Жаңалықтар

9-желтоқсан

Танзанияның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Танзания Федерациясы 1964 жылы Занзибар мен Танганьика мемлекеттерінен құрылды. Танганьика тәуелсіздігін 1961 жылы желтоқсанның 9-ында, ал, Занзибар 1963 жылғы желтоқсанның 10-ында алған болатын. 1965 жылғы қаңтардың 12-інде екі ел бірігіп, Біріккен Танзания Республикасын құрды. Танзанияның уақытша конституциясында (1965 жылы қабылданған) екі елдің толық теңдігі қарастырылған. Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы қарашаның 1-інде Бас Ассамблея қабылдаған Коррупцияға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат оған қол қойған мемлекеттерге пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауды міндеттейді. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды. 2011 жылы Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы,  облыс әкімі, «Игілік» корпоративтік қоры арасында қабылданған  үшжақты Меморандум аясында 2011 жылы әлеуметтік маңызы бар жобалар орындаушы ҮЕҰ-дың есебіне байланысты қоғамдық тыңдау өткізді.        Қоғамдық тыңдауғаҮЕҰ-дар жетекшілері, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жанындығы сараптамалық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері қатысты. Дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы күн. 1948 жылы  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жауапқа тарту туралы 1951 жылғы қаңтардың 12-інде күшіне енген халықаралық конвенцияға қол қойды. 1956 жылы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов дүниеге келді. Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген (1979), география және биология пәндерінің мұғалімі. 1981-1991 жылдар аралығында КОКП мүшесі. Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991). ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты (ЛКЖО). 1973-1974 жылдары - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы. 1979 жылдан - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі. 1979 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1986 жылдан - ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бөлімдерінің меңгерушісі, хатшысы. 1989 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.
26.08.2013 12:40 3302

Танзанияның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні.
Танзания Федерациясы 1964 жылы Занзибар мен Танганьика мемлекеттерінен құрылды. Танганьика тәуелсіздігін 1961 жылы желтоқсанның 9-ында, ал, Занзибар 1963 жылғы желтоқсанның 10-ында алған болатын. 1965 жылғы қаңтардың 12-інде екі ел бірігіп, Біріккен Танзания Республикасын құрды. Танзанияның уақытша конституциясында (1965 жылы қабылданған) екі елдің толық теңдігі қарастырылған.

Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы қарашаның 1-інде Бас Ассамблея қабылдаған Коррупцияға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат оған қол қойған мемлекеттерге пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауды міндеттейді. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

2011 жылы Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы,  облыс әкімі, «Игілік» корпоративтік қоры арасында қабылданған  үшжақты Меморандум аясында 2011 жылы әлеуметтік маңызы бар жобалар орындаушы ҮЕҰ-дың есебіне байланысты қоғамдық тыңдау өткізді. 
      Қоғамдық тыңдауғаҮЕҰ-дар жетекшілері, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жанындығы сараптамалық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік жемқорлыққа қарсы күн.

1948 жылы  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жауапқа тарту туралы 1951 жылғы қаңтардың 12-інде күшіне енген халықаралық конвенцияға қол қойды.

1956 жылы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов дүниеге келді.
Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген (1979), география және биология пәндерінің мұғалімі. 1981-1991 жылдар аралығында КОКП мүшесі. Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991). ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты (ЛКЖО).
1973-1974 жылдары - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы. 1979 жылдан - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі. 1979 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1986 жылдан - ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бөлімдерінің меңгерушісі, хатшысы. 1989 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға