26-қазан
1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді. Нұртас Оңдасынов (1904—1989 жж.) — қоғам қайраткері, тілші-ғалым. Ол кісі заманның ауыр кезеңінде 13 жыл бойы Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болды. Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елде жүріп жатқан сауатсыздықты жоюды қолға алып, оны сәтті аяқтайды. Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды.
Науру, Ангам күні. Науру, Науру Республикасы – Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі Науру аралында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 21 км². Халқы – 11 мыңнан астам адам (2004). Тұрғындарының 60%-ға жуығын наурулар, қалған бөлігін қытайлар, еуропалықтар мен Тынық мұхиттың басқа аралдарынан шыққан халықтар құрайды. Ресми тілі – науру, ағылшын тілдері. Діни сенімі бойынша басым көпшілігі (60%-ы) христиан-протестанттар, қалғандары католиктер. 1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді.
2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапарының аясында бірқатар екіжақты келісімге қол қойылды.
Қасиетті Құрбан айт күні. Құрбан — араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «ұдһия» деп аталады. Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Мына кең байтақ ғаламды жаратқан құдіретті Аллаһ жер бетіндегі саналы пенделерін бекерге жаратпаған. Олардың қоғам құрып, дұрыс өмір сүруі үшін тура жол көрсетіп дін жіберген.
Қасиетті кітабы Құранда «Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым» (Зариат сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні — Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау.
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады.
Құрбан айт — мұсылмандардың ұлық мерекесі. Ол күні Аллаһ разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Дүйім мұсылман баласы пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, Аллаһ жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады.
Австрия Республикасының Ұлттық мейрамы - тұрақты бейтарап саясаты жарияланған күні (1955). Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 19-да орнатылды.