Жаңалықтар

3-желтоқсан

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін мүгедектер күні деп жариялады. Кез-келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды. БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар.  2008 жылы Қарағандыда Алаштың ардақтысы, талантты жазушы Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды. 2009 жылы Ресейдің халықаралық ақпарат агенттігінде «Ресей бизнесінің шет елдегі мәселелері: PacSun американдық компаниясы ресейлік дизайнер Кира Пластининамен соттасуда» тақырыбында баспасөз-конференциясы болып өтті. Кездесуге Кира Пластинина мен оның қорғаушысы Павел Астахов та қатысты. Журналистермен кездесуге себеп болған — американдық соттың тікелей дизайнері әрі құрушысы болған Кира Пластининаның аттас Kira Plastinina маркісін АҚШ аумағында пайдалануға тыйым салуы. Көбінесе ақылға сыймайтын әрі қатаң болған шараға әкеп соққан дауды американдық PacSun (Pacific SunWear of California Inc) компаниясы берген, ол Kira Plastinina маркісі атауында өзінің Kirra брендіне бәсекелесті көрген. 2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» Халықаралық қоғамы арасындағы SOS балалар қалашығын құру жөніндегі Шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.   2009 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуға және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың басқа да қосымша шараларын белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және денсаулық сақтауды бірыңғай басқару жүйесінің тиімді және ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға, оны қаржыландыруды жетілдіруге және жалпы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
26.08.2013 12:39 5586

Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін мүгедектер күні деп жариялады. Кез-келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні - осы бір тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына желеу болуға мүмкіндік жасайды.

БҰҰ мәліметтері бойынша ғаламшар тұрғындарының әр 10-ыншысының яғни 600 миллионының мүмкіндігі шектеулі. Олардың 490 мыңға жуығы - қазақстандықтар.

 2008 жылы Қарағандыда Алаштың ардақтысы, талантты жазушы Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды.

2009 жылы Ресейдің халықаралық ақпарат агенттігінде «Ресей бизнесінің шет елдегі мәселелері: PacSun американдық компаниясы ресейлік дизайнер Кира Пластининамен соттасуда» тақырыбында баспасөз-конференциясы болып өтті.

Кездесуге Кира Пластинина мен оның қорғаушысы Павел Астахов та қатысты. Журналистермен кездесуге себеп болған — американдық соттың тікелей дизайнері әрі құрушысы болған Кира Пластининаның аттас Kira Plastinina маркісін АҚШ аумағында пайдалануға тыйым салуы.

Көбінесе ақылға сыймайтын әрі қатаң болған шараға әкеп соққан дауды американдық PacSun (Pacific SunWear of California Inc) компаниясы берген, ол Kira Plastinina маркісі атауында өзінің Kirra брендіне бәсекелесті көрген.

2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» Халықаралық қоғамы арасындағы SOS балалар қалашығын құру жөніндегі Шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.

 

2009 жылы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуға және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың басқа да қосымша шараларын белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және денсаулық сақтауды бірыңғай басқару жүйесінің тиімді және ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға, оны қаржыландыруды жетілдіруге және жалпы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға