Жаңалықтар

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева

  Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — қағам және мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы. Өмірбаяны Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7.5.1963 жылы, Қарағанды обл. Теміртау қаласында туылған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы. [1]«Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. «Парасат» (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған. Қысқаша өмірбаяны 1963 ж. мамырдың 7-інде дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған. 1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. 1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті. 1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры. 1995 ж. — «„Хабар“ агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1998 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ президенті. 2001 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы. 2003 ж. — «Асар» партиясының лидері. 2006—2007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары. 2004—2007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған. 2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты. 2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы. Қоғамдық қызметі Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті. Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы. Үйлік жағдайы Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Сара Назарбаева. Бұрыңғы күйеуі Рахат Әлиевтен үш балаcы бар: Нұралі Рахатұлы Әлиев , 1985 ж.т., Айсұлтан Рахатұлы Назарбаев, 1990 ж.т.; Венера Рахатқызы Әлиева, 2000 ж.т. тапқан.  
05.12.2012 05:25 7892

 

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева — қағам және мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы.
Өмірбаяны
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7.5.1963 жылы, Қарағанды обл. Теміртау қаласында туылған) – тарих ғылымдарының кандидаты (1991), саясаттану ғылымдарының докторы (1998). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті (1992). «Хабар» телерадио корпорациясының вице-президенті, директоры, президенті (1994–2001), 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы (2003–06) қызметтерін атқарды. 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы. [1]«Демократизация политических систем стран СНГ: опыт, проблемы, приоритеты» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. «Парасат» (2004), Өнер және әдебиет (2009, Франция) ордендерімен марапатталған.
Қысқаша өмірбаяны
1963 ж. мамырдың 7-інде дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, аздап неміс тілін меңгерген.
Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде оқыған.
1985 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1990 ж. Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен. 1991 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.
1992 ж. — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті.
1994 ж. — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995 ж. — «„Хабар“ агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ президенті.
2001 ж. — «„Хабар“ агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
2003 ж. — «Асар» партиясының лидері.
2006—2007 жж. — «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары.
2004—2007 жж. «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланған.
2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты.
2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы.
Қоғамдық қызметі
Телевизия өнерлері мен ғылымдар халықаралық академиясы (Нью-Йорк, АҚШ) басқармасының мүшесі, Еуразия экономикалық халықаралық академиясының мүшесі, Стратегиялық зерттеу Еуразия орталығының президенті.
Әр уақытта қоғамдық мансаптары болған: ҚР ЮНЕСКО жайындағы ұлттық коммисиясының мүшесі, «Қазақстан жарнамасы» қорының президенті, ҚР гимнастика федерациясының құрметті президенті, Қазақстан журналистері конгрессі атқару комитетінің төрайымы, Журналистер академиясы мүшесі, «Жастар қалауы» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрайымы.
Үйлік жағдайы
Әкесі — Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Сара Назарбаева. Бұрыңғы күйеуі Рахат Әлиевтен үш балаcы бар: Нұралі Рахатұлы Әлиев , 1985 ж.т., Айсұлтан Рахатұлы Назарбаев, 1990 ж.т.; Венера Рахатқызы Әлиева, 2000 ж.т. тапқан.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға