Жаңалықтар

Лисаков «Ақылды қалаға» айналмақ

Лисоков «Ақылды қалаға» айналмақ. Бұл туралы Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Қаланың коммуналдық қызмет көліктеріне GPS навигация жүйесін орната отырып, «Ақылды ТКШ» бағыты бойынша «Ақылды қала» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Олар қала тазалығымен айналысатын «Уста +» ЖШС-ның 11 көлігіне және «Лисаковқалалықкоммунэнерго» ӨШБ көліктеріне орнатылмақ», - деп атап өтті ол.  Сонымен қатар, әкімнің айтуыша, «Ақылды мектеп» бағыты бойынша жаңа оқу маусымы басталысымен қанатқақты жоба ретінде осы жүйені оқу орындарында ауа райына сәйкес жылу беру мөлшерін автоматты түрде реттеп отыру үшін пайдалану көзделген.  «Бейнебақылау, өткізу, сабақ беру барысын бақылау және мониторингтеу: температура мен ылғалдылығы. Бұл әдіс коммуналдық қызметтерге жұмсалатын бюджет шығынын қысқартып, қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді», - деді М.Жүндібаев.  
26.08.2013 06:33 4451

Лисоков «Ақылды қалаға» айналмақ. Бұл туралы Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қаланың коммуналдық қызмет көліктеріне GPS навигация жүйесін орната отырып, «Ақылды ТКШ» бағыты бойынша «Ақылды қала» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Олар қала тазалығымен айналысатын «Уста +» ЖШС-ның 11 көлігіне және «Лисаковқалалықкоммунэнерго» ӨШБ көліктеріне орнатылмақ», - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар, әкімнің айтуыша, «Ақылды мектеп» бағыты бойынша жаңа оқу маусымы басталысымен қанатқақты жоба ретінде осы жүйені оқу орындарында ауа райына сәйкес жылу беру мөлшерін автоматты түрде реттеп отыру үшін пайдалану көзделген. 

«Бейнебақылау, өткізу, сабақ беру барысын бақылау және мониторингтеу: температура мен ылғалдылығы. Бұл әдіс коммуналдық қызметтерге жұмсалатын бюджет шығынын қысқартып, қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді», - деді М.Жүндібаев.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға