Индонезия мұсылмандары «Әлем аруы» байқауымен күресіп әлек
Оның айтуынша, батыстың жөн-жоралғысына құрылған бұл байқау әйел табиғатына әрі адамгершілікке жат. Индонезия халқына берер пайдасы жоқ.
«Әйел тәнін жалаңаштап көрсетуге дінімізде тыйым салынған», - деді Индонезиялық үлемдер кеңесінің жоғары лауазымды өкілі Мұхитдин Жүнаиди. Бұл жайында австралиялық The Daily Telegraph хабар таратты. «Біз айтқандай болмаған күннің өзінде бағын сынауға келгендер етпен ет боп жабысып тұратын киімдер киіп, тәнін көрсетеді», - деді сөзін толықтырып.
Мұсылмандардың жетекшілері ел тұрғындарын осынау шараға мән бермеуге шақырды.
Белгілі болғандай, «Әлем аруы» байқауы келесі айда курортты Бали аралында өтеді. Ал ақтық сыны Богорда болады.
Бір айта кетерлігі, Индонезия тұрғындары діни құндылықтарға мейлінше абай болуға тырысады. Мәселен, 2012 жылы ашық-шашық киініп келгені үшін LadyGaga әншісінің концерті өтпей қалған болатын.