Жаңалықтар

Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот не шешті?

Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот не шешті?
Фото: Видеодан кадр 09.07.2024 16:02 7516

Астана қалалық сотында Қайрат Айдарбековқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын. Бірінші сатыдағы сот К.А.-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға