамандап көрсетуге алған кейпі Мұса" дегендей қылады. Мысалға Кене мен Мұсаның сөзін келтіреді. Жоғарыдағы жалпы сынмен қатар Темірбек сынында айтылған негізгі мәселелерді дұрыс деп білумен қатар айтарым: мына жерде сын сыңаржақ кеткен. Тегінде, пьеса ішіндегі кейіпкер сөзінен тұп-тура жазушының өз санасына қарай бірақ секіре беретін болса, онда сыншыға тайғақ жер көп ұшырайтын болады. Хан сөзі жазушы сөзі болса, онда Кәрібоздың, кемпірдің, тағы басқалардың сол ханды "елдің жауы, дұшпанысың" деп айтқан сөздерін. кімдікі деу керек. Пьесада халықтың нашар көрсетілуі бар. Бірақ өйткенмен де Мұса халық өкілі емес. Бұлай деп талқылау, сынның салмағын кемітетін сияқты. Жұмат пьесалары – "Арқалықтан", "Шахты", одан "Забой", Горькийдің драмаға .қойған бір үлкен шарты: "Драма әсерлі, сюжетті, оқиғасы тығыз болсын" десе соны орындауға талап етеді. Бұл қасиеттері – сахнада қызықты пьеса шығару Жұматтың қолынан келіп жүрген іс еді. Соңғы кезде жазбай кетті. Кемшілігі Киршон атаған кемшілік: "Біз қалдың драматургиясын тұлғалар драматургиясына қарсы қойсақ қателесеміз", – деген. Энгельс айтқан шарт: "Кейіптік тұлғаларды кейіптік жағдайында көрсет", – дейді. Негіз осы. Бұл жаңағы екі жайдың бірлікке кеп қабысуын шарт етеді. Жұмат драматургиясы – оқиға драмасы. Бірақ, кейіп пен терең мінез драмасы емес. Сахнаға қызықты, жарық бергіш оқиғалар көбірек керек боп тұрады. Бұл сыңаржақтық. Осы жай 28 жылдардан бастап бірнеше жыл бойында Атығай, Қанабек сияқты театр айналасындағы жас жазушыларға көп әсер етті. Атығай "Жорықты" жазады. Сахналық жағы қызық. Бірақ мазмұн сарыны бұрынғы ұрылар әңгімесі сияқты немесе Америка (Түріктен) жарқ-жұрқы сияқты боп сұйылып кетеді. Тіпті таптық-саяси мағынасы да сол "қызықтылықтың" қанжығасына байланып кетеді. Қанабек екеуінің Зәурені жазуы (кинодан алып), панасыздарды жазуы (тағы кинодан алып) барлығы да сол оқиға пьесасын қуудан туған. Бұл сыңаржақтық. Театрлық сахналық жағдайды әсерлеу. Кассымен қабысу жолы. Сапа мәселесіне Бұл қайшы, қата жол. Қанабек драмашылдықтың дұрыс жолына "Тартыстан" бастап ауысады. Содан кейін "Колхоз үшін" шығады. Қазірде "16-жылды" жазып жатыр. Комсомолдарға, балаларға арнап "Қарабай ауылын" жазды. Үлкен ірі пьесалардан аудармалар жазады. Біздің актер, режиссер жолдастарымыздың драматургияға қатынасуы үлкен жақсылық. Біздің көп пьесамыздағы ойындық (оқиғалық) жағы аз болатын кемшілікті бұлар сахнаны жақсы білгендіктен айқынырақ көреді. Ашық түсінеді. Сол олқыны толтыра жазады. Бірақ жоғарғыдай біржақты боп кетпесін. Олар көздейтін мақсатты социалды реализм драматургиясы да көздейді. Бірінші негіздері осы болсын. Жұмағали "Атаман Анохин" пьесасын жазды. Тақырыбы қызық, жақсы, зор мағыналы. Тартысы да айқын. Бірақ оқиғаларының байланысы тығыз емес. Әлі шаларақ. Ғалымның "Астық үшін күресі", Асқардың "Семафор ашығы", Тайыр Сағырдың "Қанды талға", Ғұзайырдың "Заман заңы", Дүйсенбектің "Сұмдығы" тағы басқалар бар. Бұларға Киршон еңбегі үлгі болсын. Әйтпесе кейіп шықпай жатыр. Тартыстары үстірт. Адамдары көбінше схема, функция. Бірақ бәрі де өсетін күш. Жәрдем, әсіресе театр жәрдемі күшті болу керек. Жазушы өз ойынан шығарған схеманы драма қылмай, өмірді көбінше оқып, терең зерттесін, сол арқылы осы өмірдің кейіптік мазмұны қалай өзгерді, сонысын шыншылдықпен топтап көрсетсін. Драма театр біріміз де барымыз. Төңкеріс театры осы болмаққа керек. "Колхозшы мен қазақ жұмысшысын төңкерістік бағытта тәрбиелейтін үлкен дүкен ең алдымен драма театры", – деген Мирзоян жолдас сөзі ең дұрыс, ең терең баға. Сондықтан бұл театр драматургиямен нық байланысты. Ол арқылы жалпы әдебиетпен тамырласып жатыр. Бүгінге шейін еткен еңбегі де сондай тарихи, қоғамдық орны, рөлінен туған. Бірақ театрда кемшілік көп. Ол әлі бірде-бір пьесаны ойдағыдай қып, төрт мүшесін түгел қып қойып көрген жоқ. Не режиссерлық жағы, не сюжеттік көрінісі, не актерлер ойыны олқы боп, аяғын үнемі сылти басумен келеді. Төңкерістік пьеса, тарихи пьеса барлығында да солай. Негізінде, театр репертуары төңкерістік репертуар болу шарт. Жақсы репертуар беруде біз драмашылар шабанбыз, келістіре, ұқсата қоюда театр шалағай. Бірақ бұл театр жолын қиын екенін де ұмытпау керек. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 11:03 3919

Өз жайымда

Өз жайыма келгенде айтарым – драма менің ертеден қолға алған түрім. Өткен уақыттағы драмалық шығармаларым туралы, оның саяси теріс бағыттары, таптық жат мазмұны туралы пікір айтылды. Былтырғы пленумда мен өзім де біраз мәселені айтқанмын. Оның үстіне театр ретінде айта кететін тағы бір жай бар. Ысмағұл театр мен әртістер жайын айтып, соларда ұлтшылдық, қазақшылдық бет белгілегенде, сол театрда пьеса жазушы болған менің ісім сол беттен бөлек болды деуге келмейді. Қайта театр жайынан жазған сол кездегі бір мақаламда мен: "қазақтың бұрынғы ақыны әртіс, бұрынғы айтысы, жар-жары – әрі пьеса, әрі опера. Театр негізі осындай ұлттық негізге құрылсын", – дегенмін. Шынында "Қаракөз" бір жағынан осындай жүйені қалыптаған пьеса болып еді. Бұл пролетариат әдебиетінің бағытынан тысқары, оған жат жол. Түр мәселесін негіздеп ұсыну. Интернационалдық мәдениет пен совет театрының бағытынан қазақ театрын қашыртып, аулақтату. Өзінің жекешелік, өзгешелігін негіз қылып, жалғыз соны ғана ұстану. Мұның бәрінің түбі саяси себепке тіреледі. Ұлттық түр ғана мәселесі болмайды, ұлтшылдық негізі болып шығады.

Мен сол жолдан кеттім. Кеткеннен бергі өзімді-өзім түсінуім қандай? Бүгінгі еңбегім мен ертеңгі келешек еңбегіме қоятын шартым не? Ендігі жазушылық, әлеуметшілік міндетімді қалай түсінем? Жұртшылық сынынан не күтем, оны бір мақалада былай ашып отырмын: "Тақырыпта, әңгіме дүкенін құруда, тіл кестесінде жалпы суреттілік сапада айнала шапқан мен "Еңлік—Кебек", "Қилы заман" маңында қала берсем – мінім, салт-санада, суреттілікте, төңкерістік сапада үдеп дами алсам – ол қасиетім болмаққа керек. Менің кеңес жағына шығудан бұрынғы шиырым жазушылығымның өзіне де қауіп еді. Ол қоғамдық дағдарыс қана емес, өнер майданында өсу, ұлғаюдың да дағдарысы болар еді... Ендігі жаңа негізге ауысуым мені тұйықтан шығарып, жаңа арнаға, қайнар өмірге, қызықты өріске әкеп салды. Енді анда-санда ескі тақырыпта алсам да кеңес археологы болып алуыма керек. Іштей, тыстай шалалығым болып сүрініп-қабынуым бола жүруге мүмкін. Бұл қашар шақты қамдағаным емес. Шын беттеген соң сүрінбеуді өзіме нық шарт қып қоямын. Бірақ, ойланған түсінікті "Бірақ секіріп келем" десем жалған айтқан болуым мүмкін. Сондықтан пролетарка сынды көмекшім, өз денем деп ұғынғым, сезінгім келеді. Сол сынға ең алдымен: міне, түзе, жетекте, жәрдем ет дегім келеді" дегенмін.

Осы жолдағы өз ісімнің тәжірибесі: "Октябрь үшін", "Тартыс", "Айман—Шолпан" әңгіме, очерктерім және күнделік еңбегім.

Осымен қатар соңғы кезде біздің сынның көп көңіл бөлген нәрсесінің бірі – "Хан Кене" пьесасы болды. Бүгінгі баяндамада мен бұған жауап бере кетемін.

Ең әуелі Сәкен, Ғабит, Ілияс, Темірбек жолдастардың бәрінің мақаласында бірдей аталатын негізгі саяси мәселелердің басын қоса айтайын. Осы жерлерін теріп, жинап айтумен қатар мен бұл сөздерді дұрыс айтылған сын деймін. Осыларды өзімнің зор саяси қатам деп санайтынмын. Алдыңғы қатар жұртшылықпен бірге бұл жолдастардың "пьесадағы үлкен айып" деп көрсеткен, мен мойындаған міндері мыналар:

1. Хан менен оның жақындары датталып кеткен. Қиялмен зорайтып қаһарман қып шығарған. Пьесаның негізгі мақсаты – хандықтың құлауын көрсету болған да сол жайды бүгінгі төңкеріс тұрғысынан көрсетпей, пролетариат бағытына қарсы, қайшы, жат боп келетін тұрғыдан көрсеткен.

2. Кенесары атымен байланысқан тарихта, қазақ бұқарасының патшалық өкілетімен алысқан қозғалысын Кене өз пайдасына, хандық құрып керегіне жаратпақ еді.

Ол көрсетілмеген, бүркеулі күйінде қалған. Бұқараның патша өкіметімен алысуы, жаңа ханның елді сатуы көрсетілмейді.

3. Шын төңкерісшіл болған бұқараны көрсету, оның патшамен де, ханмен де алысқанын көрсету, пьесаның ішінде теріс түрде қалыптанған. Осы арқылы бұқараның осы жайлармен алысуы теріс мағынаға бұрылып, қисық көрсетіліп отыр.

4. Күш, көрік, қаһармандық бәрі де хан жағына ғана берілген. Сол хандардың сырын ашып, қарсы қайрат көрсетіп әрі күшті, әрі көңілге қонымды боп тұратын бұқара ішінен шыққан ереуіл басы адамдардың үлкен кейпі берілмеген. Кедей, жетім-жесір және дулат адамдары көңілге қонымсыз, үстірт алынған адамдар боп шықты. Көрушіні олар тарта алмайды. Қайта пьеса арқылы көруші сол езіліп, қаналып жүрген көптің досы болмай, олардың жауларының тілеулесі боп кетеді. Көрушінің көңілін сондайлық теріске бұрады. Сырттан қарағанда дұрыс жақ боп көрінетін адамдар пьеса ішінде болымсыз, қонымсыз арзан жамау сияқты боп тұр. Нәтижеде бұқара өкілдерін бұлай қып көрсету керексіз, залалды іске айналып отыр.

Мен енді съезд үстінде жалпы әдебиет мәселелерімен қатар көтерілген осы сияқты сынға қалай қараймын. Бұл жөнде ұсақ өзімшілдікті былай қойып, ашық, таза көңілмен айтарым: сын менің салт-сана жүзінде түзеліп, дұрыстап өзгеруіме жәрдем ететін сын деп білемін. Екінші, "Хан Кене" пьесасын түзетуіме де көмекші сын деп танимын. Сондықтан мен бұл пьесаны түзеймін. Өзімнің бір қатемді түзеу есебінде істеймін. Түзеудің дәл өзіне келгенде, жоғарыда айтылған негізгі мәселелер еске алыну керек. Бірақ, кәзіргі уақытта мен пьесаның қайта жазылуы, өзгеруі қай түрде болатынын әлі таратып жоспарлағам жоқ. Ендігі пьесаның негізі қай тақырып болмақ. Патша үкіметімен алысы ма, жоқ хандықтың құлауы ма – бұл арасы әлі шешкен мәселем емес. Ол жайда сынның ұсыныстары да екі жарылады (Ғабит пен Темірбек пікірлері). Әзіргі айтарым сол барлық жолдастар айтқан негізгі, саяси мәселелерді еске алып отырып, осы тақырыпты төңкерістік тақырып дәрежесіне жеткізуім керек.

