Жаңалықтар

27-қазан

Түрікменстан, Тәуелсіздік күні. Түрікменстан (түрікм. Türkmenistan) — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр. Халқының саны 6 млн адамға жуық. Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа армяндар, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады. Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.   ент-Винсент және Гренадиннің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1979). Сент-Винсент және Гренадин - Кариб теңізіндегі аралдарда орналасқан мемлекет.. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. Сент-Винсент және Гренадина — Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына жататын Сент-Винсент аралы мен Гренадина аралдар тобының солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 389 км². Халқы — 115 мың адам (2000). Астанасы — Кингстаун қаласы. Халқының 33%-ы қара нәсілдер, 19%-ы мулаттар, қалғандары еуропалықтар мен үндістер. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ұлыбритания Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Дүниежүзілік аудиокөру мұрасының күні. ЮНЕСКО Бас конференциясының 33 сессиясында осы ұйымға мүше-мемлекеттер 27 қазанды Дүниежүзілік аудиокөру мұрасының күні деп шешім қабылдады. Бұл «экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың, білім берудің, ғылыми ілімнің және түрлі ұлттар мен қоғамдастықтардың мәдениеттері алуандығы ілгерілгенінің, сондай-ақ табиғат пен бүкіл жер-жаханның дамығанының» дәлелі болып табылады деп атап көрсетілді. 2009 жылы  Братислав қаласында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Словакия Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжат бойынша тараптар қылмыстық құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға, құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрес және қылмыстық іс-әрекеттен түскен кірістерді заңдастыру саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады.
26.08.2013 05:09 3532

Түрікменстан, Тәуелсіздік күні. Түрікменстан (түрікм. Türkmenistan) — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.

Халқының саны 6 млн адамға жуық.

Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа армяндар, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады.

Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.

 

ент-Винсент және Гренадиннің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1979). Сент-Винсент және Гренадин - Кариб теңізіндегі аралдарда орналасқан мемлекет.. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары. Сент-Винсент және ГренадинаКариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына жататын Сент-Винсент аралы мен Гренадина аралдар тобының солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 389 км². Халқы — 115 мың адам (2000). Астанасы — Кингстаун қаласы. Халқының 33%-ы қара нәсілдер, 19%-ы мулаттар, қалғандары еуропалықтар мен үндістер. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ұлыбритания Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады.

Дүниежүзілік аудиокөру мұрасының күні. ЮНЕСКО Бас конференциясының 33 сессиясында осы ұйымға мүше-мемлекеттер 27 қазанды Дүниежүзілік аудиокөру мұрасының күні деп шешім қабылдады. Бұл «экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың, білім берудің, ғылыми ілімнің және түрлі ұлттар мен қоғамдастықтардың мәдениеттері алуандығы ілгерілгенінің, сондай-ақ табиғат пен бүкіл жер-жаханның дамығанының» дәлелі болып табылады деп атап көрсетілді.

2009 жылы  Братислав қаласында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Словакия Республикасының Бас прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат бойынша тараптар қылмыстық құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыруға, құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен күрес және қылмыстық іс-әрекеттен түскен кірістерді заңдастыру саласында өзара құқықтық көмек көрсететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға