27-желтоқсан
1871 жылы лондондық «Хрусталь сарайында» алғашқы дүниежүзілік мысықтар мен марғаулар көрмесі өткізілді.
1938 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы енгізілді. Бұл атаққа шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыс саласында еткен ерен еңбек үшін берілді.
1945 жылы Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкі құрылды. Аталмыш ұйымға Қазақстан 1992 жылы енді.
Ресей Федерациясының құтқарушы күні. Ресей Федерациясы Президентінің 1995 жылғы 26-шы қарашадағы Қаулысымен бекітілген.
Қырғызстанның төлқұжат-бұрыштама қызметкерлерінің күні. 1932 жылғы желтоқсанның 27-де Орталық атқарушы комитет пен КСРО Халық Комиссарлар Одағы «КСР Одағына Бірыңғай төлқұжат жүйені бекіту туралы» Қаулы қабылдады және төлқұжатта міндетті түрде тіркеу болу керек. Осы уақыттан бастап төлқұжат-бұрыштама қызметінің құрылған күні деп есептеледі. 2006 жылғы мамырдың 30-да Қырғыстан Республикасы Президентінің Қаулысымен төлқұжат-бұрыштама Департаменті құрылды.
Апат құрбандарын аза тұту күні. Шымкент қаласының маңында орнаған апатты жағдай 27 адамның өмірін қиып, мұқым қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жарияланды.
1913-1999 жылдары актер, Қазақстанның халық әртісі Шахан Мусин дүниеге келді. Павлодар облысының Май ауданында туған. Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Семей облысы Бесқарағай ауданындық атқару комитетінің хатшысы, Семей облыстық қазақ драма театрының, Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының, Қазақ академиялық драма театрының актеры болған. Осы театрлар сахнасында Бидахмет (І.Жансүгіров «Кек»), Арыстан, Есен (М.Әуезов «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек»), Әбіш (Б.Майлин «Шұға»), Ақан (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты»), Сырым (М.Әуезов «Қарагөз»), Айдар (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Махамбет (Ғ.Сланов «Махамбет»), Сапар (Т.Ахтанов «Сәуле»), Әлжанов (А.Жағанов «Беймаза әйел»), Дзержинский (А.Каплер «Ленин 1918 жылы»), Әпенде (Н.Хикмет «Әпенде»), Моцарт (А.Пушкин «Шағын трагедиялар»), Телегин (А.Чехов «Сүйікті менің апатайым») рөлдерін ойнаған. Ақындық өнермен айналысып, көптеген өлеңдер жазған. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. Актер киноға да түсіп, Рүстемов («Бұл Шұғылада болған еді»), Сапаров («Біз осында тұрамыз»), Баймағанбет («Шоқан Уәлиханов»), Профессор («Ұлан»), Ректор («Қосымша сауда»), Төле би («Жаушы») рөлдерін ойнаған.