Тарихты төңкерісшіл пролетариат тұрғысынан қарайтын, кеңес жазушысының әдісімен көрсетуіме керек. Бұл тақырыпқа ендігі көзқарасым осындай болғандықтан, оның бұдан былайғы оқиғасы, сюжеті – өз алдына соншалық үлкен, негізгі мәселе болмайды. Алатын тақырып пен еңбекке төңкерісшіл жазушы боп бейіл беру жеткілікті. Одан арғысы көрсете білудің шеберлігіне байланады. Горький капитализмнің дағдарысын, Булычевтың баурында жатқан дерті арқылы көрсетеді. Кішкене тақырыппен аз ғана оқиғаның өзінде төңкерістік бағасы зор, үлкен жиынтық көркем сурет дәрежесіне жеткізіп, өсіре көрсетуге болады. Сол себепті ендігі сын маған: ана оқиғаны кіргізбе, мынаны кіргіз, пәленің алып тастап, түгенін сал деген, немесе тақырыбы анау болмасын, мынау болсын деген сияқтыларды айту керек емес. Ол сынның өзіне де жол емес, көп жерде қиын, тайғақ жол болады. Және жазушыға да тұсау болады.

Жоғарыдағы негізгі жағдайлар айтылған соң енді қалай түзеу еркі менің өзімде болу керек.

Осының бәрімен қатар айтатын бір қосымшам: пьесаның сахнаға қойылуы туралы. "Хан Кене" пьесасы 1928 жылы жазылған еді. Биыл театрда қоярдан бұрын біраз жаңғыртылған еді. Кейін, қойылып шыққанның артынан көрініп отыр: ол қоспалар көңілге қонбайтын жамау ғана болды. Ол кезде осы қоспаны жеткілікті болар деп санауым қата боп шықты. Мен "Хан Кене" пьесасын театрда ойнауға, Бұл күйінде жібермеуіме керек еді. Репертуарға да кіргізбеуім керек еді. "Хан Кене" жайындағы ең соңғы мәселе, Темірбек сынында келтірілген бір ұшқары жайға тоқтап өтпекпін. Ол "Мұса халық өкілі боп көрсетіліпті – жазушының халықты жамандап көрсетуге алған кейпі Мұса" дегендей қылады. Мысалға Кене мен Мұсаның сөзін келтіреді. Жоғарыдағы жалпы сынмен қатар Темірбек сынында айтылған негізгі мәселелерді дұрыс деп білумен қатар айтарым: мына жерде сын сыңаржақ кеткен. Тегінде, пьеса ішіндегі кейіпкер сөзінен тұп-тура жазушының өз санасына қарай бірақ секіре беретін болса, онда сыншыға тайғақ жер көп ұшырайтын болады. Хан сөзі жазушы сөзі болса, онда Кәрібоздың, кемпірдің, тағы басқалардың сол ханды "елдің жауы, дұшпанысың" деп айтқан сөздерін. кімдікі деу керек. Пьесада халықтың нашар көрсетілуі бар. Бірақ өйткенмен де Мұса халық өкілі емес. Бұлай деп талқылау, сынның салмағын кемітетін сияқты.

Жұмат пьесалары – "Арқалықтан", "Шахты", одан "Забой", Горькийдің драмаға .қойған бір үлкен шарты: "Драма әсерлі, сюжетті, оқиғасы тығыз болсын" десе соны орындауға талап етеді. Бұл қасиеттері – сахнада қызықты пьеса шығару Жұматтың қолынан келіп жүрген іс еді. Соңғы кезде жазбай кетті. Кемшілігі Киршон атаған кемшілік: "Біз қалдың драматургиясын тұлғалар драматургиясына қарсы қойсақ қателесеміз", – деген. Энгельс айтқан шарт: "Кейіптік тұлғаларды кейіптік жағдайында көрсет", – дейді. Негіз осы. Бұл жаңағы екі жайдың бірлікке кеп қабысуын шарт етеді. Жұмат драматургиясы – оқиға драмасы. Бірақ, кейіп пен терең мінез драмасы емес. Сахнаға қызықты, жарық бергіш оқиғалар көбірек керек боп тұрады. Бұл сыңаржақтық. Осы жай 28 жылдардан бастап бірнеше жыл бойында Атығай, Қанабек сияқты театр айналасындағы жас жазушыларға көп әсер етті. Атығай "Жорықты" жазады. Сахналық жағы қызық. Бірақ мазмұн сарыны бұрынғы ұрылар әңгімесі сияқты немесе Америка (Түріктен) жарқ-жұрқы сияқты боп сұйылып кетеді. Тіпті таптық-саяси мағынасы да сол "қызықтылықтың" қанжығасына байланып кетеді. Қанабек екеуінің Зәурені жазуы (кинодан алып), панасыздарды жазуы (тағы кинодан алып) барлығы да сол оқиға пьесасын қуудан туған. Бұл сыңаржақтық. Театрлық сахналық жағдайды әсерлеу. Кассымен қабысу жолы. Сапа мәселесіне Бұл қайшы, қата жол. Қанабек драмашылдықтың дұрыс жолына "Тартыстан" бастап ауысады. Содан кейін "Колхоз үшін" шығады. Қазірде "16-жылды" жазып жатыр. Комсомолдарға, балаларға арнап "Қарабай ауылын" жазды. Үлкен ірі пьесалардан аудармалар жазады.

Біздің актер, режиссер жолдастарымыздың драматургияға қатынасуы үлкен жақсылық. Біздің көп пьесамыздағы ойындық (оқиғалық) жағы аз болатын кемшілікті бұлар сахнаны жақсы білгендіктен айқынырақ көреді. Ашық түсінеді. Сол олқыны толтыра жазады. Бірақ жоғарғыдай біржақты боп кетпесін. Олар көздейтін мақсатты социалды реализм драматургиясы да көздейді. Бірінші негіздері осы болсын.

Жұмағали "Атаман Анохин" пьесасын жазды. Тақырыбы қызық, жақсы, зор мағыналы. Тартысы да айқын. Бірақ оқиғаларының байланысы тығыз емес. Әлі шаларақ.

Ғалымның "Астық үшін күресі", Асқардың "Семафор ашығы", Тайыр Сағырдың "Қанды талға", Ғұзайырдың "Заман заңы", Дүйсенбектің "Сұмдығы" тағы басқалар бар. Бұларға Киршон еңбегі үлгі болсын. Әйтпесе кейіп шықпай жатыр. Тартыстары үстірт. Адамдары көбінше схема, функция. Бірақ бәрі де өсетін күш. Жәрдем, әсіресе театр жәрдемі күшті болу керек. Жазушы өз ойынан шығарған схеманы драма қылмай, өмірді көбінше оқып, терең зерттесін, сол арқылы осы өмірдің кейіптік мазмұны қалай өзгерді, сонысын шыншылдықпен топтап көрсетсін.

Драма театр біріміз де барымыз. Төңкеріс театры осы болмаққа керек. "Колхозшы мен қазақ жұмысшысын төңкерістік бағытта тәрбиелейтін үлкен дүкен ең алдымен драма театры", – деген Мирзоян жолдас сөзі ең дұрыс, ең терең баға. Сондықтан бұл театр драматургиямен нық байланысты. Ол арқылы жалпы әдебиетпен тамырласып жатыр. Бүгінге шейін еткен еңбегі де сондай тарихи, қоғамдық орны, рөлінен туған. Бірақ театрда кемшілік көп. Ол әлі бірде-бір пьесаны ойдағыдай қып, төрт мүшесін түгел қып қойып көрген жоқ.

Не режиссерлық жағы, не сюжеттік көрінісі, не актерлер ойыны олқы боп, аяғын үнемі сылти басумен келеді. Төңкерістік пьеса, тарихи пьеса барлығында да солай. Негізінде, театр репертуары төңкерістік репертуар болу шарт. Жақсы репертуар беруде біз драмашылар шабанбыз, келістіре, ұқсата қоюда театр шалағай. Бірақ бұл театр жолын қиын екенін де ұмытпау керек.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға