23-желтоқсан
2010 жылы Қытайда роботтар қызмет көрсететін алғашқы мейрамхана ашылды. Ол елдің солтүстігіндегі Цзинань қаласында орналасқан. Механикалық официанттар қонақтарды әрдайым күлімдеп қарсы алады. Сонымен қатар, олар арнайы сенсордың көмегімен меймандарға табақты еш кедергісіз жеткізеді. Яғни, құлап-сүрінбейді, үстелдердің ортасынан түзу өтеді. Және 10 құлтемірдің ешқайсы дөрекі мінез көрсетпейді. Сондай-ақ күні-түні шаршамай жұмыс істегендіктен көпшіліктің ризашылығына бөленіп үлгерді. Айта кетсек, мұндай андроидтың бағасы шамамен 6 мың доллар
2010 жылы Испанияда ең үлкен лотерея ойыны басталды. Осыған орай, миллиондаған адам телеэкранның алдына жайғасты. Елдің бағын сынауға тігілген сыйлық қорының жалпы құны – 2 миллиард 300 миллион евро. Статистикалық мәліметке жүгінсек, халықтың 80 пайызы билет сатып алған. Сонымен қатар кезекте тұрғандар қаншама. Бір жағынан испандықтар үшін ұтысқа қатысу 2 ғасырдан бері бұзылмай келе жатқан рождестволық дәстүр.
2010 жылы Атырау қаласына соңғы жылдары қосылған Жұмыскер елді мекенінде 624 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. 2011-2012 жылдары тағы бірнеше мектеп салынса, алдағы 20 жылда облыс орталығында мектеп жетіспеушілігі болмауы мүмкін.
Жалпы құны 724 млн. теңге тұратын білім ордасы облыстың өз қаржысына тұрғызылды. Жаңа ғимарат екі спорт залмен, екі шеберхана, екі зертхана, екі кітапхана және 230 орындық асханамен жабдықталған. Қыз балалар өз қалауы бойынша аспаздық немесе киім тігу өнерімен шұғылданса, ер балаларға арналған алғашқы әскери дайындық, мылтық атып үйрену және еңбек шеберханалары қажетті құрал жабдықтармен толық жарақталған.
Қазақстан мен Қытай шекаралық Алтынкөл (ҚР) – Қорғас (ҚХР) жаңа темір жол өткелін іске қосты.
Швеция корольдігінің Ұлттық мейрамы - Швеция королевасы Сильвияның дүниеге келген күні. Королева Сильвия жұмысқа жарамсыз, мүгедектерге қол ұшын беру ісімен айналысып жүр. Ол - мүгедек балалар ойындары мен спорты саласын зерттеу ісін қолдайтын Король қайырымдылық қорының төрайымы. Мүгедек балаларды спортпен айналысуға жетелейтін швед, ағылшын, неміс және испан тілінде жарық көрген «Дегеніңе жет» атты кітаптың шығуына тікелей басшылық жасады және демеушісі болды.
Қазақстан Республикасы мен Швеция корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.
Жапонияның мемлекеттік мейрамы - Императордың туған күні. 74 жыл бұрын (1933) Жапонияның қазіргі, 125-ші императоры Акихито дүниеге келді. Оның туған күні өз елінде ұлттық мереке болып табылады. Акихито әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін 1989 жылғы қаңтардың 7-інде таққа отырды. Сол кезден бастап, жапондықтардың Хэйсэй деп аталатын жаңа жыл санау кезеңі басталды. Акихито 23 жыл ел басқару ісімен айналысып келеді.
Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-ында орнатылды.