Жаңалықтар

12-желтоқсан

 Кения, Тәуелсіздік күні. Кения (Kenya), Кения Республикасы (Republіc of Kenya) – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км². Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика. Ресей, Конституция күні. 1901  жылы  батыста радионы ойлап тапқан өнертапқыш ретінде танымал итальяндық физик Гульельмо Маркони алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиодабыл беруді жүзеге асырды. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті "1986 жылы 17-18 желтоқсанында болған оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы" Жарлыққа қол қойды. 1991  жылы  Қазақстанның кеден қызметі құрылды. Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Шыңғыс Айтматовтың туған күні. Шыңғыс Айтматовтың 1952 жылы «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі жарық көрді. 1956 жылы "Аспалы көпір", 1957 жылы "Бетпе-бет" сынды шығармалары жарияланды. 1958 жылы жазылған "Жәмила" әңгімесі жазушының атын шығарды. Әдебиетке Шыңғыс Айтматовтай дарын иесінің келіп қосылғанынан хабардар болған оқырман қыр қырғызының қаламынан енді не туар екен деп бағып жүретін болды. 1960 жылы "Шынарым менің, шырайлым менің", 1962 жылы "Алғашқы ұстаз", 1963 жылы  "Құс жолы" мен "Ана-Жер ана" , 1967 жылы  "Қош бол, Гүлсары", 1970 жылы "Ертегіден соң", 1975 жылы "Ерте қайтқан тырналар", 1980 жылы "Боранды Бекет", 1986 жылы "Жан пида" сынды шығармалары бірінен соң бірі баспа бетін көріп жатты.  Шыңғыс Айтматовтың бірсыпыра шығармасы бойынша жасалған сахналық нұсқалары ("Ана-жер ана", "Шынарым менің, шырайлым менің", "Боранды Бекет"), қазақ драматургі Қ. Мұхамеджановпен бірігіп жазған "Көктөбедегі кездесу" пьесасы Қазақстанның республикалық және облыстық театрлары сахнасынан берік орын алды. 1998 жылы Мұхтар Шаханов екеуі бірігіп жазған "Сократты еске алу түні немесе миғула терісі үстімдегі сот" пьесасы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.
26.08.2013 12:40 4149

 Кения, Тәуелсіздік күні. Кения (Kenya), Кения Республикасы (Republіc of Kenya) – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км². Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика.

Ресей, Конституция күні.

1901  жылы  батыста радионы ойлап тапқан өнертапқыш ретінде танымал итальяндық физик Гульельмо Маркони алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиодабыл беруді жүзеге асырды.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті "1986 жылы 17-18 желтоқсанында болған оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы" Жарлыққа қол қойды.

1991  жылы  Қазақстанның кеден қызметі құрылды. Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Шыңғыс Айтматовтың туған күні. Шыңғыс Айтматовтың 1952 жылы «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі жарық көрді. 1956 жылы "Аспалы көпір", 1957 жылы "Бетпе-бет" сынды шығармалары жарияланды. 1958 жылы жазылған "Жәмила" әңгімесі жазушының атын шығарды. Әдебиетке Шыңғыс Айтматовтай дарын иесінің келіп қосылғанынан хабардар болған оқырман қыр қырғызының қаламынан енді не туар екен деп бағып жүретін болды. 1960 жылы "Шынарым менің, шырайлым менің", 1962 жылы "Алғашқы ұстаз", 1963 жылы  "Құс жолы" мен "Ана-Жер ана" , 1967 жылы  "Қош бол, Гүлсары", 1970 жылы "Ертегіден соң", 1975 жылы "Ерте қайтқан тырналар", 1980 жылы "Боранды Бекет", 1986 жылы "Жан пида" сынды шығармалары бірінен соң бірі баспа бетін көріп жатты. 

Шыңғыс Айтматовтың бірсыпыра шығармасы бойынша жасалған сахналық нұсқалары ("Ана-жер ана", "Шынарым менің, шырайлым менің", "Боранды Бекет"), қазақ драматургі Қ. Мұхамеджановпен бірігіп жазған "Көктөбедегі кездесу" пьесасы Қазақстанның республикалық және облыстық театрлары сахнасынан берік орын алды. 1998 жылы Мұхтар Шаханов екеуі бірігіп жазған "Сократты еске алу түні немесе миғула терісі үстімдегі сот" пьесасы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға