11-желтоқсан
1992 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның алғашқы Әнұранының мәтіні бекітілді.
Демікпенің бүкілдүниежүзілік күні.
Халықаралық тау күні. 2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.
1941 жылы Құрама Штаттар Германия мен Италияға соғыс жариялады.
2012 жылдың М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры Ә.Қ. Ботабековтың академиядағы барлық факультеттердің және көлік колледжінің студенттерімен жыл сайынғы кездесуі өтті.
Кездесуге проректорлар, факультет декандары, көлік колледжінің директоры, кафедра меңгерушілері, кураторлар және қатысты бөлім басшылары қатысты.
Демікпенің дүниежүзілік күні. Кеңірдек демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі проблемалардың бірі болып саналатын демікпе ауруының себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау.
Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.
Халықаралық танго күні.
Танго (испанша "tango") – еркін композициялы, екпінділігімен және ширақ ритмімен ерекшеленетін, жұппен биленетін Аргентинаның ұлттық биі.
Тангоның алғаш танымал болып, қанат жайған жері – Аргентина. Кейіннен күллі әлем танитын, сүйсіне билейтін аса танымал биге айналып шыға келді.
Жалпы, «танго» сөзі 1890 жылдары кеңінен қолданыла бастады. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.
Бүгінгі мерекенің басты себепкері - Аргентинаға Франциядан келген иммигрант Карлос Гардель. Жас күнінен бастап тангомен "ауырған" Карлостың есімін осы бидің арқасында ел таныды. Еуропаға келген ол Париж қаласында тангоны салтанатты түрде таныстырды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінін бекіту туралы қаулысы жарық көрді.
2006 жылғы қаңтардың 6-ында Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны болып бүкіл қазақстандықтардың ұлттық қазынасына айналған, жалпы халық мойындаған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні бекітілді. Сондай-ақ, әнұранның мәтіні бойынша белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне бірқатар өзгерістер енгізілген Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынған нұсқасы қабылданды. Сондықтан да заң жобасы бойынша, жаңа әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар - Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев болып табылды.