Жаңалықтар

25-желтоқсан

Алаш қозғалысының даңқты қайраткері, Түркістанның, бүкіл Орталық Азияның ұлы күрескері Мұстафа Шоқайдың (1889-1941) туғанына 120 жыл. 1939 жылы  Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова дүниеге келді. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Рождество. Еуропада Рождество мерекесі Әулие Николаус күні, яғни желтоқсанның 6-да басталып, қаңтардың 6-да аяқталады. Еуропаның көптеген елдерінде бұл мереке - нағыз отбасылық мейрам болып саналады. Рождествоны тойлау екі-үш күнге созылады да дәстүрлі бірінші жұлдыз жанған сәтте кешкі асқа отырудан басталады. 2012 жылы Латын әліпбиінің жобасының таныстырылымы өтті. Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Кейбіреулер латын әліпбиіне көшуге келгенде техникалық, басқа да қиыншылықтарын айтып жатады. Бірақ латын әліпбиіне көшу – өркениетті таңдау мәселесі болып табылады.  2012 жылы ҮИИД бағдарламасы: 1012 жылы 162 жобаның тұсауы кесілді. Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір өтіп жатыр. Осы шара аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 10 жаңа жобаның тұсауы кесілуде. Н.Назарбаев 4G торабын іске қосты. Жалпы халықтық телекөпір барысында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Қазақтелеком» АҚ Алматы мен Астана қалаларындағы бөлімшелерінде LTE 4G жоғары жылдамдықты коммерциялық байланыс торабын іске қосты. 2006 жылы  Алматыда «Ахмет Жұбанов» атты деректі фильмнің премьерасы болды. Көріністің авторы - танымал режиссер Қалила Омаров. Фильмнің сценарийін музыкант Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызымен бірге жазған. Фильмде кейіпкердің танымал және белгісіз өмірінің көріністері пайдаланылған. А.Жұбановтың туған жері - Ақтөбе облысында және Алматыда, Астанада және Париждегі мерейтойлық шаралар өткен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде түсірілген. Мәскеу мұрағаттарынан материалдар пайдаланылған. Фильмде Жұбановтар әулетінің көптеген мүшелері және оның шөбересі, жас танымал дирижер Алан Бөрібаев та қатысқан.
27.08.2013 08:24 3505

Алаш қозғалысының даңқты қайраткері, Түркістанның, бүкіл Орталық Азияның ұлы күрескері Мұстафа Шоқайдың (1889-1941) туғанына 120 жыл.

1939 жылы  Халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова дүниеге келді.

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді.

Рождество. Еуропада Рождество мерекесі Әулие Николаус күні, яғни желтоқсанның 6-да басталып, қаңтардың 6-да аяқталады. Еуропаның көптеген елдерінде бұл мереке - нағыз отбасылық мейрам болып саналады. Рождествоны тойлау екі-үш күнге созылады да дәстүрлі бірінші жұлдыз жанған сәтте кешкі асқа отырудан басталады.

2012 жылы Латын әліпбиінің жобасының таныстырылымы өтті.

Елбасы биылғы Жолдауда айтқандай, латын әліпбиіне көшу – ұлт үшін қажетті мәселелердің бірі. Кейбіреулер латын әліпбиіне көшуге келгенде техникалық, басқа да қиыншылықтарын айтып жатады. Бірақ латын әліпбиіне көшу – өркениетті таңдау мәселесі болып табылады. 

2012 жылы ҮИИД бағдарламасы: 1012 жылы 162 жобаның тұсауы кесілді.

Астанада Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИДБ) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға берілген инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпы ұлттық телекөпір өтіп жатыр. Осы шара аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 10 жаңа жобаның тұсауы кесілуде.

Н.Назарбаев 4G торабын іске қосты. Жалпы халықтық телекөпір барысында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Қазақтелеком» АҚ Алматы мен Астана қалаларындағы бөлімшелерінде LTE 4G жоғары жылдамдықты коммерциялық байланыс торабын іске қосты.

2006 жылы  Алматыда «Ахмет Жұбанов» атты деректі фильмнің премьерасы болды. Көріністің авторы - танымал режиссер Қалила Омаров. Фильмнің сценарийін музыкант Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызымен бірге жазған. Фильмде кейіпкердің танымал және белгісіз өмірінің көріністері пайдаланылған. А.Жұбановтың туған жері - Ақтөбе облысында және Алматыда, Астанада және Париждегі мерейтойлық шаралар өткен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде түсірілген. Мәскеу мұрағаттарынан материалдар пайдаланылған. Фильмде Жұбановтар әулетінің көптеген мүшелері және оның шөбересі, жас танымал дирижер Алан Бөрібаев та қатысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға