Жаңалықтар

Қазақстан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автошеруіне қатысады

Ресей Федерациясы жолшыларының үкіметаралық кеңесінің және Қазақстан жолшылар қауымдастықтары бірігіп ұйымдастыратын автошеру  ағымдағы жылдың 27 тамызында Беларусь Республикасының Брест қаласынан басталады. Автошеру үш елдің: Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің аумағымен жүріп өтеді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен. Үш елдің көлік мекемелерінің өкілдері, жол саласының қызметкерлері және журналистерден құралған топ (барлығы 50 адам) 5500 шақырым қашықтықты құрайтын бағытты жүріп өтеді. Автошеру барысында көлік дәлізінің жағдайы туралы ақпарат жинау, көлік жүргізушілері кезігіп отырған басты проблемалармен танысу, автомобиль жолының құрылысы мен оны күтіп ұстау бойынша өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ жол бойында  қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.   Делегация Қазақстанға 1 қыркүйек күні келеді. «Батыс Еуропа - Батыс Қазақстан» магистралінің қазақстандық учаскесінің бойымен толық, атап айтқанда Ақтөбеден бастап Қорғасқа (Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің шекарасы) дейінгі аралықты жүріп өтеді. Сондай-ақ, шеруге  қатысушылар құрылыс алаңдарында, жол зертханаларының жұмысымен танысып қана қоймай, Оңтүстік Қазақстан өңірінде  орналасқан Қожа Ахмет Иассауи мавзолейінде, Қарахан баба мен Тектұрмас  кесенелерінде  болады. «Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» магистралін қайта салу Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  бастамасымен 2009 жылы қолға алынды.  Батыс пен Шығысты жалғаған сауда магистралі - «Ұлы Жібек жолын»  бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртуды Елбасы өзі ұсынған еді. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдар қабылданып, жобаны  жүзеге асыру  туралы келісімге қол  жеткізілді. Бұл жоба Қазақстан үшін еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстігі мен батыс өңірлерінің  бір-бірімен сенімді көлік байланысын орнатуы үшін де  тартымды. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі  бұл - Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа жолы. Бұл қашықтықты аталған көлік дәлізімен жүріп өтуге  10 күн кетеді, ал темір жол арқылы жүріп өтуге 15 күн жұмсалатын болса, теңіз арқылы аталған қашықтықты жүріп өтуге бір жарым ай  уақыт (45 күн)  кетеді. ҚазАқпарат.
26.08.2013 08:32 3495

Ресей Федерациясы жолшыларының үкіметаралық кеңесінің және Қазақстан жолшылар қауымдастықтары бірігіп ұйымдастыратын автошеру  ағымдағы жылдың 27 тамызында Беларусь Республикасының Брест қаласынан басталады. Автошеру үш елдің: Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің аумағымен жүріп өтеді, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Үш елдің көлік мекемелерінің өкілдері, жол саласының қызметкерлері және журналистерден құралған топ (барлығы 50 адам) 5500 шақырым қашықтықты құрайтын бағытты жүріп өтеді.

Автошеру барысында көлік дәлізінің жағдайы туралы ақпарат жинау, көлік жүргізушілері кезігіп отырған басты проблемалармен танысу, автомобиль жолының құрылысы мен оны күтіп ұстау бойынша өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ жол бойында  қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.  

Делегация Қазақстанға 1 қыркүйек күні келеді. «Батыс Еуропа - Батыс Қазақстан» магистралінің қазақстандық учаскесінің бойымен толық, атап айтқанда Ақтөбеден бастап Қорғасқа (Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің шекарасы) дейінгі аралықты жүріп өтеді. Сондай-ақ, шеруге  қатысушылар құрылыс алаңдарында, жол зертханаларының жұмысымен танысып қана қоймай, Оңтүстік Қазақстан өңірінде  орналасқан Қожа Ахмет Иассауи мавзолейінде, Қарахан баба мен Тектұрмас  кесенелерінде  болады.

«Батыс  Еуропа - Батыс Қытай» магистралін қайта салу Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  бастамасымен 2009 жылы қолға алынды.  Батыс пен Шығысты жалғаған сауда магистралі - «Ұлы Жібек жолын»  бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртуды Елбасы өзі ұсынған еді. Нәтижесінде көрші мемлекеттермен бірқатар меморандумдар қабылданып, жобаны  жүзеге асыру  туралы келісімге қол  жеткізілді.

Бұл жоба Қазақстан үшін еліміздің транзиттік әлеуетін іске асырумен қатар республикамыздың оңтүстігі мен батыс өңірлерінің  бір-бірімен сенімді көлік байланысын орнатуы үшін де  тартымды.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі  бұл - Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа жолы. Бұл қашықтықты аталған көлік дәлізімен жүріп өтуге  10 күн кетеді, ал темір жол арқылы жүріп өтуге 15 күн жұмсалатын болса, теңіз арқылы аталған қашықтықты жүріп өтуге бір жарым ай  уақыт (45 күн)  кетеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға