Абдугалимова Айсұлу Тукебайқызы – Астана халықаралық әуежайында 1983-2024 жылдар аралығында тексеру қызметінің инспекторы қызметін атқарған құрметті ардагер. Ол 41 жыл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін талмай адал еңбек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың 29 шілдесінде Айсұлу Тукебайқызы авиация саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Еңбек еткен жылдары ол жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүктелген барлық міндеттерді адал атқарып, өзін жауапты жұмыскер ретінде көрсете білді. Айсұлу ханымның еңбекқорлығы мен тәжірибесі көптеген тыйым салынған заттарды анықтауға мүмкіндік беріп, әуе қауіпсіздігін жоғары дәрежеде қамтамасыз етті.
Әріптестері Айсұлу Тукебайқызының сіңірген еңбегі мен жетістіктерін атап өтіп, құрметті еңбек демалысына ілтипатпен шығарып салды.
Астана әуежайында 41 жыл жұмыс істеген еңбек ардагері зейнетке шықты
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі