2-желтоқсан
БҰҰ, Құлдыққа қарсы Халықаралық күрес күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Лаос, Тәуелсіздік күні. Лаос, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы – 236,8 мың км². Астанасы – Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5,5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т.б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi – лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%). Ақша бiрлiгi – кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент. Лаос халқы, негiзiнен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Басты дақылы – күрiш. Экспортқа ағаш, тоқыма бұйымдарын, кофе, гипс, қалайы шығарады. Сырттан азық-түлiк, ауыр машина жасау өнiмдерiн, өнеркәсiптiк отын алады. Ұлттық жалпы өнiмнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негiзгi сауда серiктестерi – Жапония, Қытай, Тайланд, Италия, Франция және Германия.
1971 жылы Автоматтандырылған планетаралық Марс-3 станциясынан төменге түсетін аппарат бөлініп шықты. Сол күннен бастап, Марстан Жерге бейнедабыл жіберу басталды. Осылайша, Марстың атмосферасы мен үстіңгі қабатын зерттеу 8 айға дейін созылды.
1945 жылы АҚШ-та алғашқы ядролық реактор пайда болды.
1901 жылы АҚШ-та қауіпсіз «Жилетт» ұстарасы шықты.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мейрамы - БАӘ құрылған күн. 1971 жылғы желтоқсанның 2-інде жеті жеке әмірліктерден құрылған жаңа мемлекет қалыптасты. Біріккен Араб Әмірліктеріне кіретін әр әмірліктің өз үкіметі мен оған бағынышты әкімшілік органдары бар. Мемлекет басшысы - Президент.
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 1-інде орнатылды.