30-желтоқсан
КСРО-ның құрылған күні. Осыдан 86 жыл бұрын (1922) Кеңестік социалистік республикалар одағы құрылып, оның құрамына: Беларус, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Латвия, Литва, және Эстония мемлекеттері кірді.
Мадагаскар Республикасының күні. 1975 жылы желтоқсанның 21-де Референдум Демократиялық Мадагаскар Республикасының Ата Заңын қабылдады.
2005 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айтының алғашқы күні және Православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. Сонымен қатар Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялау туралы», «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
1954 жылы «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, ҚР журналистика академиясының академигі Жұмабек Кенжалин дүниеге келді.
Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда туған. 1971 жылы Торғай облысы Арқалық ауданындағы Қайыңды орта мектебін бітірген соң, әскер қатарында қызмет етті, шаруашылықтарда жұмыс істеді.
1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1986-1988 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды. 1990 жылдан «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, ал 1994 жылдың қаңтарына дейін осы басылымның бас редакторы қызметін атқарды. 1996-1997 жж. «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997-1999 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
1999-2006 жж. «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, 2006-2009 жж. «Ақиқат» журналының Бас редакторы, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры - редакторлар кеңесінің төрағасы. Шығармалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр.
Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, ХVІІ шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.