Жаңалықтар

Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды

Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 10.07.2024 00:32 5162

Гауһар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гауһар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол Қ.Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.

Гауһар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда, Францияның Қазақстандағы елшілігінің қатысуымен «Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін», А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» (қоюшы-режиссер Джанкарло дель Монако), Е. Брусиловский «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзе), сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаларды әзіреп, оны жүзеге асырған.

Сонымен қатар Гауһар Тасбергенова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға