16-желтоқсан
Қазақстан Республикасы — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі. Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан (орыс. Казахстан немесе Республика Казахстан) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
2013 жылдың ортасына елдегі тұрғындар саны - 17 010 000 адам [5], бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Бахрейн мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Бахрейн, яғни екі теңіз корольдігі Катар мен Сауд Арабиясы аралдарының арасындағы Парсы бұғазының оңтүстік жағын ала орналасқан, 33 аралдан тұратын мемлекет. Тәуелсіздік алғанға дейінгі 100 жылдықта Ұлыбританияның отары болды. Мемлекет басшысы - әмір. XVIII ғасырдың соңынан бастап Бахрейнді Әл-Халифа әулеті басқарып келеді. Негізгі пайда көзі - мұнай.
Қазақстан Республикасы мен Бахрейн арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 28-інде орнатылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз резиденциясында ЕуроОдақ Комиссиясының (КЕС) Қазақстандағы тұрақты өкілі Роберт Кремердің сенім грамотасын қабылдады. Елбасы Алматыда ЕуроОдақ өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың дамып, еуропалық серіктестермен сауда-саттық, іскерлік қатынастардың жолға қойылуына едәуір көмек көрсетеді деп атап өтті.
2006 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында өткен ғасырдың қырқыншы жылдары жұмыс атқарған «Қазақ халқын құтқару ұйымы» («Союз спасения казахского народа») атты жастар ұйымын құрушылардың аты жазылған ескерткіш тақта ашылды. Қозғалыстың 14 белсенді жастарының аты жазылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында туыстары мен жақындары қатысты. Одақтың басқарушысы Ғұбайдолла Әнесов 1941 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген, қалған қатысушылары ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Жалпақтал көшелерінің біріне Ғ.Әнесовтың аты берілді.