Жаңалықтар

17-желтоқсан

2010 жылы Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсiмi өтті. Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні. 1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. 1919 жылы  Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Ол қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады. Өзінің алғашқы нөмірінен-ақ басылым қазақ халқын халықаралық және еліміздің ішкі жағдайларының аса маңызды оқиғаларымен таныстырып отырды. Сол кезден бері газет атын сегіз рет өзгертті. Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады. «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада. 1986 жылы тарихта «Желтоқсан оқиғасымен» белгілі. Жастардың орталық алаңға жаппай көтеріліске шығу себебі - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаевты орнынан алып, оның орнына қазақ тілінен, тарихынан, әдет-ғұрпы мен мәдениетінен еш хабары жоқ, ешқашан Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбинді тағайындауы еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің алдына жиналған жастар Пленумның бұл шешіміне наразылық білдіріп, оны өзгертуді сұрады. Ал, республика басшылығы жастармен келісім жүргізудің орнына оларға қарсы қатал әскери күш қолданып, аяусыз жаныштады. Ал, барлық БАҚ арқылы оларды нашақорлар мен алқаштар, бұзақылар етіп көрсетті. Алайда, алаңға шыққан жастар арасында бірде-бір есірткі құмар болмаған. Тек 1990 жылы ғана бұл оқиға ұлттық сипат алды. 1986 жылы алаңға шығып, бас бостандығынан айырылған жазықсыз жастардың бәрі дерлік ақталды.
26.08.2013 12:50 5153

2010 жылы Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсiмi өтті.

Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні. 1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

1919 жылы  Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Ол қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады. Өзінің алғашқы нөмірінен-ақ басылым қазақ халқын халықаралық және еліміздің ішкі жағдайларының аса маңызды оқиғаларымен таныстырып отырды. Сол кезден бері газет атын сегіз рет өзгертті.

Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден бастап-ақ жұмыс істеді: алғашқы кезде газетте қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.

«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. Әрине, уақыт өткен сайын республикада заман талабына сай және күшті болуы мүмкін қазақ тілді жаңа газеттер пайда болды, бірақ «Егемен Қазақстан» әрдайым тұрақты жариялануы мен объективтілігімен ерекшеленеді.

86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда орналасты, ең алдымен Орынборда, Қызылордада, содан кейін Алматыда, ал қазір тарихы газеттің сарғайған беттерінде сақтаулы тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы – Астанада.

1986 жылы тарихта «Желтоқсан оқиғасымен» белгілі. Жастардың орталық алаңға жаппай көтеріліске шығу себебі - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаевты орнынан алып, оның орнына қазақ тілінен, тарихынан, әдет-ғұрпы мен мәдениетінен еш хабары жоқ, ешқашан Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбинді тағайындауы еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің алдына жиналған жастар Пленумның бұл шешіміне наразылық білдіріп, оны өзгертуді сұрады. Ал, республика басшылығы жастармен келісім жүргізудің орнына оларға қарсы қатал әскери күш қолданып, аяусыз жаныштады. Ал, барлық БАҚ арқылы оларды нашақорлар мен алқаштар, бұзақылар етіп көрсетті. Алайда, алаңға шыққан жастар арасында бірде-бір есірткі құмар болмаған. Тек 1990 жылы ғана бұл оқиға ұлттық сипат алды. 1986 жылы алаңға шығып, бас бостандығынан айырылған жазықсыз жастардың бәрі дерлік ақталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға