4-желтоқсан
Үнді әскери-теңіз флотының күні. 1971 жылғы үнді-пәкістан соғысы кезінде әскери-теңіз флоты Карачи портының (Пәкістан порты) аумағында бомбалауда маңызды рөл атқарған күні атап өтіледі.
Информатика күні. 1948 жылғы желтоқсанның 4-де КСРО-ның Министрлер одағының Мемлекеттік комитеті И.С.Брук және Б.И.Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасын халықтық шаруашылығына енгізіп, 10475 рет санымен тіркеді. Бұл Ресей Федерациясының есептеуіш техникасының дамуына қатысты алғашқы ресми түрде тіркелген құжат. Бұл күн ресей информатикасының туған күні деп айтылуға толық құқығы бар.
2012 жылы Қазақстанда электровоз құрастыру зауыты іске қосылды. Зауытты ашу аясында ҚР Президентіне отандық өндірістің KZ8A алғашқы жүк электровозы көрсетілді.
Электровоздар теміржол тасымалының қуатты және сонымен қоса экологиялық таза локомотив қызметі қажеттілігін қанағаттандырады. Жоғары өнімділігімен қатар, жаңа машина пайдалану кезінде ең аз экологиялық жүктеме бере отырып, «жасыл» экономика талаптарын толығымен қанағаттандырады. Бүгінгі күні бұл 9 мың тоннаға дейін жүк тартуға қабілетті әлемдегі ең қуатты локомотив, бұл ҚР-да тасымалданатын көмір, мұнай өнімдері және т.б. сияқты ауыр салмақты жүктердің сипаттамасы есебімен өте маңызды болып табылады. Электровоз -50-ден +50-ге дейінгі температурадағы төтенше ауа райы жағдайында жұмыс жасай алады. Локомотив машинистке қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, жылы еден, аяққа арналған тіреуіш жәнежылытылатын ыңғайлы орындықпен жабдықталған үлкен кабина есебінен ұзақ жолға қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы – 20 жұлдызды күн» шеңберіндегі «4 желтоқсан - Сергектік» бойынша жастар ұйымдары арасында волейболдан «Мен спортты таңдаймын!» атты акциясы өткізілді.
2012 жылы Астанада жаңа электрлі локомотивтер зауыты ашылды. Зауыттың ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының Президенті Асқар Мамин, «Трансмашхолдинг» компаниясының Президенті Андрей Бокарев, «Альстом» компаниясының Президенті Патрик Крон, жоба әріптесі «Альстом Транспорт» компаниясының Президенті Анри Пупар-Лафарж, және Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырзаның қатысуымен өтті.
Алдағы уақытта зауыт елдегі қатаң климатқа қарсы тұра алатын арнайы техникалық мүмкіншіліктерінің арқасында Қазақстан ішіндегі адам және тауар тасымалын жүсеге асыра алатын электрлі локомотивтердің едәуір санын жасап шығарады деп жоспарлануда. Келісімнің жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларына тең. Альстом компаниясы Астанадағы зауытына 50 миллион евро инвестицияны құйып үлгерді.