Жаңалықтар

6-желтоқсан

Испания, Конституция күні. Испания (Espaṅa), Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы. Финляндия, Тәуелсіздік күні. Ең алғаш Финляндия мемлекетінің тәуелсіздігін Кеңес Үкіметі таныған болатын. Сол кезден бастап, бұл оқиға Финляндия Республикасының ең басты мерекесі ретінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды. «Мәдениет» күні. Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. ҚР прокуратурасының құрылған күні. Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 1939 жылы Әбіш Кекілбаевтың дүниеге келген. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
26.08.2013 12:40 3649

Испания, Конституция күні. Испания (Espaṅa), Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы.

Финляндия, Тәуелсіздік күні. Ең алғаш Финляндия мемлекетінің тәуелсіздігін Кеңес Үкіметі таныған болатын. Сол кезден бастап, бұл оқиға Финляндия Республикасының ең басты мерекесі ретінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды.

«Мәдениет» күні. Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс.

ҚР прокуратурасының құрылған күні. Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

1939 жылы Әбіш Кекілбаевтың дүниеге келген. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға