Жаңалықтар

Астанада Конституция күнiне орай халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтпек

Астанада 29-30 тамыз күндерi ҚР Конституциясы күнiне орай iрi халықаралық ұйымдардың және әлемнiң 19 мемлекетiнен келген қонақтардың қатысуымен «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негiзгi стратегиясы» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өтедi. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «1995 жылдың 30 тамызында жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша елiмiзде Ата Заңымыз – ҚР Конституциясы қабылданған болатын. Биыл бiз елiмiздiң Конституциясының 18 жылдығын атап өтемiз. Осы уақыт аралығында Ата Заңымыз мемлекетiмiздiң iргетасын, қоғамымыздың зайырлы және демократиялық қағидаттарын, мемлекеттiң құқықтық және әлеуметтiк негiзi мен жоғары құндылығын, адам өмiрiн, құқығын және еркiндiгiн нығайтып келедi»,- деп тоқталды ресми өкiл. Алтай Әбибуллаев 30 тамыз күні елiмiзде мемлекеттiк мереке және демалыс күнi болып жарияланғанын еске салып өттi. «29-30 тамыз күндерi ҚР Конституциясы күнiне орай Астанада БҰҰ, Еуропа кеңесi, Еуроодақ, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы, Венециан комиссиясы және әлемнiң 19 мемлекетiнен келген қонақтардың қатысуымен ҚР астанасында «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негiзгi стратегиясы» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтетiнiн атап өткiм келедi»,- деп түйiндедi ол. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
26.08.2013 08:15 2623

Астанада 29-30 тамыз күндерi ҚР Конституциясы күнiне орай iрi халықаралық ұйымдардың және әлемнiң 19 мемлекетiнен келген қонақтардың қатысуымен «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негiзгi стратегиясы» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өтедi. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«1995 жылдың 30 тамызында жалпыұлттық референдумның қорытындысы бойынша елiмiзде Ата Заңымыз – ҚР Конституциясы қабылданған болатын. Биыл бiз елiмiздiң Конституциясының 18 жылдығын атап өтемiз. Осы уақыт аралығында Ата Заңымыз мемлекетiмiздiң iргетасын, қоғамымыздың зайырлы және демократиялық қағидаттарын, мемлекеттiң құқықтық және әлеуметтiк негiзi мен жоғары құндылығын, адам өмiрiн, құқығын және еркiндiгiн нығайтып келедi»,- деп тоқталды ресми өкiл.

Алтай Әбибуллаев 30 тамыз күні елiмiзде мемлекеттiк мереке және демалыс күнi болып жарияланғанын еске салып өттi.

«29-30 тамыз күндерi ҚР Конституциясы күнiне орай Астанада БҰҰ, Еуропа кеңесi, Еуроодақ, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы, Венециан комиссиясы және әлемнiң 19 мемлекетiнен келген қонақтардың қатысуымен ҚР астанасында «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негiзгi стратегиясы» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтетiнiн атап өткiм келедi»,- деп түйiндедi ол.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға