Жаңалықтар

18-желтоқсан

Халықаралық көші-қон күні. ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы желтоқсанның 18-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы желтоқсанның 19-ында барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды. Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. 1992 жылы  Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы жарық көрді. 2000 жылы  Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы жарық көрді. 2003 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 2008 жылы  Қарағандыда танымал ғалым, Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын көп жылдары бойы басқарған Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіш екінші оқу корпусының ғимаратында орнатылған, мұнда Ә.Сағынов отыз жылдан астам уақыт оқытушы қызметінде жұмыс атқарды. 2007 жылы  Павлодар облысының Шарбақты ауданы өз сайтын ашты. Фотосуреттермен иллюстрацияланған www.sharbakty.kz сайтындағы веб-парақшаларда ауданның өмірі, оның экономикасы мен мәдениеті туралы баян етіледі. Аудандық әкімдіктің жұмысы, атқарушы билік қабылдап жатқан шешімдер мен даму бағдарламалары туралы да мәліметтер орналастырылған. Сайт Шарбақты ауданында орын алатын оқиғалар туралы материалдармен толтырылып отырылатын болады.
26.08.2013 12:51 5428

Халықаралық көші-қон күні. ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы желтоқсанның 18-інде БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы желтоқсанның 19-ында барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды.

1992 жылы  Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы жарық көрді.

2000 жылы  Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы жарық көрді.

2003 жылы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

2008 жылы  Қарағандыда танымал ғалым, Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын көп жылдары бойы басқарған Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіш екінші оқу корпусының ғимаратында орнатылған, мұнда Ә.Сағынов отыз жылдан астам уақыт оқытушы қызметінде жұмыс атқарды.

2007 жылы  Павлодар облысының Шарбақты ауданы өз сайтын ашты. Фотосуреттермен иллюстрацияланған www.sharbakty.kz сайтындағы веб-парақшаларда ауданның өмірі, оның экономикасы мен мәдениеті туралы баян етіледі. Аудандық әкімдіктің жұмысы, атқарушы билік қабылдап жатқан шешімдер мен даму бағдарламалары туралы да мәліметтер орналастырылған. Сайт Шарбақты ауданында орын алатын оқиғалар туралы материалдармен толтырылып отырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға