Жаңалықтар

Таэквондошы Азамат Теңізбаев кепілдікпен босатылды

Ұлыбритания соты таэквондошы Азамат Теңізбаев кепілдікпен босатты, деп жазады alaman.kz спорт порталы. «Ұшақта отырған қызға қол тигізді» деп айыпталған Қазақстан таэквондо құрамасының мүшесі Азамат Теңізбаевқа қатысты сот отырысы өтті. Азамат Теңізбаев Мексикадан Әлем чемпионатынан келе жатып, ұшақ бортында келеңсіз жағдайға тап болған. Жанында отырған азаматшаға қол жүгіртті деген айыппен Қазақстанның үш дүркін чемпионын Лондон әуежайының полицейлері ұшақтан түсіріп алған. 14 адамнан тұратын таэквондо құрамасы Мехикодан Лондон арқылы Алматыға ұшып келу керек болатын. Анасының айтуынша, 11 сағаттық жолда Азамат үйықтап жатып, жанында отырған ағылшын азаматшасына қолы тиіп кеткен. Ағылшын қызы спортшының бұл қылығын ерсі көріп, полицейлерге шағымданып үлгерген. Лондон әуежайында ұшақ бортына полицейлер көтеріліп, Азаматты алып кеткен еді. Кеше, 23 тамызда Лондонда осы іске қатысты соты болды. - Сот шешімі қыркүйектің бесі күні белгілі болады, Сот отырысы сәтті аяқталған. Ұлым ақталып шығады деп ойлаймын, — деді оның әкесі Талғат Тілешов.
27.08.2013 07:07 3221

Ұлыбритания соты таэквондошы Азамат Теңізбаев кепілдікпен босатты, деп жазады alaman.kz спорт порталы.

«Ұшақта отырған қызға қол тигізді» деп айыпталған Қазақстан таэквондо құрамасының мүшесі Азамат Теңізбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

Азамат Теңізбаев Мексикадан Әлем чемпионатынан келе жатып, ұшақ бортында келеңсіз жағдайға тап болған. Жанында отырған азаматшаға қол жүгіртті деген айыппен Қазақстанның үш дүркін чемпионын Лондон әуежайының полицейлері ұшақтан түсіріп алған.

14 адамнан тұратын таэквондо құрамасы Мехикодан Лондон арқылы Алматыға ұшып келу керек болатын. Анасының айтуынша, 11 сағаттық жолда Азамат үйықтап жатып, жанында отырған ағылшын азаматшасына қолы тиіп кеткен.

Ағылшын қызы спортшының бұл қылығын ерсі көріп, полицейлерге шағымданып үлгерген. Лондон әуежайында ұшақ бортына полицейлер көтеріліп, Азаматты алып кеткен еді.

Кеше, 23 тамызда Лондонда осы іске қатысты соты болды.

- Сот шешімі қыркүйектің бесі күні белгілі болады, Сот отырысы сәтті аяқталған. Ұлым ақталып шығады деп ойлаймын, — деді оның әкесі Талғат Тілешов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға