Киносүйер қауым Бен Аффлектің Бэтменді сомдауына наразы
Олар Warner Brothers киностудиясына Бен Аффлектің атына шағым түсірді. Тіптен, Change.org. сайтында жарияланған арызды үш күн ішінде 50 мың адам қолдап үлгерген. Олардың айтуынша, Аффлек Бэтменнің кейпіне лайық емес. Оның Сорвиголова атты кейіпкерді ойнағанынан-ақ экшен фильмді қаншалықты жақын екендігін аңғару қиын емес екендігін алға тартуда.
"Біз Аффлектің еңбегін бағалаймыз. Тек оның бұл рөлге лайық еместігін ғана айтқымыз келеді. Әртіс бізді дұрыс түсінсе екен" дейді арызданушылар.
Кинокомпания тарапынан әзірге жауап келген жоқ. Бұған дейін Warner Brothers-тың президенті Грэг Сильверман "Бұл рөлге қарапайым актер керек болғандықтан, таңдауымыз Бен Аффлекке түсті" деген еді.
Естеріңізде болса, Аффлекке дейін Бэтменді Майкл Китон, Вэл Килмер, Джордж Клуни және Кристиан Бейл сомдады. "Бэтмен-Супермен" деген атауға ие жаңа туынды 2015 жылдың жазында көрерменіне жол тартады деп күтілуде.