Жаңалықтар

Күніне үш шыныаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді тісжегіден қорғайсыз

Күніне үш шыныаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді түрлі аурулардан қорғай аласыз. Себебі, қара шай  стрептококка және лактобактерия деп аталатын дертке шалдықтыратын екі  түрлі бактерия мен тісжегіден қорғайды дейді ғалымдар. Тіс дәрігерлері бұл бактериялар қызыл иекті зақымдайды деп отыр. Алайда, зерттеу тобының жетекшісі доктор Кэрри Ракстон күнделікті ішетін шай көлемі 3-4 кеседен аспауы тиіс екендігін алға тартты. Бір қызығы, қара шайға қант қоссаңыз да, ол бактерияларды жоятын қасиетінен айрылмайды. Сондай-ақ, көк шай да осындай қабілетке ие. Әрі ауыздан шығатын жағымсыз иістердің алдын алады. Флавоноид және катехин секілді антиоксиданттардан тұратын сусын микробқа қарсы күресудің бірден-бір құралы.  Британ тағамтану қорының журналында жариялаған мақаласына доктор Ракстон шай ішу тістің түсуінен сақтайды деп отыр. wellnessprohealth.com Мақпал ЖҰМАШОВА
27.08.2013 06:38 3458

Күніне үш шыныаяқ шай ішсеңіз, тісіңізді түрлі аурулардан қорғай аласыз. Себебі, қара шай  стрептококка және лактобактерия деп аталатын дертке шалдықтыратын екі  түрлі бактерия мен тісжегіден қорғайды дейді ғалымдар.

Тіс дәрігерлері бұл бактериялар қызыл иекті зақымдайды деп отыр. Алайда, зерттеу тобының жетекшісі доктор Кэрри Ракстон күнделікті ішетін шай көлемі 3-4 кеседен аспауы тиіс екендігін алға тартты.

Бір қызығы, қара шайға қант қоссаңыз да, ол бактерияларды жоятын қасиетінен айрылмайды. Сондай-ақ, көк шай да осындай қабілетке ие. Әрі ауыздан шығатын жағымсыз иістердің алдын алады.

Флавоноид және катехин секілді антиоксиданттардан тұратын сусын микробқа қарсы күресудің бірден-бір құралы.  Британ тағамтану қорының журналында жариялаған мақаласына доктор Ракстон шай ішу тістің түсуінен сақтайды деп отыр.

wellnessprohealth.com

Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға