Жаңалықтар

13-желтоқсан

Мальта, Республика күні. Мальта Республикасы — Жерорта теңізіндегі Мальта топаралында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 390 мың адам (2000). Негізінен мальталықтар (90%) тұрады. Астанасы — Валлетта қаласы. Ресми тілдері — мальта, ағылшын тілдері. Британ Достастығының құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі — мальта лирасы. 1913  жылы  Орынборда Алаш аутономиясы жарияланды. 1922  жылы  Америкада төбесі ашық автомобиль патенттелді. Вильям Киссель мен Фридрих Вернердің өнертабысы жабық көліктердің саяхатқа шығуға арналуына ықпал етті. 1991 — бір топ адам Алматы орталық мешітіне басып кіріп, Рәтбек қажыға шабуыл жасады.  Алашорда күні. 1917 жылы 13 желтоқсанда Алаш Орда үкіметі жарияланған. Содан бері 94 жыл өтті. Алаш қозғалысы, біреулер айтып жүргендей тек 1917 жылы пайда болған нәрсе емес. Ол – Ресей империясындағы қазақтың саяси-демократиялық қозғалы­сы­ның жалпы атауы. Ғалымдар арасын­да мұның басталуы туралы қилы пікір бар. Бірі 1902-1903 жылғы хрис­тиан­ды­руға қарсы қозғалыстан, екіншісі 1905 жыл­ғы Қарқаралы петициясынан, үшін­шісі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен бас­тау­ды ұсынады. Біздіңше, оның тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен баста­ла­ды. Мұны кешенді түрде қарау қажет. Ре­сейлік түрлі саяси партияда болған Алаш қайраткерлерінің қызметін де атал­ған қозғалыстан бөлек қарай алмай­мыз. 1917 жылы Алаш партиясының құ­рылуы мен Алаш Орданың жариялануы бұл қозғалысты рәсімдеді. 2004 жылы  Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6-шы тамызда теміржолдың 100-жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдалануда болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған. 2009 жылы Таразда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін теннис корттары ашылды.  Кешен төрт ашық және екі жабық теннис алаңдарынан тұрады. Корттарды салуда итальяндық «Хард» фирмасының жабындары пайдаланылды. Жабық корттарды словакиялық «Дуол» фирмасы жасады.
26.08.2013 12:41 3309

Мальта, Республика күні. Мальта Республикасы — Жерорта теңізіндегі Мальта топаралында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 390 мың адам (2000). Негізінен мальталықтар (90%) тұрады. Астанасы — Валлетта қаласы. Ресми тілдері — мальта, ағылшын тілдері. Британ Достастығының құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі — мальта лирасы.

1913  жылы  Орынборда Алаш аутономиясы жарияланды.

1922  жылы  Америкада төбесі ашық автомобиль патенттелді. Вильям Киссель мен Фридрих Вернердің өнертабысы жабық көліктердің саяхатқа шығуға арналуына ықпал етті.

1991 — бір топ адам Алматы орталық мешітіне басып кіріп, Рәтбек қажыға шабуыл жасады.

 Алашорда күні. 1917 жылы 13 желтоқсанда Алаш Орда үкіметі жарияланған. Содан бері 94 жыл өтті. Алаш қозғалысы, біреулер айтып жүргендей тек 1917 жылы пайда болған нәрсе емес. ОлРесей империясындағы қазақтың саяси-демократиялық қозғалы­сы­ның жалпы атауы. Ғалымдар арасын­да мұның басталуы туралы қилы пікір бар. Бірі 1902-1903 жылғы хрис­тиан­ды­руға қарсы қозғалыстан, екіншісі 1905 жыл­ғы Қарқаралы петициясынан, үшін­шісі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен бас­тау­ды ұсынады. Біздіңше, оның тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен баста­ла­ды. Мұны кешенді түрде қарау қажет. Ре­сейлік түрлі саяси партияда болған Алаш қайраткерлерінің қызметін де атал­ған қозғалыстан бөлек қарай алмай­мыз. 1917 жылы Алаш партиясының құ­рылуы мен Алаш Орданың жариялануы бұл қозғалысты рәсімдеді.

2004 жылы  Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6-шы тамызда теміржолдың 100-жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдалануда болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған.

2009 жылы Таразда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін теннис корттары ашылды.  Кешен төрт ашық және екі жабық теннис алаңдарынан тұрады. Корттарды салуда итальяндық «Хард» фирмасының жабындары пайдаланылды. Жабық корттарды словакиялық «Дуол» фирмасы жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға