Павлодар облысында 12 жасар оқушы ана атанды

Павлодар облысында 12 жасар оқушы ана атанды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Павлодар облысының Шарбақты ауданында 12 жасар қыз ана атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, 12 жасар оқушының жүкті екені мектепте анықталған. Қыз бала жақында 13 жасқа толады. Ол Павлодар облыстық перинаталдық орталықта босанды.

Бұл жайтқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Мектеп директоры жұмыстан қуылған, ал аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң түрде ескерту алды.

Оқи отырыңыз