Жаңалықтар

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі Кеңестік тарихнамада мемлекет кұрылысының социалистік ұстанымдары негізінде «қазақ жерін біріктіру» проблемасы бойынша кең көлемді материалдар берілген Әлеуметтік-таптық антагонизм орын алып отырған жағдайда ұлттың дамуы мен ұлттық мемлекеттің құрылуының марксистік-лениндік әдіснамасына негізделе отырып, қазақстандық зерттеушілер қазақ мемлекеттігі қалыптасуының тарихи үрдісін көрсете алды. Бұл ретте аталған зерттеулердің құндылығы қарастырылып отырған үрдістің құжаттық негізделген тұғырнамасында екенін айтып өту керек. Деректемелердің кең көлемді ауқымына сүйеніп, Қазақстан тарихының көне дәуірдегі және ортағасырлық құжаттары мен материалдарын пайдаланып, қоғамтанушы-ғалымдар Қазақстан аумағы мен шекарасы қалыптасу тарихының бүкіл динамикасын көрсете алды. Сол кездегі көптеген енбектерге тән белгілі бір сарында жазылғандығына қарамастан, буизерттеулердің осы заманның ең күрделі проблемаларының бірі бойынша іргелі еңбектер ретіндегі ғылыми және практикалық құндылығын атап өту маңызды. «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы», I том (1917-1925; С.З. Зимановтың, М.О. Биндердің редакциясымен. А., 1976); «Қазақ КСР-інің құрылуы». Құжаттар мен материалдар жинағы (С.Н. Покровскийдің редакциясымен. А., 1957); А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында қазақ жерлерін біріктіру», (А., 1953); В.К. Савоськоның «Қазақ автономиялық КСР-інің Одақтас республика болып қайта құрылуы» (А., 1951) монографиялары; «Қазақ АКСР-інің құрылуы» (А., 1957); «КОКП және Кеңес үкіметі Қазақстан туралы. 1917—1977 жылдар. Құжаттар мен материалдар жинағы (А., 1978); «Автономиялық Қырғыз Социалист Кеңестік Республикасы туралы Декрет»//В.И. Ленин Қазақстан туралы. Құраст. С.Б. Бейсембиев және басқа (А., 1982); «КСРО бауырлас халықтарының шаңырағы. Құжаттар мен материалдар (1920-1937)». (Кұраст. Х.Г. Айдарова және баска А., 1972) секілді енбектерді дәл осы тұрғыдан қарастыру қажет. XX ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай, ғылыми айналымға Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс проблемасы бойынша айтарлықтай деректік материалдардың қосылуына байланысты, зерттеушілер проблеманы әр алуан тарихи-құқықтық және этно-аумақтық аспектіде қарастыра бастады. Бұл проблеманы зерттеуге қазақстандық ғалым-этнографтар да айтарлықтай үлес қосты. Олардың еңбектерінде Қазақстанның этникалық аумағының қалыптасу тұғырнамасы мен онда басқа халықтардың қоныстану тарихы ғылыми тұрғыда негізделді Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, мемлекеттік кұрылыс тарихын зерттеуде, Қазақстанның егемендік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Академик М.К.. Қозыбаевтың әділ түрде көрсеткеніндей, «ұлтаралық қатынас проблемасы, халықтардың егеменді құқықтарын қадағалау... таза теориялық талаптар шегінен шығып, өткір саяси пікірталастық сипат алды». А.И. Солженициннің «Ресейді қалай көркейтеміз: қол жетерлік пайымдаулар» мақаласы, сондай-ақ Л. Васильевтің, Г. Поповтың және басқалардың қазақстандық Алтайды, Қазақстанның солтүстік облыстары мен батыс аудандарының жерлерін қайтаруды талап еткен пікірлері ұлы державалық шовинизмнің ашық көрінісі болды. Дәл осы кездері, сондай-ақ «ұлы Темір» империясын қайта өркендету туралы үндеулер де шыға бастады. Осыған байланысты қазақстандық қоғамтанушылар Қазақстанның аумақтық тұтастығы, оның тарихи даму зандылықтарының ғылыми негізделген тұғырнамасын жасады. «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің хаттамалары (1919—1920). Құжаттар жинағы» (А., 1993); М.П. Малышевтің «Сібір мен Қазақстанның ұлттық-аумақтық межелік бөлінісі (1919-1922)». (Семей, 1999); Т. Рыскұловтың «Үш томдық шығармалар жинағы» (А., 1996,1998) секілді жұмыстардың, сондай-ақ халықаралық құқық жөніндегі «Халықаралық құқық бойынша құжаттар жинағы», 1 том//К. Токдевтың редакциясымен (А., 1998) және басқа да жұмыстардың жарық көруі аталған проблеманы зерттеу мен оқып үйренудің ауқымын кеңейтті, аумақтық меже бөлінісі мен мемлекеттік шекаралардың қалыптасуы жөніндегі таласты мәселелерді ашып көрсететін жаңа немесе кеңінен белгілі емес деректер мен құжаттық материалдардың тұтас шоғыры айқындалып, ғылыми айналымға енгізілді.  
05.12.2012 05:25 9327

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі

Кеңестік тарихнамада мемлекет кұрылысының социалистік ұстанымдары негізінде «қазақ жерін біріктіру» проблемасы бойынша кең көлемді материалдар берілген Әлеуметтік-таптық антагонизм орын алып отырған жағдайда ұлттың дамуы мен ұлттық мемлекеттің құрылуының марксистік-лениндік әдіснамасына негізделе отырып, қазақстандық зерттеушілер қазақ мемлекеттігі қалыптасуының тарихи үрдісін көрсете алды.

Бұл ретте аталған зерттеулердің құндылығы қарастырылып отырған үрдістің құжаттық негізделген тұғырнамасында екенін айтып өту керек. Деректемелердің кең көлемді ауқымына сүйеніп, Қазақстан тарихының көне дәуірдегі және ортағасырлық құжаттары мен материалдарын пайдаланып, қоғамтанушы-ғалымдар Қазақстан аумағы мен шекарасы қалыптасу тарихының бүкіл динамикасын көрсете алды. Сол кездегі көптеген енбектерге тән белгілі бір сарында жазылғандығына қарамастан, буизерттеулердің осы заманның ең күрделі проблемаларының бірі бойынша іргелі еңбектер ретіндегі ғылыми және практикалық құндылығын атап өту маңызды. «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы», I том (1917-1925; С.З. Зимановтың, М.О. Биндердің редакциясымен. А., 1976); «Қазақ КСР-інің құрылуы». Құжаттар мен материалдар жинағы (С.Н. Покровскийдің редакциясымен. А., 1957); А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында қазақ жерлерін біріктіру», (А., 1953); В.К. Савоськоның «Қазақ автономиялық КСР-інің Одақтас республика болып қайта құрылуы» (А., 1951) монографиялары; «Қазақ АКСР-інің құрылуы» (А., 1957); «КОКП және Кеңес үкіметі Қазақстан туралы. 1917—1977 жылдар. Құжаттар мен материалдар жинағы (А., 1978); «Автономиялық Қырғыз Социалист Кеңестік Республикасы туралы Декрет»//В.И. Ленин Қазақстан туралы. Құраст. С.Б. Бейсембиев және басқа (А., 1982); «КСРО бауырлас халықтарының шаңырағы. Құжаттар мен материалдар (1920-1937)». (Кұраст. Х.Г. Айдарова және баска А., 1972) секілді енбектерді дәл осы тұрғыдан қарастыру қажет.

XX ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай, ғылыми айналымға Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс проблемасы бойынша айтарлықтай деректік материалдардың қосылуына байланысты, зерттеушілер проблеманы әр алуан тарихи-құқықтық және этно-аумақтық аспектіде қарастыра бастады. Бұл проблеманы зерттеуге қазақстандық ғалым-этнографтар да айтарлықтай үлес қосты. Олардың еңбектерінде Қазақстанның этникалық аумағының қалыптасу тұғырнамасы мен онда басқа халықтардың қоныстану тарихы ғылыми тұрғыда негізделді

Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, мемлекеттік кұрылыс тарихын зерттеуде, Қазақстанның егемендік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Академик М.К.. Қозыбаевтың әділ түрде көрсеткеніндей, «ұлтаралық қатынас проблемасы, халықтардың егеменді құқықтарын қадағалау... таза теориялық талаптар шегінен шығып, өткір саяси пікірталастық сипат алды».

А.И. Солженициннің «Ресейді қалай көркейтеміз: қол жетерлік пайымдаулар» мақаласы, сондай-ақ Л. Васильевтің, Г. Поповтың және басқалардың қазақстандық Алтайды, Қазақстанның солтүстік облыстары мен батыс аудандарының жерлерін қайтаруды талап еткен пікірлері ұлы державалық шовинизмнің ашық көрінісі болды. Дәл осы кездері, сондай-ақ «ұлы Темір» империясын қайта өркендету туралы үндеулер де шыға бастады. Осыған байланысты қазақстандық қоғамтанушылар Қазақстанның аумақтық тұтастығы, оның тарихи даму зандылықтарының ғылыми негізделген тұғырнамасын жасады. «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің хаттамалары (1919—1920). Құжаттар жинағы» (А., 1993); М.П. Малышевтің «Сібір мен Қазақстанның ұлттық-аумақтық межелік бөлінісі (1919-1922)». (Семей, 1999); Т. Рыскұловтың «Үш томдық шығармалар жинағы» (А., 1996,1998) секілді жұмыстардың, сондай-ақ халықаралық құқық жөніндегі «Халықаралық құқық бойынша құжаттар жинағы», 1 том//К. Токдевтың редакциясымен (А., 1998) және басқа да жұмыстардың жарық көруі аталған проблеманы зерттеу мен оқып үйренудің ауқымын кеңейтті, аумақтық меже бөлінісі мен мемлекеттік шекаралардың қалыптасуы жөніндегі таласты мәселелерді ашып көрсететін жаңа немесе кеңінен белгілі емес деректер мен құжаттық материалдардың тұтас шоғыры айқындалып, ғылыми айналымға енгізілді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға